Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет14/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

 
шығыңқы біткен тізе 
буынын бүккіш тізе, 
артына бүгіле біткенін 
тар
тізе, ал алдыңғы тізе буыны шығыңқы
 
болып, аяғы 
дұрыс
 
тұрмаса не қисық болса алшақ тізе
деп
атайды.
 
Салт 
мінетін жылқы 
жіліншігі жіңішке,
 
желгіш тұқымдарынікі орташа, ауыр жүк тартатын аттардікі 
жуан
 
болады. Жіліншіктің сіңірі созылуы, үзілуі сарысу жиналуына және артқы 
сіңір жуандауына (брондаун) әкеп соғады.
Бақай.
Жіліншікті бақаймен қосып тұратын тұсаулықтың кӛлемді және 
түзу болғаны қолайлы келеді.
 
Ба
қайдың сыртқа шығыңқы 
алшақ немесе
ішке 
қарай шыққан маймақ болуы жылқы аяғының кемістігі. Бақайының еңкіштігі 
40-50
º болмаған жағдайдағы тік бақай аяқтың жер басуынан буыны мен сіңіріне 
зардап келіп, тез ақсайды.
 
Қалыптан тыс еңкіш жұмсақ (қайқы) бақай да 
кемістік. Жылқы бақайының орташа болып, аяқтары кең, тізе сүйектері бір-
біріне тиіспей тұрғаны дұрыс. 


34 
Артқы аяқ.
Артқы аяққа сан, шынтақ
буыны,
 
тілерсек буыны, жіліншік, 
шідерлік, бақай, құндыздық пен тұяқ кіреді. Сан ортан жіліктен тұрады, ал 
тілерсек шідерлікпен санмен жалғасады. Тоқпан жілік пен асық жілік алшақ 
болса да тілерсек буынына кӛп ауырлық түсетіндіктен ондай жылқы шеккі 
(шпат) ауруына шалдығады. Оған шалдыққан жылқының буын сүйегінің ішкі 
жағындағы үстінен, алғашқыда шеміршек боп шығып кейін сүйекке айналатын 
шеккі шығады да, жылқыны ақсатады. Жылқы шеккісі мен құрба ауруы 
жазылмай ды, тұқым қуалай беріледі. Тілерсек буынында имек аяқ және тік 
буын сияқты кемшіліктер де жиі кездеседі. Жылқының артқы аяғының түзулігі 
оны артынан қарап тексергенде анықталады. Аяқтарының арасы кең, тілерсек 
буындары тиіспей тұрса және арттан қарағанда алдыңғы аяқ кӛрінбеуі жылқы 
аяғының жақсы екенін дәлелдейді. Артқы жіліншік сіңірлері жақсы жетіліп, 
білеуленіп тұрғаны жақсы. Алдыңғы аяқтың бақайына қарағанда, артқы аяқтың 
бақайы жалпақ келеді, мұнда да алдыңғы аяқтың бақайында кездесетін 
кемістіктер болады. 
Тұяқ.
Қалыпты тұяқ жарықшақтанбай, қабықтанбай теп-тегіс келіп, 
жалтырап тұрады. Тұяғы нашар жылқы жиі ақсайды. Жылқының тұяғы 
уақытында қаралып тазаланып тұрмаса, оның ӛсіп кетуі, қисық болуы және сол 
сияқты басқа да кемістіктері болуы мүмкін. Жылқы тұяғының құрылысы 1.18-
суретте берілген. 
1.18-сурет – Тұяқ құрылысы: 
1 - сыртқы тұяқ сүйегінің бұру тетігі; 2 - табан бұрышы; 3 - орта мүйіз 
жолы; 4 - тұяқтың мүйізді табаны; 5 - шеткі стрелканын жолы; 6 - мүйізді 
стрелка; 7 - тұяқтын алдыңғы шеті; 8 - тұяқ астының ақ жолы
 
Мад тұрпаты. 
Малдың тұрпаты (дене бітімі, конституциясы) организм 
ағзаларының 
морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық қызметтерінің
ӛзара тығыз байланыста қалыптасқан жиынтығы. Олар малдың тегімен берілген 


35 
тұқым қуалаушылық қасиеттерінің ӛсіргендегі ауа райы, азықтандыру, күтіп-
бағу, ӛнімін ӛндіру жағдайларына тәуелді қалыптастырылады. Малдың тұрпаты 
денсаулығын, жетілгіштігін, тӛлшілдігін, ӛнімділігі мен сыртқы орта 
жағдайларына тӛзімділігін аңғартады. Осы кӛрсеткіщтері бойынша зоотехнияда 
малдың сӛлекет, нәзік, ашаң, қагілез
,
босаң тұрпаттық типін айырады 
Сӛлекет типтің терісі мен жүні қалың, қаңқасы ірі, басы үлкен, бұлшық 
еттері қомақты, тері астындағы қан тамырлары білінбейді. Олар кӛбіне сылбыр 
келеді (жергілікті қазақы мал түліктерінде жиі кездеседі). Нәзік типтің терісі 
жұқа, қаңқасы жеңіл, бұлшық еттері болбыр, жалқұйрығы мен кекіл жүндері 
сирек болады. Олар ауа райына тӛзімсіз болғанмен, бағып-күту жағдайлары 
келіссе мол ӛнім беруге бейім келеді. Қағылез малдың терісі жұқа, жүні тықыр, 
жеңіл денелі болады. Тері астындағы қан тамырлары білеуленіп, анық білініп 
тұрады. Қағылез жылқы ұшқыр да нәзік, мәпелеп күтіп, жақсы азықтандыруды 
тілейді, тебінде бағуға шыдамсыз. Бұл тип ақалтеке мен араб жылқысында жиі 
кездеседі.
Ашаң (мықты) типті мал денесінің мықтылығымен, терісінің 
тығыздығымен, бұлшық еттерінің жақсы дамып жетілгендігімен, буындары мен 
сіңірлерінің күштілігімен, тері астындағы қан тамырларының анық кӛрінуімен 
ерекшеленеді. Ашаң жылқының денсаулығы мықты, жұмысқа тӛзімді, қан 
айналуы мен тыныстану, ас қорыту жүйелері жақсы жұмыс істейді. Босаң типті 
жылқының тері асты ұлпалары мен бұлшық ет арасындағы майлы қабаттары 
жақсы дамыған. Терісі қалың да босаң, буындары мен оларды байланыстыратын 
сіңірлері кӛрінбейді. Бұлшық еттері толық, қомақты, мойны қысқа, кеудесі мен 
жотасы кең, жалпақ, семіруге бейімді болады. Олар ауыр жүк жұмысына лайық 
келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет