Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет56/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

Күнжара мен шрот. Өсімдік май өндірісінің құнды, кұрамында 30-50% биологиялық тұрғыдан астық тұқымдастар дәнінен бағалы протеині бар, кальций мен фосфорға бай, мал азықтық қалдықтары. Дақылдан майды сығып (пресстеп) шығарғаннан кейінгі құрамында 6-9% майы қалатын қалдығын күнжара, ал бензин, гексан секілді көмірсутектік органикалық еріткіштермен ерітіп шығарғаннан кейінгі құрамындағы майы 1-3% аспайтын қалдығын шрот деп атайды. Олармен катар бүл өндірістің фосфатидтті-белокті жем мен дән қауызы, қабығы секілді азықтық қалдықтары болады.
Күнжара мен шрот қоректілігі май өндірілетін дақыл түрі мен сортына тәуелді келеді. Олардың көбінде мал денсаулығына қауіпті улы және зиянды ...зығырдікінде - 0,2 г/кг-нан асқан мөлшері малды уландыратын синил қышқылына айналатын линамарин, мақтанікінде - шошқаны 0,02%, ірі қараны 0,03-0,05% уландыратын госсипои глюкозиді, кендірдікінде - іш өткізу мен іш тастауға тырысқаққа соқтыратын есірткі заттары, крестгүлділердікіне- синилабин, глюконипин глюкозидтері мен ащы иісті эфир майлары, соянікінде - эритроциттер агглютинациясын тудыратын трипсин ингибиторы гаммаглютинин, т.с.с. қосындылар кездесетіндіктен, малға жегізер алдында оларды ылғалды термикалық өндеуден өткізу қажет.
АҚШ ғалымдары Осборн мен Мендель (Osborni Mendel, 1917) протеин көзі ретінде тышқанға шикі соя дәні берудің тиімсіздігін 3 сағат бумен өндеу арқылы жоюға болатындығына көңіл аударған. Термоөндеу дақылдағы улы дазиянды заттарды залалсыздандырумен қатар, майының толық шығуына, белок коагуляциясына себептеседі.
Күнжара мен шрот сапасын түрі, түсі, иісі, дәм формасы, тазалығы бойынша бағалайды. Сапалы күнжара мо шрот түсі... зығырдікі - боз, бозғылт-қоңыр, күнбағыстікі- боз,мақтанікі - сарғылт, жүгерінікі - бозқоңыр, рапстікі –жасыл-сары... болып, иісі мен дәмі өзіне тән, жағымды, бөгде қоспасыз болуға тиіс. Әсіресе шрот өте ылғалсорғыш болғандықтан, құрғақ жағдайда сақталмаса, тез арада ылғалданып, көгеріп, саңырауқұлақтармен зақымдалады.
Күнжара мен шрот иісін стақанда 60°С жылы суменараластырып, суынтөккеннен кейін иіскеп анықтайды, ал бұзылмағандағына көз жеткізу үшіншыны ыдыста жылы сумен ботқа тәріздес қып араластырып, 35-40°С жылылықта тәулік бойы ұстайды - бұзылған азықтың жағымсыз иісі қатты аңқиды.Ұн және ұнтақты азыққа қолданылатын әдістермен... күнжара мен шроттың ластануын - көзге тазалығымен, басқа дақыл мен арамшеп жоқтығымен, минералды күлінің - тұз қышқылында еруімен, араластырып, тұндырғанда құм шөгуімен, металл, шыны секілдібасқа да бөгде қоспалар көлемімен... бағалайды. Қауыз бен қабықкөлемін 50г 1%-дық NaOH ерітіндісімен 2 сағат бойы басқа заттары ерігеншеөңдеп анықтайды.
Бұлармен қатар кейбір күнжара мен шрот сапасына арнайы байқау жүргізеді. Айталық, зығыр күнжарасының кілегейлігін байқайды. Ол үшін стаканғасалынған 1 қасық күнжараға 10 қасық ыстық су құйып, мұқият араластырып қояды. Сапалы күнжара іртіктелмей, біркелкі кілегейленеді. Айқасгүлділердегі ащы ұшпалы майлы қышқылдарды анықтау үшін стақанға алынған күнжара ұнтағын 70-75°С сумен сұйық ботқа тәріздес күйге дейін араластырып, бетін жауып, 20-30 мин. ұстаған соң иіскейді - ащы иіс қыша майларыныңмолдығын аңғартады.
МЕСТ талаптарына сәйкес құрғақ затындағы... - "шикі" протеині зығыр күнжарасында - 34%, шротында - 36%, күнжарасында - 35%, шротында - 32%, күнбағыс күнжарасында - 50%, шротында - 36%,мақта күнжарасында - 38%, шротында - 44%, соя күнжарасында - 39%, шротында - 45% болуға тиіс.
Күнбағыс күнжарасында дән қабығы 15,5%-дан аспай; еритін68%-нан кем болмауы, мақта күнжарасындағы қара-коңыр дәні 13-18%бос госсипопы - 0,02%-дан, ал соя күнжарасындағы уреаза пәрменділігі0,1-ден аспауы керек. Сапалы күнжара мен шрот бөгде бензин, жанған, көгерген және тұрып қалған ескі иіссіз,қамба зиянкестерімен зақымдалмаған, ылғалдылығы 6-10%, 10%-дық тұз қышқылында ерімейтін күлі,металл қосындысы - 0,01%, еріткіш (бензин) қалдығы - 0,1%, хлороорганикалық уландырғыштар ...гексахлоран - 1 мг/кг, ...ДДТ - 0,5 мг/кг.аспай алдрині болмауға muic.
1 кг күнжара мен шротта, орташа, 1 а.ө., 330-400 г қорытылатын протеин, 3-4 г Са, 6-10 г Р болады.
1-тапсырма. Күнжара мен шрот үлгісін түрі, түсі, иісі, дәмі, тазалығы, қажетті жағдайда - кілегейленуі, қыша май иісі, көгеріп-шірігендігі бағалаңдар.

Майлы дақыл дәнін өндегенде күнжара және шртопенқатар лецетин мен кефалинге бай фосфатидтік қалдық қалады. Оның азықтандыру тұрғысынан құнды бөлігі болып аминқышқылдары мен майлар тузуін реттестіретін холим саналады. Күнбағыс пен соя фосфатидтік қалдығында 39-42%май мен 56-58% фосфолипидтер, 2-2 г фосфор болады. Мақта фосфатидінде госсипол мен сабын болатынын ескеру қажет. Әдетте, мал азығына фосфатидті шротпен 1 : 2-5 аралығында араластырып, кұс пен төл құрама жеміне 2-9% көлемінді қосылатын фосфатидті-белокті жем қосындысы түрінде жұмсайды.


Мақта мен күнбағыс майын өндіргенде дән қабығы мен қауызы қалады. 50% клетчаткадан тұратын мақта қауызы күйісті малға ірі азық ретінде пайдалануға болады. Оның 1 кг-да 0, 13 а.ө., 27 г қорытылатын протеин, 0,1% госсиполболады. Клетчаткасы одан да жоғары күнбағыс қабығының1 кг-да 0,09 а.ө., 10 г қорытылатын протеин болады. Оның қоректілігін өсіру үшін күнбағыс майы өндірісінің қалдығы болып келетін тұнба фузасының 20 кг-ын 80 л 40-50°С жылы сумен араластырып, эмулсиясының 10 л 1 ц кептіріліп ұнтақталған күнбағыс қабығына қосса, 1 кг-ның қоректілігі0,6 а.ө., 125 г қорытылатын протеинге, 4 г Са, 6 г Р-ға дейін жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет