«Өлке тарихын мектепте оқыту әдістемесі»


Губернаторлар және қала басшылары



бет7/9
Дата01.05.2018
өлшемі5,34 Mb.
#40345
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Губернаторлар және қала басшылары. Қиырдағы Семей облысына төтенше жағдайларда тез қимылдайтын мықты әскери билік керек болды. Облысты Сібір казак әскері бөлімдерінің қолбасшысы болып табылатын әскери губернаторлар басқарды. Әскери губернатор лауазымына үміткерлер генерал-майорлардан алынды. Әскери губернаторларының әрқайсысы Семей облысының тарихына өз ізін қалдырды. Семей облысының бірінші әскери губернаторы палковник П.М.Спиридонов болды. А.Е.Врангельдің естеліктерінде бұл қарапайым адам болған және Ф.М.Достоевскиймен танысқаннан кейін оны ұнатып, оған көмегін аямаған. Соның арқасында айдаудағы жазушы үшін Семейдің «жоғары қоғамы үйлерінің есіктері ашылды». Достоевскийдің хаттарында Спиридонов жиі аталады.

1868 жылы әскери губернатор болып В.А.Полторацкий тағайындалды. Тамаша офицер, көптеген әскери кампаниялар мен Қырым соғысына қатысқан ол, біздің өңірге бұрында бірнеше рет келген. Аймақтағы жағдаймен жақсы таныс болды. Ресейге қосылған Орта Азиялық иеліктерге жасалған экспедициялардың сәтті өтуіне септігін тигізген. Аймақтағы жағдайды толық білуі, оның бұл лауазымға тағайындалуының ең басты себебі болған. Әскери губернатор болып 10 жылдай қызмет жасады. Оның губернаторлық кезеңі 60-70 жылдардығы реформаны енгізу кезеңіне тұспа тұс келді. Көптеген марапаттар: 1-санаттағы Әулие Станислав (1870) және 1-санаттағы Әулие Анна ордендерін (1872) алды. Оның жұбайы Любовь Констаниновна жоғары білімді және жан-жақты әйел болды. Ол Қазақстанның солтүстік-шығысына саяхат жасап, өзінің көрген білгендерін фотаға түсіріп, ғылыми журналдарда мақалалар және очерктер жариялап отырды.

А.П.Проценконың губернаторлық кезеңінде [1878-1883 ж.ж.], оның белсенді араласуымен Семей аймағында ең бірінші мұражай және көпшілікке арналған кітапхана ашылды. 1891 жылдан бастап әскери губернатор А.Ф.Карпов болды. Оның кезеңінде Заречное Слободада Семей Қырғыз православиялық миссиясы ашылды.

1898 жылы ол Семей облыстық статистикалық комитетінің хатшысы Н.Я.Коншиннің Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесін құру идеясын қолдап, 1902 жылдың сәуір айында аяқталған бұл үрдіске өзі губернатор лауазымынан кеткенге дейін оның жұмысына қолдау көрсетті. Әскери губернаторларға басқаруға берілген аймақтың тыныштығы үшін толық жауапкершілік жүктелді. Нақты қауіпті жағдайда генерал-губернаторға хабарлауға міндетті болды. Жұмыстардың жағдайын білу мақсатында губернаторлар уездерге шығып, тексеру жасап отырды және оған берілген облыс бойынша жыл сайын есеп берді. Мысалы, әскери губернатор В.А.Полтарацкийдің 1873 жылға берген есебінде халық сауаттылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. 1879 жылғы есепте генерал майор А.П.Проценко облыстағы тұрғындардың саны мен сапасы, жер өңдеу жағдайы, мал шаруашылығы, сауда, білім беру туралы мәліметтер келтіреді.

Облыстағы тұрғындардың саяси көңіл күйлерін бақылауды генерал губернаторлар полицеймеистерлер жұмысының көмегімен жүзеге асырды. Әскери губернатор Г.А. Колпаковский тұрғындар санына байланысты 1899 жылы 7 ақпанда Семей, Өскемен, Павлодар қалаларында полицей бөлімдерінің құрамын көбейту туралы Полиция департаментіне ұсыныс жасады.

Ішкі істер министрлігіне жылына екі рет жер аударылғандардың жағдайы туралы толық мәлімет жіберіліп отырылды. Қаржы мәселесін шеше отырып губернатор, Қаржы министрлігіне барлық кіріс пен шығыс, салық жинау нәтижесі туралы құжаттарды (жаңа өндіріс құрылысы, қоғамдық ғимараттар, жол жөніндегі жұмыстар және т.б.) ұсынып отырды. Облыс губернаторларының құзырына қаланың кез-келген қоғамдық мәселелерін шешу, жаңа шіркеулер, мешіттер, мектептер және т.б. салу жұмыстарына қаржы бөлу де кірді. Қырғыздардың сауатын ашу, олардың ахуалы және араларындағы азаматтық мәселелерді шешу міндеті де оларға тапсырылды.

Әскери губернаторлардың жанынан, олардың өздеріне ғана бағынышты ерекше өкілетті инспектор-шенеуніктер лауазымы тағайындалды.

Қала думасы мен қала басқармасының міндетіне қалалық шаруашылықты басқару, қаланы абаттандыруды қадағалау, тұрғындарды азық–түлікпен қамтамасыз ету, сауда мен өндірісті дамыту үшін шаралар қабылдау, тұрғындардың денсаулығын қорғауға атсалысу, оқу орындарына, мәдени орындарға көмек көрсету, үкіметке жергілікті қажеттіліктерге байланысты мәліметтер тапсыру міндеттері кірді. Он жыл шамасында қала бастығы қызметін Семейдің белгілі саудагерлер отбасынан шыққан П.Ф.Плещеев атқарды. Прокопий Плещеевтің арқасында Семейге ең бірінші электор қуаты, су құбыры келді, жеке меншік “Семипалатинский листок” газеті шыға бастады. Оның табандылығының және қаражатының арқасында әйелдер гимназиясы ашылды. Александр Невский атындағы шіркеу іске қосылды және т.б. шаралар жүзеге асырылды.

Әскери губернаторлыққа уақытша тағайындалған И.Н.Соколовский П.В.Плещеевтің Семейде ең бірінші жеке меншік газетті ашу ниетін қолдай отырып, ол туралы дала генерал губернаторы Н.Н.Сухотинге былай мінездеме береді: “Ата-тегінен беделді азамат Прокопий Феодорович Плещеев болашақ “П.Плещеев и К” сауда үйінің иесі бола тұра және комерциялық жұмыстар атқара отырып, Семейдегі ең бай адамдарының қатарына жатады. Саяси және мінез-құлық жағынан П.Плещеевтің ешқандай жағымсыз қылығы байқалмаған, жергілікті барлық қайырымдылық қоғамдарға белсенді қатысады, Плещеев тәрбие мен білімді үйден алған. Аталған мәліметтер негізінде Семейде газет шығару құқығын беруді қолдаймын, бірақ редакторлыққа тиісті білім цензі бар адамды тағайындауды ұсынамын”.

Аймақта жұмыс атқара отырып шенеуніктер оның дамына өз үлестерін қосты.


Сұрақтар
1. XIX ғасырдың өн бойында Шығыс Қазақстанда әкімшілік-территориялық құрылым қалай өзгеріп отырды? 2. Әскери губернаторлар аймақтың дамуына қандай үлес қосты?

Әдебиеттер:

  1. Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - 93 с.

  2. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің 8-9 сыныптарына арналған бағдарлама. – Семей, 2014. - 23 б.

  3. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана с древнейших времен до современности. Программа для 8-9 классов общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2014. – 23 с.

  4. Зарифова М.А., Бралинова Д.И. Изучение истории Восточного Казахстана с древнейших времен до современности: Методическое пособие в помощь учителю истории. – Семей, 2014. - 226 с.

  5. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XIX ғ. соңына дейін. 8 с. арналған оқу құралы. – Семей, 2012. - 84 б.

  6. История Восточного Казахстана. Ч. I. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Учебное пособие для 8-х кл. – Семей, 2012. - 94 с.

  7. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XX ғ. соңына дейін. 8 с. aрналған жұмыс дәптері. – Семей, 2012. - 58 б.

  8. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Рабочая тетрадь для 8-х кл.– Семей, 2012. - 58 с.

  9. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Хрестоматия для 8-х кл.– Семей, 2012.- 224 с.

  10. Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 1998. – 280 с. Имеется электронный ресурс.


Тақырып 8.Шығыс Қазақстандағы ХІХ ғ. екінші жартысындағы кәсіп пен қолөнер. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

Мақсаты. Келесі сұрақтарды ашу: Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығын анықтап Ол неден туындағанын анықтау. Тақырыпты игерудің әдістемесі.

  1. Қазақ халқының шаруашылық құрылымындағы өзгерістер

  2. Аңшылық, балық аулау, ара өсіру және т.б. кәсіптер

  3. Шығыс Қазақстанда қолөнердің дамуы.

1. Қазақ халқының шаруашылық құрылымындағы өзгерістер. Отырықшылы өмір жүйесіне өтумен байланысты әлеуметтік және меншік теңсіздігі күшейді. Сырттан кәсіп іздеу етек алды. Жеткілікті малы жоқ кедейлер сырттан жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Олар қалалар, елді мекендер маңына қоныстанып, Алтай таукен округінің кеніштерінде жұмысқа жалданды. Немесе шабындық кезінде Том губерниясының шаруа қожалықтарына жалдануға үлкен топтар болып аттанды.

Осындай кәсіпшіліктің дамуы туралы оларға берілген құжаттар (уақытша паспорттар) дәлел болады. 1888 жылы осындай кәсіпшілікке 18870 құжат берілген, олардың 12731-і бірайлық, 1017-і екіайлық, 4031-і үшайлық және жартыжылдық, 1091-і бір жылдық болған. 1898 жылы осындай 25008 құжат берілген. Бұл көрсеткіштер шамамен алынған, себебі көптеген кедейлер құжатсыз жұмыс істеген.

Жалданған адамдар саны егіннің шығуына және мал шаруашылығының табыстылығына байланысты. Егер адамдар өздерін қажетті өнімдермен өмірлік маңызды заттармен қамтамасыз етсе, онда қосымша пайда табу керек болмады.

ХІХ ғ. соңында жүк тасу кәсіпшілігі дамыды. Қазақтар қашанда түйемен тасымалдауға ыңғайлы тауарларды алатын. Сонымен бірге бұл қазақтардың көшпелі салтына өте жақын болды. Тасымалмен айналысатын бай қазақтар бірнеше жұмысшы ұстайтын. Көптеген қазақтар тасымалмен өздігінен айналыса бастады. Олар орыс үлгісіндегі арбалар және ат-әбзелдер жасап жылқыларды жегінге үйретті.

Аймақтың табиғи-географиялық жағдайы бұрын онша дамымаған: ағаш кесу, шайыр қайнату сияқты және т.б. кәсіптерді жандандырды. Осы кезеңде құрылыс ағаштарының үлкен сұранысқа ие болуы - құрылыс материалдарына деген қажеттілікті күшейтті, себебі орыс халқы ғана емес, қазақтардың да отырықшылыққа көшуі үдей түсті. Қазақтар орманға кіретін билеттер алып, жазда ағаш шабумен айналысты, ал қыста соны Семей, Зайсан, Көкпекті, Өскеменге өткізді. Көптеген қазақтар өнімдерін Бұқтырма және Ертіс өзендерімен Омбыға дейін көп көлемде сал қылып ағызатын ірі орман кәсіпкерлеріне жұмысқа жалданды. Орман кәсібі тұрғындар шаруашылығында үлкен маңызға ие болды. Ол құрылыс материалдарын, қара майды, шайырды берді және орманды жердегі тұрғындардың қосымша кәсібі болды. Мұның жағымсыз жағы, әр жыл сайын көп көлемде орман ағашының шабылуы, сол себептен табиғи тепе-теңдіктің бұзылуында және климаттың өзгеруінде жатты.




Бүркітпен аң аулау. Л.К. Полторацкаяныңфотографиясы
2. Аңшылық, балық аулау, ара өсіру және т.б. кәсіптер. ХІХ ғ. орыс шаруаларының Ертіс жағалауына қоныстануы аң аулау, балық аулау, ара өсіру, тұз өндіру сияқты және т.б. кәсіптердің экономикалық маңызының артуына әкелді. Әсіресе, аңды бүркіт, қаршыға сияқты аушы құстармен аулау әйгілі болды. Бүркіттерді негізінен балапан кездерінде ұяларынан алатын немесе аумен ұстады, ал басқа аңшы құстарды тормен немесе жылқы қылынан жасалатын тұзақтармен ұстау әдісі қолданды. Аңшылық құстарын сол кезде сатып алуға болатын. Олар үшін көп ақша төлейтін. Мәселен, 1888 жылы Семейде бүркіт 200-300 күміс рубль болса, қыран 100-150 күміс рубль тұрған. Жылқының бағасы 8 рубль мөлшерінде болған.

Бүркітпен қоян, түлкі және қарсаққа, кейде қасқырға да шығатын. Басқа қыран құстар қаз бен үйрек аулау үшін қолданылды.

Елікті, қасқырларды төбет және тазы иттермен аулады. Мысалы, ірі аңдар – бұғы мен қасқырды атпен қуып, сойылмен ұрып өлтірді. Барлық аңшылық топтар бірнеше жүйрік аттылардан тұрды.

Кедей аңшылар жеуге жарайтын аңдарды аулады, жыртқыштарға көп шықпады. Олар аңға мылтықпен шығатын немесе қақпандар құрды. Кейде аңшылар ауланған аң терісінен өздеріне киім тікті және қалған өнімді қалалық базарларда және алып сатарларға сатты. Мысалы, Қарқаралы базарында 1888 жылы 400 түлкі терісі сатылған, біреуінің бағасы 2 рубль 50 тиыннан 5 рубльге дейін болды. Түлкіден басқа күзен, кейде аю және су құстары ауланды. Облыстың оңтүстік бөлігінде жабайы жылқы мен киіктер ауланды, етін қысқы сатылымға дайындады.

Қазақтарда аңшылық кәсіптің дамуына қатты әсер еткен оқпен атылатын қарудың тарауы болды. Орта Азия хандықтарында жасалған пілтелі мылтықтар пайдаланылды, ал кейін орыс көпестері әкелген сапалы мылтықтарды ұстады. Ол мылтықтардың бағасы өте қымбат болды, сондықтан ол тек кейбір ауқатты қазақтарда ғана болды.

Әр бұқтырмалық аңшыда бірнеше мылтықтан болды. Ірі аңға бердеңкімен, ал ұсақ аңға бытыра мылтықпен шықты. Ұзақ кәсіпке кеткен аңшылардың орманда баспаналары болды. Олар жалғыз немесе артель болып аңға шықты. Ауланған өнімді орыс көпестері сатып алып отырды.



Балық аулау. Зайсан, Марқакөл көлдерінде және Ертістің өң бойында жүргізілді. Балық аулау негізінен қазақтарда баяу дамыды. Шаруаларда онымен аз шұғылданды, себебі, барлық су ресурстары, кейбір Ертіс аңғарындағы жерлерден басқа, казак әскерлерінің иелігінде болды.

Балқаш көлі мен Шу өзенінде де балық аулаумен қазақтар айналысты.




Зайсан көліндегі балықшылар. Н.Г.Катанаевтың фотоальбомынан«Сібір Казак әскері жерінің көріністері. 1911ж. Омбы қ. 1-ші Батыс-Сібір көрмесі суреттерінен»
Зайсан көлі мен Қара Ертіс өзенінің сағасы ХІХ ғасырда Сібір казак әскерінің иелігінде болды. Осы жерде «Бұқтырма әскери балық аулауы» деген қалыптасты. Балық аулау үшін алынған ақша әскер пайдасына жіберілді. Балық аулау екі кезеңде іске асырылды: көктемгісі – 15 сәуірден 15 маусым бойы және күзгісі 15 тамыздан 16 қарашаға дейін.

Балық көл және өзен балығы болып бөлінді. Балық қызыл және ақ балық болды. Қызыл балықтан бекіре, шоқыр, пілмай (шип), ақ балықтан алабұға, шортан, нәлім және аққайран ауланды.

Шаруалар балықты негізінен тау өзендерінен аулады. Балық өнімдері негізінен жергілікті қажеттілікті өтеді, кейбір бөлігі Семей облысының әр

түрлі аймақтарына, сонымен қатар Том мен Жетісу облыстарына жіберілді. Көктемде ақ балықты кептіріп, қақтады, ал қызыл балықты тұздады. Тұзды тұз дүкендерінен сатып алды, бірақ 1888 жылы мұндай дүкендер тек Өскеменде ғана қалды.

Балық аулаумен бұрыннан шұғылданғанымен казактар тұздаудың озық әдістерін білмеді. Саудаға балық майы, қара уылдырық және желім аз мөлшерде шығарылды. Дайын күйінде өнімдер ұзақ мерзімге сақталмады, сондықтан бағалылығы төмен болды.

ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында қазақтар арасанан да ірі балық кәсіпкерлері шықты. Мысалы қазақ Еламан «Николай Иванович» орыс балық кәсіпкерлерінің тәрбиеленушісі. Ол Зайсан көлінде қысқы кезенде балық аулайтын 20 жұмысшы ұстады, олар бір күнде мұз астына 150-200 ау орнататын.

ХІХ ғ. соңында Семей облысында омарта шаруашылығы дамыды, онымен негізінен көшіп келген казак және орыс шаруалары айналысты. ХІХ ғ. 90-шы ж.ж. ара өсіру Өскемен және Зайсан уездерінде қарқынды дамыды. Омарталарды Семей және Павлодар уездеріне орнату ауарайының қолайсыздығынан сәтсіздікке ұшырады. Ара өсірушілер облыстың орманды аудандарын игерді. 1900 жылы аймақта 443 омарта болды және олардан 4818 пұт бал алынды. Бал өндірілген жерлерінде алыпсатарларға өткізілді, ал негізгі өткізу орталығы Өскемен болды. Ара өсірудің дамуына аймаққа жер аударылғандардың әсері үлкен болды. Мысалы, 1894 жылы Е.Михаэлис және А.Федеров жетілдірілген омарта ойлап тапты, сол омарта Нижегород көрмесінде күміс медаль алды.

ХІХ ғ.соңы - ХХ ғ. басында Шығыс Қазақстанда тұз кәсіпшілігі дамыды. Облыста 39 тұзды көл болды. Тұз өндіру мемлекет қарамағында болмады, оны жалға алушылар өндірді. Тұз негізінен жеті көлде өндірілді: Коряков, Қарасай, Үлкен Таволжан, Кіші Таволжан, Үлкен Қалқаман, Қарабаш, Бестұз, ал қалған көлдерден тұз алу еркін деп жарияланды. Аталған көлдерден басқа да үлкенді-кішілі көлдер болды, онда тұзды қазақтар қарапайым түрмен өндірді. Тұздың жартысын өздері пайдаланды, ал қалғанын сатты немесе ұн, нан және т.б. өнімдерге айырбастады.

Семей облысы тұзбен өз көлдерінен қамтамасыз етілді. Өндірілген тұз Чернояр айлағына және Павлодар қаласына жеткізілді. Осы жерден Ертістің төменгі ағысы бойындағы Омбы, Түмен, Тобольск қалаларына және т.б. аймақтарға жеткізіліп, Сібір балық кәсіпкерлеріне сатылды. 1900 жылы жалпы құны 51950 рубль 79 тиын болатын 4827964 пұт тұз өндірілді. Павлодарда жыл сайын тұз телімдерін жеке тұлғаларға жалға беру сатылымдары ұйымдастырылатын, әр мың пұт тұзға 10-12 рубль төленді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет