«Өлкетану» түсінігі, зерттеу обьектісі, міндеттері


Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау



бет3/3
Дата04.11.2023
өлшемі21,93 Kb.
#189581
1   2   3
Байланысты:
Өлкетану Төлеухан Лида

Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау - рухани мұралардың сақталуына бағытталған мемлекеттік шаралар кешені. Қазақстанның немесе өзге мемлекеттің аумағындағы қазақ халқының тарихи және мәдени мұралары мемлекет тарапынан қорғауға алынады. Тарихи және мәдени мұраларға тарихи, шығарм., ғыл. немесе мәдени мәні бар діни не зайырлы сипаттағы мүліктік құндылықтар жатады: өнер туындысы, кітап, қолжазба, инкунабула, мұрағат материалдары, архитектуралық, тарихи, шығарм., монументалдық ескерткіштердің құрылымдық бөліктері, т.б. Рухани мұралар тізімге алынып, мемлекет аумағынан сыртқа шығарылмайды. Тек белгілі бір мәдени іс-шаралар кезінде құзіретті органның қатаң бақылауымен уақытша сыртқа шығарылуы мүмкін. Рухани мұраларды қорғау және сақтау мәселесі халықаралық дәрежеде қолға алынған. Көптеген халықаралық актілердің арасынан 1954 жылғы «Қарулы қақтығыс кезінде мәдени мұраларды қорғау туралы», 1972 жылғы «Мәдениет және табиғат мұраларын қорғау туралы», 1979 жылғы «Мәдени мұраларды заңсыз тасымалдау және оларға деген меншік құқығын беруге тыйым салу шаралары туралы» Конвенцияларды атауға болады.
Тарихи және мәдени ескерткіштердің жүйелері
Бөлім басшысы — Кәрім Асылхан Әбдіқалиұлы. Бөлім 1997 жылы Археология бөлімі болып ашылып, 2009 жылы Археология және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі болып аталса, 2016 жылы Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімі болып өзгертілді. 2019 жылдан бастап Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін есепке алу және қорғау бөлімі болып аталады. Бөлімді 2018 жылдың мамыр айына дейін ҚР Мәдениет қайраткері, т.ғ.к., Тұяқбаев Марат Қымызұлы басқарды. Осы жылдар аралығында бөлімнің құрылымдық жүйесі біржола қалыптасып, көптеген археологиялық экспедициялардың нәтижесінде археологиялық қалашықтар, қорғандар, тарихи кесенелер мен діни-рухани орындар тізімге алынып, құжаттары жасалды.
Бөлімнің негізгі міндеті Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени мұраларды есепке алу, насихаттау, жүйелі түрде қорғау-сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді:
Археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді, археологиялық-ғылыми экспедициялар ұйымдастырады.
Ескерткіштердің жер телімдеріне мемлекеттік акт алу, анықталған тарихи-мәдени мұраларды ескерткіш мәртебесін алуға ұсынады.
Ескерткіштерінде жүргізілетін реставрациялық және реконструкциялық жұмыстарды қадағалайды, жобалық-сметалық жоспарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады, өткізу-қабылдау жұмыстарына қатысады.
Мұражай қорын толықтыру мақсатында жәдігерлерді жинау,тарихи орындардың орналасқан жерлерін анықтау мақсатында экспедицияларға, іс-сапарларға шығады.
Ескерткіштерге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мәдени-ағарту істерін ұйымдастыру, тақырып бойынша лекциялар оқу, баспасөзде жариялау, ғылыми айналымға енгізу.
Республикалық, облыстық деңгейде ұйымдастырылған ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу.
Қорық-музейдің құрамында бүгінгі таңда 45 тарихи-мәдени ескерткіш есепке алынған. Оның ішінде Халықаралық маңызы бар 1 ескерткіш, Республикалық маңызы бар 23 ескерткіш, жергілікті маңызы бар 2 ескерткіш бар. 19 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізіміне алынған.
Қорық-музейі құрамындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің типологиялық ерекшеліктері бойынша

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет