Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
|
Құжат СМЖ 3 дәрежелі
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-16-02.1.09/03-2013
|
«Өлке тарихын мектепте оқыту әдістемесі» Оқу- әдістемелік кешені
5В011400 -«тарих»
мамандығына арналған
|
Редакция №1
|
«Өлке тарихын мектепте оқыту әдістемесі»
5В011400 «тарих» мамандығы үшін
СЕМЕЙ -2015
ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
5В011400 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тарих» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор
З. Қ. Мұқатаева.
«______» __________ 2015 ж.
2 ҚАРАЛДЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тарих» кафедрасының отырысында
Хаттама №______ «__»________ 2015 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова
2.2 ЭҚГҒ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
Хаттама №______ «__»________ 2015 жыл
ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева
3 БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №______ «__»________ 2013 жыл
ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № «___» ____ 201_ ж. баспа ОРНЫНА)
Мазмұны :
1. Қолдану аясы
|
|
2. Нормативтік сілтемелер
|
|
3.Жалпы ереже
|
|
4.Оқу пәнінің мазмұны
|
|
5.Студенттердің өздік жұмыстары тақырыптарының тізімі
|
|
6.Пән бойынша оқу-әдістемелік картасы
|
|
7.Оқу-әдістемелік әдебиеттердің қамтамасыз етілу картасы
|
|
8. Әдебиеттер
|
|
1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ
«Өлке тарихын мектепте оқыту әдістемесі» пәні әлемдік діндердің пайда болуы және тарихи процестермен байланыса отырып дамуын оқытады. Сонымен қатар, дінді ұстанатын қоғамның, бірлестіктердің өміріндегі алатын рөлін анықтау жатады. Қазіргі замандағы проблемаларға деген әлемдік діндердің әсері және дінге деген актуальді және саналы ой тұжырымдарының қалыптасуын қарастыру.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені келесі құжаттардың ұсынымдарымен және талаптарына сәйкес берілген пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін белгілейді және жасайды :
- ҚР МЖМБС 3.08. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты және «Өлке тарихын мектепте оқыту әдістемесі» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
- СТУ 042- РГКП-СГУ -8-2007 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенін жасау және ресімдеудің жалпы талабы» университет стандарты
- ДП 042- 08.10.10.12-2007 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны» құжатталған процедура
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Курс |
Сем
естр
|
Кре
дит
|
Дә
ріс
|
Семи
нар
|
СО
ӨЖ
|
СӨЖ
|
Бар-
лығы
|
Бақылау форма
сы
|
4
|
1
|
2
|
15
|
15
|
15
|
45
|
90
|
емтихан
|
3.1 Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Өлкетану кещенді ғылым болып табылады. Ол кешенге табиғаттану, әдебиет тарихи жөнінде, өнер, ғылым және т.б. мәліметтер біріктіріледі. Бұл мәліметтердің барлығы бір өлкеге қатысты топтастырылады. Өзінің типі жағынан территориялық сипаты жағынан жинақталған мәліметтер өлкетануға барлығынан бұрын географияға жақын. Дегенменде география ғылымында жекелеген адамдарға, ғылым, әдебиет пен өнер тарихына үлкен мән беріп, мағынасын ашуға талпыныс жасалмайды. Тарихи өлкетану туған өлкеміздің өткенін және қазіргі кезеңін- яғни ауылдың, шағын қаланың, көшенің, завод пен фабриканың, оқу орнының және т.б. тіпті тұрғылықты жердегі жекелеген адамдардың да қызметі зерттей алады.
ШҚО-ның тарихы мен салт дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, өткенге құрметпен қарау, тарихи мұраның сақталуына жауапкершілікті қалыптастыру. Тарихи танымның әдістнамалық кешенін кеңейту болып табылады
Өлкетану курсын оқытудағы өзектімәселелерді қарастырып және түсіну.
3.2 Пәнді оқытудың мақсаты: студенттердің аталмыш аймақтың социомәдени құндылықтар мен дәстүрлерді қолданушы және жасаушы, осы құндылықтарды сақтаушы және ұрпаққа жалғастырушы лайықты тұлға ретінде қалыптастыу мен тарихи танымның әдістнамалық кешенін кеңейту болып табылады.
3.3 Пәнді оқыту міндеттері:
Шығыс Қазақстанның кешегі тарихымен, өлке тарихында өзіндік қолтаңбасын қалтырған тұлғалар туралы түсінік қалыптастыру;
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық, саяси және географиялық жағдайын,оның тарихы мен археологиясы. Қазіргі кездегі жағдайы мен дамуына деген қызығушылығын тудыру;
Шығыс Қазақстан облысында мекендейтін халықтардың мәдениеті, адами құндылықтары мен әлеуметтік тәжірибесін оқушыларды таныстыру;
Отансүйгіштікке, азаматтылық жауапкершілікке, ШҚО-ның тарихы мен салт дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, өткенге құрметпен қарау, тарихи мұраның сақталуына жауапкершілікті қалыптастыру;
Қазіргі жағдайға бейімделген, өзінің туған ауылы, қаласында, ауданында, өлкесінде тұруға даяр, қарқынды өзгермелі қоғамда аймақтың өзіне тән экономикалық және социомәдени ортасында өзін-өзі көрсетіп, жетілдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу;
Әр түрлі сипаттағы тарихи деректер: заң актілері, статистика материалдары, іс қағаз құжаттары, мемуарлар, ауызша әңгімелер, әдеби шығармалар, мерзімді баспа материалдары, фотоқұжаттар, сәулет ғимараттарын зертету арқылы өлке тарихын зерттеуге оқушыларды тарту.
3.4 Курс аяқталған соң студент: Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық, саяси және географиялық жағдайын, оның тарихы мен археологиясы. Қазіргі кездегі жағдайы мен дамуын барлық діндердің негізін, олардың дәстүрін, пайда болу тарихын, эволюциясын, дамуерекшелітерін саралай алатын болуы керек.
3.5 Пәннің пререквизиттері: Курс теориялық біліммен қатар практикалық іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, студенттердің өлке тарихына қатысты деректерін нақты танып, оқу танымдық қызметін жандандыру, тәжірибелік икемдіктерін дамыту, Өлке тарих сабағында алынған білімдерін арттыру және бекіту, айналадағы социумға деген құндылықтарды қалыптастыру, материалдарды сіңіруге, негізгі тарихи ұғымдарды, интеллектуалды икемділікті және дағдыны қалыптастыруға көмектеседі,олардың ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімделуіне де баса назар аударады.
3. 7 Оқу жоспарынан көшірме
Кесте 1
Курс |
Сем
естр
|
Кре
дит
|
Дә
ріс
|
Семи
нар
|
СО
ӨЖ
|
СӨЖ
|
Бар-
лығы
|
Бақылау форма
сы
|
4
|
7
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
емтихан
|
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ БОЙЫНША)
Кесте -2
№
|
Тақырып аты
|
Барлық сағат
|
Дәріс
|
Семинар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1.
|
Сабақтың мақсат және міндеттері. Шығыс Қазақстан - менің кіші Отаным.
|
1
|
1
|
2
|
5
|
2
|
Кіші Отанның тарихын сақтаушылар Тақырыпты оқытудың әдістемесі
|
1
|
1
|
2
|
5
|
3
|
Шығыс Қазақстандағы ежелгі көшпенділер. Тақырыптың оқыту әдістемесі
|
1
|
1
|
2
|
5
|
4
|
Шығыс Қазақстанның ерте және дамыған орта ғасырлардағы саяси тарихы Тақырыпты оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
2
|
5
|
5
|
Кейінгі орта ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның саяси тарихы
Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.
|
1
|
1
|
2
|
5
|
6
|
Ертіс қамалдар шебінің салынуыТақырыпты оқутыдың әдістемесі.
|
1
|
1
|
2
|
5
|
7
|
Шығыс Қазақстан Ресей империясының әкімшілік-территория лық жүйесіндеТақырыпты оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
2
|
5
|
8
|
Шығыс Қазақстандағы ХІХ ғ. екінші жартысындағы кәсіп пен қолөнер
Тақырыпты оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
2
|
5
|
9
|
ХХ ғасыр басындағы өлкедегі қоғамдық саяси-экономикалық өмірі Тақырыпты оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
1
|
4
|
10
|
Семей облысы азаматтық қарсыластық жылдарында Тақырыпты оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
1
|
4
|
11
|
20-40-шы жылдардағы Шығыс Қазақстан. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
1
|
4
|
12
|
Біздің жерлестеріміз Ұлы Отан соғысы майдандарында және тыл еңбеккерлерінің ерлігі. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
1
|
4
|
13
|
XX ғасырдың 50-80-ші жылдарындағы өлке экономикасы мен білім беру және ғылым. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
1
|
4
|
14
|
Тәуелсіздік жылдарындағы өлкенің қоғамдық-саяси өмірі мен экономикалық дамуы.Тақырыпты оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
1
|
4
|
15.
|
Облыстағы тәуелсіздік жылдарындағы мәдениеттің дамуы Тақырыпты оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
1,5
|
4,5
|
Глоссарий
Археология – «архос – көне», логос – ілім» деген мағынаны береді. Бұл көне ғылым емес, ықылым замандарды зерттейтін пән.
Анторпометрия – адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерістерін өлшейтін ғылым саласы.
Алғашқы қауымдық мәдениет – тарихи мәдениет топологиясы бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі архайкалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүкіндігін туғызды.
Архаикалық мәдениет- грекше «ежелгі» деген мағынаны береді. Адамдар қалыптасқан кезден бастап өркениеттілікке дейінгі ежелгі мәдениет саласында кең мағынада қолданылып келген жалпы сипаттамасы. Осы мәдениет туралы зерттеген Э.Тайлордың «Алғашқы қауымдық мәдениет» еңбегі жарық көрді.
Археология мұражайы - Қазақстаннан жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме. Тарих, археология, этнология жанынан 1513 жылдан бастап ашылған. Мақсаты – Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамынынң ежелгі дәуірлерден бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму жолын заттай деректер арқылы көрсету.
Архетип – грекше « архе - бастау», «логос – ілім» деген мағынаны береді. Алғашқы үлгі, түп нұсқа. Архетип жалпылаудың рәмізділіктің негізіне шығыс жасампаз қиялдан нәр алатын бастауына жатады.
Антрибуция – «латынша антрибитио – иелену». Бүркеншек атпен қол қойылған және анолизмдік ғылым. Көркем шығыстық автордың жасалу мерзімін, мекен орнын анықтау.
Антрибуция – мұражай ғылымының бір саласы болып табылады.
Антропогенез – адамзат қоғамының пайда болуынан бастап, күрделі қоғамдық ұжымға дейінгі дамуы.
Бұқаралық мәдениет – «ағылшынша маскултуре -бұқаралық мәдениет» деген мағынаны береді. XX ғасырдың басында батыс елдерге тән. Бұқаралық мәдениет ұғымында қазіргі өркениеттегі оның бұқаралық бітіміне ауысу. Бұқаралық ақпарат құралдарының жан – жақты дамуы. Бұқаралық мәдениет адам тіршілігіндегі жалғыздық пен көпшілік , руханилық пен пендешілік, сезім мен парасат сияқты түбегейлік парадигмаларды шешуге бағытталған.
Ветеринизация – «ағылшынша уестерн – батыстық» деген мағына береді. Батыстық мәдениет үлгілерін қабылдау, басқа мәдениеттің батыстандырылуы және батыстық донор мәдениеттен рецепиенттік ретіндегі жеке құндалықтарды қабылдауы. Ветеринизация деп Америка, Африка құрылықтарындағыдай батыстық мәдени формалардың күштеп енгізілуі. Ветеринизация тек батыс техникасы мен өндіріс тоқымаларын қабылдап қана қоймай, өркениетке тән құндылықтарды енгізумен анықталады. Бұл белгілер бойынша Жапония, Оңтүстік Корея, Шығыс Еуропалық мемлекеттерінде айқын байқалуда.
Весицология – тулар, жалау туралы ғылым.
Геральдика – елтаңбалар мен рәміздер туралы ғылым саласы.
Геронтократия – грекше «билік» деген мағынаны береді. Билікті ақсақалдар жүргізетін мемлекеттік басқару үрдісі. ХХ ғасырдың басында ағылшын этнографы Риверс енгізді. Саясаттанушылардың пікірі бойынша: «Жасы ұлғайған басшылардың саясаттығы көп жағдайда жалпақ, тың, әліптің артын бағушылық тән» болып есептеледі
Деректану ғылымы – ауызша, жазбаша жәдігерлер, кино – фото құжаттарын құрумен, талдаумен, жүйелеумен айналысатын ғылым.
Деректану – тарихи деректер олардың өлшеуін зерттейтін және қолданылатын теориясы. Тарихшылардың теориялық, методологиялық және арнаулы даярлығы қаматамасыз етілетін ғылым.
Деректі түсіндіру – баяндалатын нақты оқиға, фактілерді анықтау, мәтіндегі тура және аспарлы сөздерге, метафораларға түсіндірме жасау.
Дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға, өзінің ақыл – сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Басты белгісі – адамның ақыл – ойы, сана – сезімі мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Дін - әлемді байланыстыратын күллі Алланың бар екеніне сену.
Деректі талдау – деректі түп нұсқамен дәлдігін анықтау.
Ескерткіш- елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Негізінен археологиялық, тарихи, сәулет өнері мен мәдениеттік өнері болып бөлінеді. 2. Ұлы тұлғаларды, қала қайраткерлерді тарихи оқиғалады еске алу үшін орнатылған мүсіндік туынды
Ел – көне түркі тіліндегі «халық» сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Дәстүрлі қоғамдағы көшпелі шаруашылық қарым – қатынасының дамыған кезеңдеріндегі халық атауы қуымдастық деңгейден бастап ел деген жалпы атауға ие болды.
Ереже – қазақ халқының дәстүрлі құқығының қайнар көзі. Нормативті құқықтың қағидалары.
Жылнама – оқиғалардың болған жылы, күні бойынша баяндайтын аса маңызды жазба деректер жиынтығы. Қарапайым, күрделі сипат алатын қазақстан тарихына байланысты жылнамалар парсы – түрік тілдерінде жазылды. «Шайбани - наме», «Тарихи – и – Рашиди», «Шежіре – и – Түрк» жылнамаларын мысалға алуға болады.
Лингвистика – тілдер туралы ғылым. Тарихшы лингвистикасының қолдауына жүгінеді, себебі кез келген халықтың тарихы оның тілімен байланысты. О.Сүлейменовтың пікірінше: «Тілдер тарихи ілімдердің қоймасы іспетті. Ешқандай идеологиялық әсерге бой алдырмаған ең көне, әрі обьективті көзқарастар болып табылады.
Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым. Мәдениет жеке пән ретінде 19 ғасырдан қалыптасты. Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениет сапалық ерекшеліктеріне, олардың өзара байланыстары мен сабақтастығын адам дамуының жалпы заңдылықтары.
Мәдениеттілік – адамның тұлғалық қасиеттері әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндеседі. Мәдениеттану жөніндегі өзарар қарым – қатынастар кемел адам ұғымы мен үндестік тауып, адами, кісілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Мәдени археологтар - мәдени түпнұсқалар, адам, табиғат және қоғамдағы орны жөніндегі түскен рәміздер, қазіргі мәдениеттің нормалық құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адам әрекеттеріне жалпы мән беретін баптық құндылық бағдарлар.
Мемлекет – белгілі аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың дамуына мүмкіндік беретін қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқару түрінің жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі; Саяси бірлік ұйымы; Шаруашылық мәселелерін ұйымдастыру, алым – салық жүйесін реттеу, адамдардың құқықтық жағдайын бөлу, қорғанысты қамтамасыз ету қызметтерін атқарады.
Матриархат – қоғамдық дәуірде аналық биліктің жоғарғы дәрежеде болуы.
Нумизматика – металл ақшаларды зерттейтін ғылым.
Неке – тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан, қоғамға негізделетін және реттейтін, ерлі – зайыптылардың отбасыдағы құқықтарымен міндеттерін белгілейтін рәсім. Ер азамат пен бойжеткен, ер мен әйел арасындағы жұбайылық өмір.
Қауымдастық – бірлестік, одақ. Ортақ шаруашылық мақсатқа ғылыми – саяси мәдениеттерге, мақсаттарға жету үшін ұйымдардың немесе тұлғалардың негізінде бірігуі. Қауымдастық өз атынан шарт жасасу, банк несиелерін пайдалану құқығына ие болып табылады.
Палеография – жазу – сызу, жазбалар, хат – хабармен байланыстының бәрін зерттейтін ғылым.
Полезоология – ертеде болған хандарды, олардан қалған ғылыми құжаттарды зерттеумен айналысатын ғылым.
Социогенез – материалдық өркениеттің өркендеуіне жеткізген ұқсату технологиясының және еңбек құралдарының дамуы
Социология - әлеуметтік жүйелер дамуының заңдылықтары мен жүйелер дамуының және қоғамдық феномендер мен процестердің өзара әрекеттестігін, байланыстылығын зерттейтін ғылымдық сала.Терминді ғылымға француз философы О.Конт енгізді.
Сфрагистика – патшалардың аты – жөні, құжаттардың пайда болған уақытын тиянақтауға көмектеседі. Олардың ақиқаттылыған дәлелдейді. Құжаттарға бас мөртаңбалар бойынша жалғандықтан сақтап, оларды анықтайды.
Қолданбалы дерек – тарихтың жеке салаларына, кезеңдеріне, тарауларына байланысты қолданылатын дерек.
Отбасы – шағын мемлекет. Өзіндік қоғамнан дара, жер көлемі бар, мәдениеті бар мемлекетке қосатын үлесі мол шағын топ.
Тарихнама – белгілі бір проблемаға арналған еңбектер жиынтығы.2. тарих пен оның мағынасы. 3. тарихи оқиғалар мен құбылыстардың бейнелеу сатысы.
Тарих – адамзат өткенін зерттейтін ғылым. Ол өткенді және бүгінгі фактілерге сүйенеді. Қоғамның дамуына байланысты тарих ғылымында әр түрлі көзқарастар қолданылады. Қазақстанның қайта тәуелсіздік алуымен тарих қайта жазылды.
Техногенез – адамның маймыл формасынан қазіргі адам формасына қалыптауына дейінгі морфологиялық дамуы.
Тарихи дерек – адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін оны тануға ғылыми негіз болатын қоғам өмірінің сан алуан қырлары.
Шежіре – халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы.Шежіренің көп томдық жинағы Ресей, Германия, Англия, Франция сияқты шығыс елдерінде сақталған.
Өркениет - қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Қазақ өркениеті ұғымы ежелгі өркениеттерден бастау алып, далалық түрін империялық қазақ хандығы тұсында қалыптасқан.
Ұлыс – мекен, аймақ, әкімшілік. Көне түркі атауы 6 ғасырдан бастап қолданысқа енген. Ұлы мекен, қала мағынасында қолданылған. Сібірде мекендеген буряттар мен қалмақтардан рулық бірлестіктегі әкімшілік ұлыс деп аталады. Ұлысты билік басындағы сарқыншақтар басқарады.
Уезд - әкімшілік аумақтағы бөлініс. Ресейде 1937 жылдан бастап қолданылған. Уезд қала мен оған байланысты болыстардан тұрды. 1867 – 1868 жылғы реформаға сәйкес облыс уезге уезд болыстарғы бөлінген. КСРО – да уездер 1923 – 1929 жаңа әкімшілік терреториялық бөліктердің пайда болуына байланысты жойылған.
Этнография -әр халықтың өзінше тұрмыс – салтын, әдет – ғұрпын зерттейтін ғылым.
Фольклор – ауызша шығарылған халық творчествасы үлгілерінің жалпы атауы. Затаевичтің музыка фольклорын мысал ретінде алуға болады.
Урбандалу – латынша «қала» деген мағынаны береді. Қалалар саны мен оның тұрғындарының үлес салмағының өсуі, қалалар желісі мен жүйесінің қалыптасуын, олардың маңыздарының артуы мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуы.
Лекция сабақтарының тақырыптары.
Тақырып 1. Пән және курс мақсаттары. «Кіші Отан»
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Пән және курс мақсаттары. Әкімшілік-территориялық және климаттық ерекшеліктерін анықтау
«Кіші Отан» анықтамасы
Шығыс Қазақстан облысы: әкімшілік-территориялық құрылымы.
Шығыс Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктері.
«Кіші Отан». Сіздер сонау бүлдіршін кездеріңізден-ақ бұлақ суындай таза, алмастай берік, анаңдай мейірімді Отан деген ерекше сөзді естіп келесіз. Біз оны Отан дейміз, себебі ондағының бәрі біздің жанымызға жақын. Біз оны ата жұрт дейміз, өйткені мұнда біздің ата-бабамыз, әкелеріміз туып, өмір сүрген. Біз оны ана жұрты дейміз. Себебі ол бізге қажетті нәрді де, суды да береді, барлық қиындақтардан сақтайды және дұшпандардан нағыз анаша қорғайды.
«Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дейді қазақ мақалы. Отаныңа деген ыстық сезім, өзіңді онымен бір екеніңді сезіну бізді нағыз адам жасайды. Біз үшін бірден-бір үлкен отанымыз – Қазақстан. Біз «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп мақтанышпен айтамыз.
Біздер Отан деген сөзді айтқанда, әркімнің есіне, өзіне ерекше ыстық, бастарынан небір қилы тағдырды кешсе де, жақсы болашақтарына деген сенім мен үміттерін үзбеген, өмірге құштар, тіршілікке қолайлы ахуалды қалыптастыратын қалалар мен ауыл-село тұрғындары түседі. Бұл туған, өскен, мектепке баратын көшең, аулаң мен үйің, ауылың немесе қалаң, шексіз дала немесе өзің жақсы көретін ағаштары бар орман, ағып жатқан өзен. Дүниедегі ең жақын, ең қымбатты осының бәрі сендердікі. Сендердің терең тамырларың осында. Отан осы жерден басталады. Дүниеде кіші Отаннан жақын ештеңе жоқ. Ол туғаннан бізбен бірге, ол бізге ата-бабаларымыздан берілген.
«Менің ауылым – менің тірегім, менің отаным... Менің повестерімнің, әңгімелерімнің желісі туған жер туралы естеліктерге, жас кезімдегі болған оқиғаларға толы. Менің жерлестерім қазақтар – сом сыйпатты, жүректері ашық әділ жандар. Олар ата-бабалары таңдап алған кеңістікте, сол жерге сиқырланғандай өмір сүруде. Туған жерлеріне берілген менің жерлестерім – талапкер, еңбек сүйгіш, қажырлы және адал адамдар» деп жерлесіміз, біртуар жазушы Оралхан Бөкейев жазған еді.
Жылдар өтеді. Балалық пен жасөспірім шақта сәйгүліктей шауып өте шығады. Сендер көптеген елдер мен қалаларда боласыңдар, олар қанша әсерлі және қызықты болса да, естеріңде және жан-дүниеңде қалатыны туған жер. Тағдыр түрлі жақтарға алып кетсе де, бәрібір сендер бүкіл жан-дүниелеріңмен кіші Отанға асығасыңдар. Өздеріңнің жерлестеріңнің, өз өлкелеріңнің үлкен жетістіктері туралы естігендеріңде, «Мен Шығыс Қазақстанның тумасымын» деген сөзді мақтанышпен айтасыңдар.
2. Шығыс Қазақстан облысы: әкімшілік-территориялық құрылымы. Батыста Каспий теңізі мен Еділдің сағасынан Шығыста Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал таулары мен Батыс-Сібір жазығынан оңтүстікте Орта Азияның шөлдері мен Тянь-Шанның құдіретті шыңдарына дейінгі аралықта кең және еркін жайылып Қазақстан жатыр.
Қазақстанның шығысында Еуразия материгінің ортасында Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Оның 276,9 мың шаршы шақырымға тең болатын территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 600, ал батыстан шығысқа қарай 800 шақырымға созылып, Қазақстан территориясының 1/10 алып жатыр. Аумағы бойынша бұл Қазақстанның ең үлкен бөлігі емес. Бірақта, осы аумаққа прибалтиканың үш елі де сыйып кетер еді. Облыс еліміздің Павлодар, Қарағанды облыстарымен, Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, Алтай Республикасымен және Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданымен шектеседі.
Біздің ата-бабаларымызға осы жерлерге қоныстануға, игеруге, дұшпандардан қорғауға және бүгінгі ұрпаққа мұраға қалдырып кетуге көптеген ғасырлар қажет болды. Өткен ұрпақтың тағдыр-талайына небір қиындықтар мен қуанышты сәттер жазылған десеңізші. Біздің халқымыздың ақындық мұрасында Шығыс Қазақстан жерінің сұлу табиғатын жырға қосқан жерлер де аз кездеспейді. Атақты ақындар біздің өлкенің сұлу жаратылысы мен қилы тарихының ерлік пен өкінішке толы сәттерін жырлап кеткен, олар ұрпақтан ұрпаққа айтылып келеді.
Бұл жерде Еуразиялық көптеген халықтардың мыңдаған жылдардан бері тарихи тағдырлары тоғысып, байланысқан. Археологиялық зерттеулер Шығыс Қазақстанда адамдардың өте ертеден қоныстанғандарын көрсетеді.
Ертедегі көшпелілер дәуірінде бұл жерлерді сақтар мекендеген. Кейіннен қимақтар, қыпшақтар, арғындар, наймандар және т.б. тайпалар мекен қылған, олардың дені XIV қазақ халқының құрамына кіріп, орта жүзді құраған.
XV-XVIII ғасырларда қазақ халқының рулық-тайпалық құрамы өзгеріске ұшырады. Оған тайпалардың миграциясы, бөлінуі мен қосылуы сияқты үрдістер әсер етті. Бұл кезеңде Шығыс Қазақстанның едәуір бөлігі Ойрат федерациясының және кейіннен оның мұрагері Жоңғар хандығының құрамына кірген.
Шығыс Қазақстанның территориясы біртіндеп Ресей империясы мен күшейіп келе жатқан Цин империясының арасында қалды. Осы бір күрделі халықаралық жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары тәуелсіздікті сақтау үшін, ешкімге де біріншілік жасамай, екі ортада ауытқып отыру саясатын ұстанған. Бірақта жоңғарларды талқандаған қытайлардың бастысқа қарай жылжу саясатын ұстанғанын көрген олар Ресей империясына бет бұрды.
Шығыс Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылысы ХІХ-ХХ ғ.ғ. көптеген өзгерістерге ұшырады, нәтижесінде Ертіс бойында орналасқан Шығыс Қазақстан, Павлодар, Омбы облыстары, Алтай өлкесі және т.б. аймақтардағы кеңбайтақ өңірдің тұрғындарының тағдыры қоян-қолтық араласып кетті.
Орта Жүз қазақтары мекендеген жерлер, 1822 жылдан бастап «Сібір қырғыздардың облысы» деп атала бастады және Батыс-Сібір генерал-губернаторларының құрамына кірді. 1854 жылы құрылған Семей облысы Батыс Сібір (1882 жылдан Дала) генерал-губернаторлығына қарады. Оның жері Тобыл губерниясынан басталып оңтүстікке Тарбағатай таулары, Алтайдан Мойынты өзеніне дейінгі аралықта созылып жатты. Облыс Шығыста, солтүстік-шығыста Том губерниясымен, оңтүстік-шығыста Қытаймен оңтүстігінде, Жетісу және Сырдария облыстарымен, ал батысында Ақмола облыстарымен шектесті. Оның құрамы бес уез: Зайсан, Өскемен, Семей, Қарқаралы, және Павлодар кірді.
Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылымының негізі 1919 жылы негізінен анықталды және ол бүгінгі күнге дейін көп үлкен өзгеріске ұшырады. «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару туралы революциялық комитеттің ережесіне сәйкес Семей облысы Кирревкомның қарамағына берілді, ал 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құлылуына байланысты соның қарамағына өтті.
Сол жылы Семей облысы губернияға айналдырылды. 1921 жылдың соңында губерния 6 уезден тұрды: Зайсан, Қарқаралы, Семей, Павлодар, Бұқтырма, Өскемен.
1928 жылғы аудандастыруға байланысты Қазақстанда губерниялардың, уездердің және болыстардың орнына округтар мен аудандар құрылды. Жаңадан құрылған Семей округінің құрамына: Аягөз, Белағаш, Бесқарағай, Жарма, Жаңасемей, Зайсан, Зырян, Қотанқарағай, Қызыттаң, Қызылтас, Күршім, Мақаншы, Марқакөл, Риддер, Самар, Тарбағатай, Уба, Ұлан, Үржар, Өскемен, Шыңғыстай, Шыңғыстау, Шемонаиха сияқты 23 аудан құрылды.
1932 жылы округтар қайта облыс болғанда, орталығы Семей қаласы болған Шығыс Қазақстан облысы құрылды. 1938 жылы ол Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына бөлінді. 1939 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамынан орталығы Семей қаласы болған Семей облысы шығарылды, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласына көшірілді.
1997 жылы 23 мамарда Семей облысы жабылды, оның территориясы орталығы Өскемен қаласы болған Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізілді.
Осы оқулықтың беттерінде Шығыс Қазақстанның тарихына байланысты әңгіме болмақ. Сонымен бірге оқулықта тарихи, экономикалық, саяси және рухани ортақтыққа байланысты мәселелерді қарастыру қажет болса, көрсетілген аумақтық шеңберден де шығуға мүмкіндік берілген.
3. Шығыс Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктері.
Біздің аймағымыздың табиғаты сирек кездесетін және алуан түрлі. Табиғат Шығыс-Қазақстанға басын қар шалған тауларды да, мол сулы өзендерді, көлдерді, қайталанбас өсімдіктер және жануарлар дүниесін сыйлаған. Оның салыстырмалы түрдегі шағын аумағында сыйпаты жағынан әртүрлі зоналды ландшафтар кездеседі. Бұл биік таулар, альпі шалғындары, орман және тайга, дала, каньондар, құмды-шөлді жерлер.
Аймақтың үлкен бөлігін Кенді және Оңтүстік Алтай, Қалба, Сауыр және Тарбағатай тау жүйелері алып жатыр. Қазақ Алтайының ерекше әсем табиғаты және кереметтей мол байлығы, аса бай өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, су көздері, сонымен бірге орманды таулары және шұрайлы жайылымдары адамдардың көптеген ұрпақтарын қызықтырып келді. Ертедегі тайпалар осы жерлердің еркін даласы, іші бағалы аңға толы ну орманы, шөбі шүйгін өзені және тау аңғарлары үшін шайқасқан. Түсті, қымбатты және жерде сирек кездесетін материалдардың қорының көп болуы, бұл өңірде ежелгі металлургияның пайда болуына әкелді. Төрт мың жыл бұрын ежелгі металл өндірушілердің бұл жерлерде кен шығарғанын, олардан қалған өте көне шұңқырлар, шахталар және маңындағы үйінділер куәлік етеді. Бұларды орыс тілінде «чудские работы» десе, бұрынғы қазақтар «мықтың үйі» деген жалпы атаумен айтқан. Шыңғыстау және Қалба далалары, Алтайдың баурайы арқылы Жібек Жолының солтүстік тармағы өткен.
Алтайдың ең үлкен биігі – Мұзтау (4506 м.). Кейінгі келген (XVIII ғ.) адамдар («ескі дінді» ұстаушылар - кержактар) оның баурайынан аққан өзендер бойынан және ну ормандардан жерұйықты – Беловодьені іздеген.
Мұзтау(К. Киквидзефотасы)
Ертедегі көк түріктер бұл тауды Үш-Сумер, Қадын-Бажы деп атаса, қазақтар Мұзтау деген. Оның өн бойын мәңгілік қар мен мұздықтар жауып жатыр. Бұл өңір мәңгілік қардың, мұздың, күркіреген көшкіндердің және жарқылдаған сарқырамалардың патшалығы. Тау аумағында Үлкен және Кіші Берел мұздықтары бар.
Алтайдың қазақстандық бөлігінде жалпы көлемі 99 шаршы шақырым болатын 350 мұздықтар бар. Мәңгілік тоң жағдайында ежелгі ата-бабаларымыздың материалдық және рухани мәдениетінен мол хабар беретін куәліктер де сақталған.
Маңырақ жотасының бөктеріндегі Оңтүстік Зайсанның табиғи ескерткіші
Тау жүйелері жалпақ тауаралық ойыстармен бөлінген. Олардың ішіндегі ірісі – Зайсан және Алакөл ойыстары. Зайсан ойысында аса бағалы палеоботаникалық, палеонтологиялық және геологиялық: Қиынкеріш (Күршім ауданы), Шекелмес (Зайсан көлінің жағалауында), Ашутас (Қытай шекарасына таяу, Ертістің оң жағалауында) сияқты табиғат ескеткіштері бар.
Зайсан алабының көңіл аударуға тұрарлық сирек кездесетін табиғи ескерткіші «Жалындаған адырлар» оның атының бұлай болуы сол жердегі қыраттардың қырмызыдай түсінде. Шөлейт жазықтың ортасынан көне қалалар мен қамалдардың қабырғалары мен мұнаралары бой көтереді. Бұл сағым емес, бұл Қиынкеріш – желдің күшімен бүгінгі бейнесін алған, тас дәуірінің бастапқы кезеңінің ескерткіші. Оны кейде «Жын-перілер қаласы» деп атайды.
Алтай мен Тарбағатайдың құрыштай тізбектеріне төсінде қыраттар, төбелер, жоталар бірде тәртіппен, бірде шым-шытырақ орналасқан көтеріңкі тегістік – қазақтың ұсақшоқылы таулары келіп ұласады. Өңірдің ландшафтына сәйкес келетін шексіз көделі дала, қатал ауа-райы Шығыс Қазақстанның осы бөлігінің тұрғындарының әдет-ғұрыптары мен тұрмысын қалыптастырған.
Облыстың ең жазық бөлігі - Ертіс алқабы. Ертіс басын Моңғол Алтайының мұздықтарынан шығатын кішкентай бұлақтардан алады. Барлық екпінімен таудан ағып шығатын өзен, өзінің жоғарғы ағысында жағалауды шайып кетіп отырады. Оның бұл дүлей күші өзінің атауында да тұр. Кейбір болжам бойынша «Ертіс» «жерқазғыш» деген ұғымды білдіреді дейді. Өзеннің Зайсанға келіп құяр аралығындағы бөлігі Қараертіс деп аталса, көлден шыққаннан кейінгі бөлігі кәдімгі атымен Ертіс деп аталады. Ертіс арқылы халықтар еуразиялық кеңістікке тараған, сауда жолдары өткен, жоңғарлар жорықтарын жасаған. Аса ірі гидроэлектрстанцияларының (Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі) салынуы, өзендегі су деңгейінің үнемі төмендеуіне әкелді. Сонау көне замандардан-ақ Ертіс маңызды транспорт магистралы да болып табылады.
Ертістің бойында көне дәуірден сақталып қалған реликті қарағай орманы орналасқан. Ғалымдардың пайымдауынша олар мұз дәуірінен кейін пайда болған. Ол кезде Об пен Ертіс арасындағы жерлер екі алып мұздықтың – Обтың Ертіске құяр аралығына дейінгі өн бойын алып жатқан – Солтүстік және Алтайдың арасында орналасты. Соңғы мұз басу осыдан 10 мың жыл бұрын болған. Мұздардан еріген сулар құмды ағызып, олармен жылғаларды толтырды. Нәтижесінде жылғалар бойымен қарағайлы орман өсіп шыққан, аралықтарындағы алаңқайларында далалық өсімдіктер басым. Соңғы уақыттарда реликті орман өрттен үлкен зардап шекті. Қазір реликті орманды қалпына келтірудің арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.
Ертіс және оның салалары Уба, Үлбі, Бұқтырма, ірі көлдер Марқакөл, Зайсан, Алакөл және т.б. балыққа бай.
Облыстың жануарлар дүниесі де бай және әртүрлі. Мұнда 400-ден астам құстың, 60-тан астам сүтқоректілердің түрі мекендейді.
Аймақтың ауа-райы, ауа температурасының үлкен тәуліктік және жылдық ауытқуларымен байланысты шұғыл континенталды. Қысы қатты, жазы ұзақ, ыстық. Қыстағы абсолютті температура – -52 градус болса, жазғы температура – +46.