Ғылыми зерттеу жұмыстары № 1734/ГФ4 «Түйе, бие және ешкі сүті
негізінде сүт өнімдеріне арналған ашытқыларды әзірлеу» (Тіркеу нөмері
0115РК01076); AP 05133838 «Ірі қара малдың некробактериозы кезінде сүт
қышқылды бактериялардың терапевтік әсерін зерттеу». (Тіркеу нөмері
0118РК00243); бюджеттік бағдарлама 019 №3 жоба 23.04.2018 «Отандық
ашытқылар негізінде түйе сүтінен пробиотикалық өнімдер өндіру» жобалары
аясында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, «Биологиялық қауіпсіздік»
кафедрасына қарасты «Микробиоценоз және пробиотиктерді құрастыру»
ғылыми-зерттеу зертханасында, Чехия мемлекеті, Прага қаласындағы
«Жаратылыстану ғылымдары университеті», «Микробиология, тағамдану және
диетология» кафедрасының зертханасында, Чехия ғылым академиясы,
«Жануарлар физиологиясы және генетикасы» зертханасында және Шығыс
Финляндия Университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау және клиникалық
тамақтандыру институтында» жүргізілді.