Электр өлшеуіш және тіркегіш құралдардың жоғары сезімталдығы мен аз инерциялдығы электрлік емес шамаларды электрлік өлшеуде пайдаланылады. Осы әдістер техникада, биологияда, медицинада- мүшелердің не ағзаның күйі мен қызметін сипаттайтын түрлі параметрлерді (температура, қысым, түрлі қозғалыстарды, тербелмелі үрдістерді т.т.) өлшеп, тіркеу үшін қолданылады. Осындай құралдардың барлығы 3 негізгі бөліктен тұрады:
1. зерттелетін шаманы электрлік сигналға түрлендіргіш (Д- датчик),
2. осы сигналдарды күшейткіш (К),
3. тіркегіш қондырғысы (Т) (сурет 1).
Көптеген жағдайда күшейткіш пен тіркегіш қондырғысының орнына электрокардиограф каналының біреуі қолданылады. Осы электрокардиографқа датчик ерекше бір қондырғы (П) арқылы қосылады (сурет 2).
Көптеген медика- биологиялық сипаттамаларды электродтар көмегімен тікелей алуға болмайды, өйткені бұл сипаттамалар биоэлектрлік сигналдармен кескінделмейді (бейнеленбейді): қанның қысымы, температура, жүректің дыбыстары және т.б. Осындай жағдайда датчиктер қолданылады.
Өлшеуіш құралдардың кең тараған түрі- өлшеуіш түрлендіргіш (датчик).
Датчик өлшенетін не бақыланатын шаманы ыңғайлы түрде жіберіп, ары қарай түрлендіріп, өңдеп, тіркеу, сақтау үшін ыңғайлы сигналға түрлендіргіш құрал. Басқаша айтқанда датчик өлшенетін электрлік емес сигналдарды (шамаларды) электрлік сигналға түрлендіретін құрал.
Өлшенетін шаманы алуға арналған датчик бірінші ретті деп аталады. Медициналық электроникада өлшенетін не бақыланатын электрлік емес шаманы электрлік сигналға түрлендіретін датчиктер ғана қарастырылады.
Датчиктерге берілетін электрлік емес сигналдардың басты түрлері:
1) механикалық шамалар- сызықтық және айнымалы қозғалыс, жылдамдық, үдеу, қысым тербеліс жиілігі;
2) физикалық шамалар- температура, жарықталу, ылғалдылық;
3) химиялық шамалар- заттың таралымы, құрамы;
4) физиологиялық шамалар- тіннің қанмен қамтамасыз етілуі, тыныс алу көлемі, қанның пульстық көлемі және т.б.
Датчиктер жүйенің биологиялық сигналдарын электр сигналдарына түрлендіргіштер. Датчиктер түрлері
Датчиктер генераторлықжәне параметрлікболып бөлінеді.
Генераторлық датчиктер өлшенетін сигналдың әсерінен кернеу немесе токты тікелей өндіреді (қорытып шығарады). Генераторлық датчиктер белгілі бір құбылыстарға негізделуіне байланысты аталады
Достарыңызбен бөлісу: |