156
таяқшалары (кишечная палочка) дистилденген суда - 21-75 тәулік, қайнатылған
суда 8-13 тәулік, құбыр суында 22-62 тәулік, ӛзен суында - 21-183 тәулік, ал
салмонелла тобының бактериялары, тиісінше, 3-81: 3-30; 4-99 және 4-183 тәулік
сақталған.
Табиғи сулар түрлі қосындылар мен кӛп кӛлемде ластанса мӛлдірлігі мен
түсі, иісі, дәмі, т.б секілді физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы
бұзылады. Органикалық қалдықтар мен ластанса судың құрамындағы оттегі
азайып, түрлі микроорганизмдері кӛбейеді. Әсіресе мұнайдың 0,2-0,4 мг/л
мӛлшері мен ластануы суға кетірілмейтін иіс берсе, фенолдың антисептикалық
әсерінен судағы биоценоздар тіршілігі бұзылады. Мұндай ластанған сумен
малды суаруға болмайды.
Сыртқы ортадан әр түрлі қосындылармен
ластанған ашық табиғи су
қоймалары
ӛздерінде
қалыптасқан
биологиялық
тазару
жүйесі
(гидробиоценозы) арқылы ӛзіндік тазарудан (самоочищение) ӛтіп отырады.
Судың ӛзіндік тазаруы гидрологиялық (енген заттардың сумен араласуы),
механикалық (тұнбаға түсуі), физикалық (күн сәулесі мен жылулык әсері),
биологиялық (суда ӛсетін ӛсімдіктердің әсері) жәнс химиялық (органикалық
заттардың минералдануы) жолдарымен ӛтеді.
Қойма суымен араласқан лас сулар қосындыларының шоғырлану дәрежесі
күрт тӛмендеп, тұнбаға түсуінен су мӛлдірлігі қалпына келеді. Мӛлдір суда 1
метрден астам тереңдіке дейін ӛтетін күннің ультракүлгін сәулесінің
бактерицидтік әсері мен сапрофиттер шығаратын антибиотик тер мен
бактериофагтар ықпалынан патогендік микроорганизмдер біртіндеп жойылады.
Гидробиоценоз қарапайымдылары, шаяндары мен басқада микро және
макрофаунасы суды ӛз денесінен ӛткізіп, кӛптеген бактерияларды жояды. Оған
судағы бактериофагтар да ат салысады. Суға енген азотты қосындылар алдымен
аммоний ионы мен аммиакқа тотығады. Аммиак, ӛз ретінде, нитритке,
содан
сон ол оттегімен тотығып, азотты заттар минералдануының соңғы қосындысы
болып табылатын нитратқа айналады. Май, кӛмірсулар тотығуынан суда
кӛмірқышқыл газы пайда болады. Олардың тотығуына судағы оттегінің
дәрежесі ықпал етеді.
Судың ӛзіндігінен тазару мүмкіншілігі шектеулі. Оны қорғасын, мыс,
мырыш, сынап секілді ауыр
металдар қосындылары шектеп, судың
органолептикалық қасиеттерінің бұзылуына соқтырады. Әсіресе, аз кӛлемді
судың азотты және басқа да органикалық заттардың ыдырауынан пайда
болатын күкіртті сутегі, нитриттер, қос аминдер секілді уландырғыш
қосындылармен ластану қаупі жоғары болады. Ондай сумен суару малды
уландыру қаупін ӛсіреді.
Мал суаруға пайдаланылатын су кӛзінің
санитарлық- топографиялық
зерттеуін жүргізіп, оның шығу тегі, кӛлемі мен тереңдігін, топырағын, жер
157
жағдайын түсіріп, санитарлық бақылаудан ӛткізеді. Тексеру деректсрін суының
химиялық
құрамы
мен бактериологиялық
кӛрсеткіштері, пайдалану
мүмкіндігімен
толықтырып, су кӛзінің санитарлық құжатына жазады. Онда
суды ластандыратын қоршаған орта жағдайларын кӛрсетеді.
Суарымдық су сапасын температурасы (фадуспен), иісі (баллмен),
мӛлдірліп (селен шкаласымен), бояуы (платин- кобальт шкаласымен),
лайланғандығы мен тұнбасы (сипаттау арқылы) бойынша зерттеп, бағалайды.
Су мӛлдірлігі 10 см-ден аспаған жағдайда, ондағы лайлағыш заттарды (мг/л),
әсерлі қышқылдығын (рН), сілтілігін (мг-экв/л), қатайғыштығын (мг- экв/л),
құрғақ затың (мг/л), кальций, магний, темір, хлор, сульфаттар, аммоний
иондары, нитриттер мен нитраттарын (мг/л), тотыққыштығын (0
2
мг/л)
анықтайды. Судан күкіртті сутегінің иісі шықса, оның мӛлшерін (мг/л), 1 мл-
дегі бактериялардың, 1 л-дегі ішек таяқшаларының санын (коли-титрын), дәмін
зерттейді. Ауыр метал тұздарымен ластану қаупі болса олардың мӛлшерін жеке
зерттеп анықтайды.
Мал суаруға жарамды суға қойылатын зоогигиеналық
талаптар келесі
мӛлшерден:
- 1 мл-дегі микроорганизмлер саны - 100-ден;
- 1 литрдегі коли тобының бактериялары (коли индексі) - 3-тен;
- 20-60°С иісі - 2 баллдан;
- 20°С дәмі - 2-ден;
- түсі - 20 градустан;
- лайлығы - 1,5 мг/л-ден;
- қышқылдығы (рН) - 6-9-дан;
- құрғақ қалдығы - 100 мг/л-ден;
- хлоридтері - 350 мг/л-ден;
- сульфаттары 500 мг/л-ден;
- темір мӛлшері - 0,3 мг/л-ден;
- марганец мӛлшері - 0,1 мг/л-ден;
- мыс мӛлшері - 1,0 мг/л-ден;
- мырыш мӛлшері - 5,0 мг/л-ден;
- полифосфаттар мӛлшері - 3,5 мг/л-ден;
- жалпы қатаулығы - 7,0 мг-экв-тен;
- аллюминий мӛлшері мӛлшері - 0,5 мг/л-ден;
- бериллий мӛлшері - 0,0002 мг/л-ден;
- молибден мӛлшері - 0,25 мг/л-ден;
- нитраттар мӛлшері - 45 мг/л-ден;
- қорғасын мӛлшері - 0,003 мг/л-ден;
- селен мӛлшері – 0,001 мг/л -ден;
- стронций мӛлшері - 7,0 мг/л-ден;
158
- фтор мӛлшері - 1,2 мг/л-ден аспауға тиіс.
Су сапасы суарылатын мал мен құс денсаулығына, ал физикалық-химиялық
қасиеттері олардың тәбеті мен ас қорытуына әсер етеді. Лас немесе ӛте суық су
мал тәбетін бұзып, азық қорытылуын нашарлатып, буаз малды іш тастатуы
мүмкін. Тӛл суарылатын су температурасы - 30-15°С, буаз малдікі - 12-15°С,
сақа малдікі - 10-12°С болу қажет. Шаруашылықта ӛндіріс технологиясына
сәйкес малды автоматты суару мен қоса
мал қиын шайып шығаруға
жұмсалатын су кӛлемі де есептеліп, суаруынан тыс әр басқа тәулігіне қосымша
4-10 л су жұмсау жоспарланады (3.5-кесте).
3.5-кесте – Мал фермасындағы су шығыны, л
Мал түлігінің
тобы
Тәуілігіне 1 басқа
Мал
тобы
Тәуілігіне 1 басқа
барлығы суаруға
барлығы суаруға
Достарыңызбен бөлісу: