Омарова аккенже бердихановна


түрінде идентификацияланды



Pdf көрінісі
бет56/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96
Байланысты:
Диссертация

 
түрінде идентификацияланды.
 
 


94 
 
Сурет 4
 - 
API WEB сайтында нәтижені онлаин түрде тіркеу көрінісі 
3.4.3 Заманауи молекулярлық MALDI TOF әдісі
Тікелей белокты кескіндеудің экспресс-әдісі Maldi-TOF MS сериялы 
Microflex LT масс-спектрометрін қолдану арқылы матрицалы-белсендірілген 
лазерлік десорбциямен/ионизациямен уақыт аралықты масс - спектрометрия 
бағдарламалық қамтамасыз етілген Maldi BioTyper 3,0 (Bruker Daltonik, 
Германия) көмегімен жүзеге асырылды. Сәйкестендірудің зерттеу нәтижелері 
сенімділік 
коэффициентін 
(Score 
value 

SV) 
есептеу 
арқылы 
верификацияланды. Алынған сәйкестендіру нәтижелері NCBI (Ұлттық 
биотехнологиялық ақпарат орталығы) деректер базасымен салыстырылды.
Microflex немесе Autoflex (Bruker) масс-спектрометрлер базасында іске 
асырылған MALDI Biotyper микроорганизмдерді (МО) идентификациялауға 
арналған жүйе - қазіргі заманғы микробиологияның соңғы жаңалығы болып 
табылады. Микроорганизмдерді идентификациялау үшін алғашқы егуден 
кейінгі минималды колониялары қолданылады. Колонияны тікелей 
сәйкестендіру кезінде көп рет қолданылатын металл нысанаға салынады, 
матрицалық ерітіндімен жабылады және құрғағаннан кейін рибосомалдық 
белоктардың спектрлері бойынша масс-спектрометрде микроорганизмдерді 
сәйкестендіру жүргізіледі 
Бір үлгіні идентификациялау бір минуттан аз уақыт алады және 
автоматты режимде жүргізіледі. MALDI Biotyper ең аз шығын материалдары 
мен пластиктерді пайдаланумен жүргізіледі. Осылайша, өсінділерді бір 
сәйкестендірудің құны 20-30 теңгеге жуық. Сәйкестендіру бағдарламасы 
дайындалмаған пайдаланушылардың жұмысын жеңілдететін орыс тіліндегі 
қарапайым және интуитивті түсінікті интерфейске ие. 


95 
Көптеген салыстырмалы зерттеулердің деректері бойынша Biotyper 
идентификациясының нәтижелері бактериологиялық талдаулардың 15-25% 
дәлірек нәтижелерін береді. Микроорганизмдерді сәйкестендіретін маркерлер 
ақуыздар болғандықтан, нәтиже өсіру тәсіліне байланысты емес. Бұл әдіс
микробиологияда дәстүрлі күрделі микобактериялар мен мицелиалды 
саңырауқұлақтар сияқты объектілер үшін сәтті идентификацияны қамтамасыз 
етеді. Сонымен қатар, Biotyper екі микроорганизмдердің қоспасын 
идентификациялауға мүмкіндік береді, бұл жоғары клиникалық мәнге ие. 2013 
жылдың басында MALDI Biotyper деректер базасына 4600-ден астам 
микроорганизмдер кірді. 
2012 жылдан бастап микобактериялармен (97 түр) және мицелиалды 
саңырауқұлақтармен (110 түр, 40 түршелер) жұмыс істеу үшін қосымша 
базалар мен жетілдірілген сынама дайындау хаттамалары қол жетімді. 
2011 жылдың соңында Biotyper көмегімен микроорганизмдерді 
сәйкестендіру әдістемесі Медициналық технологиялар реестріне енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет