72
қорегінің биологиялық құнарлылығы ӛседі. Месқарындағы малға пайдалы бұл
үрдісті ӛрістету үшін малды жастайынан аумақты жемшӛпті жеп, қорытуға
бейімдей, яғни бағыттап, ӛсіріп, месқарын
аумағының сыйымдылығын
мейлінше ұлғайтып, бірегей жемшӛппен азықтандыру арқылы онда тіршілік
ететін бактериялардың азық қорытуға қажетті түрінің дамуына ықпал ету қажет.
Ол түрлерінің ішінде алдымен ірі жемшӛп жасұнығын қорьггуға себептесетін
целлюлоза ыдыратушы бактериялардың кӛп болғаны абзал. Ӛйткені олар
малдың ас қорыту сӛлдерінде болмайтын қиын қорытылатын жасұнық тобынын
кӛмірсуларын ыдыратушы целлобиаза ферментін шығарады. Соның арқасында
күйісті мал бір қарынды мал қорыта алмайтын сапасы тӛмен аумақты ірі
жемшӛпті жақсы қорытып, арзан құнды мол ӛнім ӛндіреді.
Жасұнық тобына кіретін кӛмірсулардың месқарында ыдырауына
целлюлоза ыдыратуды микроорганизмдер
саны мен сапасымен қоса, олардың
ӛзінің ішкі құрамы мен құрылымы, физика-химиялық қасиеттері, ұсақты-ірілі
кӛлемі, ал ен бастысы, лигнин бастаған қатайтқыш заттарға қаныққандағы, әсер
етеді. Лигнин, кутин, суберин секілді сағыз тәріздес ӛте тӛзімді, ерімейтін
қатайтқыш заттар ӛсімдік ӛсіп, дамыған сайын
оның қаңқасын құрайтын
жасұнықты орап, қоршап, сіңіп қатайта түседі. Бұл целлюлозамен тікелей
жанасқанда шығаратын микробтық целлобиаза ферментінің бӛлінуіне кедергі
туғызып, жемшӛп қорытылымын тӛмендетеді.
Месқарын микрофлорасы дұрыс қалыптасу үшін малды бірыңғай
жемшӛппен белгілі мӛлшерде және тәртіпте азықтандыру керек. Ӛйткені
желінген жемшӛп құрамы жиі ауысса, месқарын бактерияларының түрлері
оларға бейімделіп үлгермейді де саны мен сапасы тӛмендейді. Бұл күйісті
малды аш қалдырғанмен бірдей. Мұны, әсіресе, мал жемшӛбінің құрамы
түбегейлі ӛзгертілетін қыстан кӛктемге және күзден
қыстауға ауыстыру
кезеңдерінде ескеру қажет. Малды жазғы және қысқы азықтандыруға біртіндеп
үйретіп, жаңа азықтарды аз мӛлшерден бастап енгізеді.
Күрделі қарынның алдыңғы бӛлімдерінде ӛңдеуден ӛткен жемшӛп (химус)
жалбыршақ арқылы ұлтабарға ӛтеді. Тәулігіне мүйізді ірі қара мал ұлтабарында
100 литрдей (мүйізді ұсақ қара малдікінде 5-6 л) бӛлінетін қарын сӛлі, негізінен,
тұз қышқылы мен пепсиннен тұрады. Ол ұлтабарға енген азотты
қосындыларды, оның ішінде микробтар денесін ыдыратады. Ұлтабардан азық
химусы онекіелі ішек арқылы ұзындығы мүйізді ірі қара малда- 40-50 м, мүйізді
ұсақ қара малда 17-34 м аш ішекке, одан тоқ ішекке ӛтеді. Ішектегі ас қорыту
барысы қарапайым малдікіндей етеді (2.2-сурет).