66
де кӛп- (поли-) молекулалық болып бӛлінеді. Моноқанттарға глюкоза, фруктоза,
галактоза, манноза, арабиноза, сорбоза, ксилоза, рибоза мен дезоксирибоза,
екіқанттарға - қызылша мен науат қанты деп аталатын сахароза, сүт қанты деп
аталатын лактоза, мальтоза, целлобиоза, кӛпқанттарға крахмал, жануар
крахмалы деп аталатын гликоген, целлюлоза (жасұнық) ж.б. жатады. Қорытылу
тұрғысынан оларды нашар еріп қиын қорытылатын
жасұнық
пен тез еріп жеңіл
қорытылатын
азотсыз тұнба заттар (АТЗ)
тобына бӛледі.
Малдың ас қорыту сӛлдерінде клетчатканы, яғни целлюлозаны қорытатын
целлюлаза ферменті болмайды. Оны тек күйісті малдың ас қорыту жолындағы
(мес қарындағы) микрофлора қорытады. Азықтың азотсыз экстарктивті заттар
тобына жылдам еріп қорытылатын қант, декстрин, крахмал, пектиндер
біріктіріледі.
Крахмал ӛсімдік дәнінде, түйнегінде, тамырында амилопектин (75-85%)
және амилоза (15-25%) түрінде жиналады. Толығымен тотыққанда 1 г
крахмалдан 4-4.5 ккал (17,56 кДж) жылу пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: