Өмірбаяны Жазушы Жайық Кагенұлы Бектұров 1912 жылы 15- қазанда Ақмола облысының казіргі Алексеев ауданындағы Амангелді ауылында туған



Дата05.11.2016
өлшемі1,09 Mb.
#610
түріӨмірбаяны


Содержание


  1. Информационно-аналитический материал о жизни и творчестве Ж.Бектурова.

  2. Стихотворения, посвященные Ж.Бектурову

  3. Высказывания о Ж.Бектурове

  4. Примерные названия книжных выставок, массовых мероприятий

  5. Список литературы


Ғасырмен тағдырлас

(1912-1998)



Өмірбаяны

Жазушы Жайық Кагенұлы Бектұров 1912 жылы 15- қазанда Ақмола облысының казіргі Алексеев ауданындағы Амангелді ауылында туған.

« Әкем өмірден ерте кетті. Алты жасымда жетім қалғанда әкем не бары 31 жаста екен. Артында шиеттей алты баласы қалды. Жастықтан болар әкем есімде жоқ. 1921 жылы тоғыз жасымда атамнан, одан кейін шешем мен апаларымнан айырылдым. Ағамыз екеуіміз әжемізбен қалдық. 1928 жылға дейін ашыққан жоқпыз. Ал 1929 жылы халықтың басына үлкен ауыртпашылық аштық жылы басталды» - дейді өзінің естелігінде.

Кішкентай Жайықты 5 жастан асқаннан соң ауыл молдасына сауатын ашуға береді. Одан кейін заман күрт өзгеріп, кеңес үкіметі құрылады да, 1920 жылдың бас кезінде ауылда ашылған жаңа мектепке барады.

1927 жылы комсомол қатарына алынады. Зерек әрі ширақ Жайықтың албырт жастығы оны комсомолға әкелуі заңды еді. Өйткені Жүкең өмірге ерте араласқан, келешекке ұмтылған жалынды жастың бірі болатын. Комсомол жұмысына белсене араласа жџріп Ж. Бектуров өз құрбыластары ғана емес, өзінен үлкендердің көбімен салыстырғанның өзінде, біраз жерлерді аралап, шынығып, көпті көріп, көкірегіне түйген, заман барысын ерте тџсініп, ерте есейген алғыр жас еді.

Жасынан қазақтың ұлттық фольклорына сусындап, одан кейін Абай мен Мағжанның, Шәкәрім, Сәкен, Сәбит, Исалардың өлеңдерін жаттап өскен Ж. Бектұров білімге құмар болып өсті.

Ж. Бектұров жеті жылдық мектепті жақсы бітіріп, 1928 жылы Атбасардағы Халық ағарту комиссариатының 2 жылдық қызыл мұғалімдер курсіне түсіп бітіреді де, 1930-1931 жылдары кәзіргі Нұра ауданында(бұрынғы Ахмет ауылы) Ақтөбе, кәзіргі

“ Энтузиаст ” совхозында, кезінде Сәкен ашқан мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Ж. Бектұров 1932 – 1937 жылдары комсомол қызметінде болды. Ол 20 жасынан бастап Қазақстан өлкелік комсомол комитетінде, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол хатшысы және сол облыстың Пахтаарал, Арыс сияқты үлкен аудандарында комсомолдың бірінші хатшысы болып қызметтер атқарды. Комсомол жұмысына беріліп, қызу араласқан Жайық Бектұров білімін көтеруге ұмтылады.

Қарағанды облыстық партия комитетінің шешімінің негізінде 1932 жылы Алматы коммунистік университетінің газет бөліміне жібереді. Университетте Жайық Бектұров жақсы оқып қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, студенттер арасында ерекше көзге түседі. Сол кездің кезінде-ақ оның бойынан байқампаздық, әр нәрсеге ойлана қарайтындық, ұстамдылық байқалатын еді.. Осы кезеңде (1928 жылдан бастап сықақ өлеңдері, қысқаша әңгімелері) Жайық Бектұровтың мақалалары “Лениншіл жас”, “Социалистік Ќазақстан” т.б. республикалық, облыстық газет беттерінде шыға бастайды.

Жайық Бектұров оқуды үздік бітірген соң, бүкілодақтық Коммунистік партияның Қазақстан өлкелік комитетінің бюросының шешімімен басшылық қызметке ұсынылады.

1934 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитетінде алты облысқа алты жауапты адам болады. Соның бірі Жайық Бектұров еді. Өзі жауапты болған Семей, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында аштыққа ұшыраған халыққа жәрдем беру мақсатында ҚазОАК-ің (КазЦИК) бірінші төрағасы С. Меңдешов бастаған арнаулы комиссиямен келіп жерді аралап, жұмыс істейді. Сол жылдың көктемінен жылдың аяғына дейін Ќазақстанның жартысынан көп жерін аралап шығады. Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Қарағанды, Қызылжар, Ақмола, Батыс Қазақстан, арғы жағы Омбы, Саратов, Мәскеу сияқты қалаларды, аудандарды, ауылдарды аралауға тура келеді. Одан кейін Оңтүстік Қазақстанға обком комсомолының мүшесі болып сайланады да, пионерлер ісі жөніндегі хатшысы болады. Жастық өмірі пионер мен комсомол жұмысымен тығыз байланысты болған Жайық Бектұров 1937 жылы партия қатарына алынады. Қайда жұмыс істесе де газеттен қол үзген емес. Әрдайым өзінің материалдарын астанадағы газет – журналдарға жіберіп отырды. Бұл кезеңде ол Қазақстан көлемінде көзге түскен, танымал қаламы ұшқыр журналист еді. ”Социалистік Қазақстан” газетінде бөлім меңгеруші, 1937 жылы “Лениншіл жас” газеті редакторының орынбасары болып тағайындалады.

1942 жылы “халық жауы” деген жалған жаламен 10 жылға сотталып, оның 5 жылын ізденісінің арқасында қысқартып, аман- есен 1947 жылы елге оралады.

Елге келсе де “халық жауы” деген аты бар көп қиындық көреді. Біраз жыл Талдықорғанда мектепте, одан кейін жергілікті газетте жұмыс істейді.

Ж. Бектұров лагерден босап шыққаннан кейін мақалаларын газет бнтінде жариялауы қиын болды. «Халық жауының» жазғанын жариялауға қай газеттің болса да батылы бармаған еді. Сондықтан Ж. Бектұров љз мақалаларын Сырымбетов, Өтегенов деген бүркенші атпен жариялап жүрді. Соның өзінде қаламы ұшқыр журналисті бұрыннан жақсы білетін редакторлар ғана кейде газет бетіне жариялауға келісуші еді.

1957 жылы Қарағандыға келіп, 1958 жылдың қаңтар айында арнаулы қаулымен Қазақстан жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесіне жауапты хатшы болып тағайындалады.

Бұл қызметте Ж.Бектұров 1989 жылға дейін жұмыс атқарады.

Осы кезењде Ж. Бектұров казір Қазақстанға мәлім ірі-ірі әдебиетшілердің бір тобын баулып, жастардың өсуіне орасан зор еңбек сіңірді. Солардың қатарына Ә. Нұршайықов, А. Сейдімбеков, К. Салықов, өзімізге мәлім Қарағандылық жазушылар Д.Оськин, Г. Григориади, Л. Лунина, Л. Усова, К. Садыков т.б. жазушыларды жатқызуға болады.

Ж. Бектұров осындай азаматтарды өз шәкіртім деп санайды, бірақ оларды мен тікелей үйреттім демейді. Оның естелігінде “Талантты жастардың талпынысына өзімше аз болса да әсерім тиді ғой деп ойлаймын”- деген жолдары бар. Бұның өзі Ж. Бектұровтың ірілігін, тереңдігін, асып - тасымайтын қарапайымдылығын көрсетеді.

Қарағандыда өткізген 40 жылдай уақытында Ж. Бектұров қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, тарихына орасан зор үлес қосты. Солардың қатарына тарих қойнауында жатқан талай тарихи деректерді зерттеп жазған еңбектері, алаштың арыстарының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында атқарған еңбектері - бүгінгі мен ертеңгі ұрпақ үшін маңызы зор артында қалдырған қайталанбас асыл мұралары жатады.

Орны толмас өкінішті жағдай оның “халық жауы” деген жалған жаланың салдарынан шығармаларын жарыққа шығаруға кедергі болуы. Ал егемендік алған соң мұнымен айналысуға жасы келіп қалған Ж. Бектұровтың шамасы келмеді. Сондықтан жазушының жарыққа шыққан кітаптары аз. (мақалалар жинағы ”Жол жоралғысы”(1977), өлеңдер мен поэмалар жинағы “Өткелдер”(1991), ”Ақиқат”(1995), ”Таңба”(1997), қайтыс болғаннан кейін шыққан “Енеден ерте айырылған төл секілді” (2002 жинаѓы).

Шежіре жазушы, журналист Жайық Кагенұлы Бектұров 26 наурыз 1998 жылы қайтыс болды. Бірақ Ж. Бектұровтың күреспен, ізденіспен өткен өмірі, шығармашылығы кейінгі ұрпаққа асыл мұра, өмірі үлгі.

Жазушы Жайық Бектұров

(Әңгіме)
Жайық Бектұров қазақ әдебиетінің зиялы ақсақалдарының бірі, қазақтың ұлттық әдебиетінің керегесін көтерісіп, шаңырағына уық шанышқан жазушы, ақын, журналист, аудармашы, дарынды зерттеуші. Бџкілодақтық жағырапия қоғамының мүшесі Жайық Кәгенұлы Бектұров баспасөз жқұмысына ерте араласқан. Республикалық жастар газеті “Лениншіл жас” газеті редакторының орынбасары, Жамбыл облыстық “Коммунист” газетінің редакторы болып, Республикалық партиялық газеті “Социалистік Қазақстан”, Талдықорған аудандық газеті “Советшіл Жетісу” т.б. газеттерде жауапты қызметтер атқарды.

Өмір дүбіріне сергектікпен қарап, ой еңбегі мен дене еңбегін қатар шынықтырған Жайық Бектұров көргені көп, тоқығаны мол жан еді. Байқампаз, ұшқыр ой, білімге деген құштарлығы оны Қазақстанның белді деген журналистер қатарына ерте қосты.

Оның мақалалары, очерктері, әңгімелері 1932-жылдан бастап (1928 жылдан бастап өлеңдері, кішкентай мақалалары) республикалық, облстық газет-журнал беттерінде жиі жарық көре бастады.

Мол тәжірибелі қаламы ұшқыр Жайық Бектұровтың жазушылыққа бір жолата бет бұруы зањдылық еді. 1958-жылдан бастап 30 жылдан астам Қазаќстан жазушылар Одағының Қарағанды облысаралық бөлімінің жауапты хатшысы болды.

КСРО жазушылар Одағының, Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, КСРО және Қазақстан журналистер Одағының мүшесі болуының өзі Жайық Бектұровтың әдеби өмірде еңбегінің зор екенін көрсетеді. Қазақтың мәдениеті мен әдебиетінің тарландарымен, тарихшыларымен, ғалымдармен шығармашылық байланысын үзбеген, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар шежіре жазушы.

Жайық Бектұров алаштың азаматтарын елімен қайта қауыштырған. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаевтар бейнесіне шаң түсірмей ескіртпей, естелігімен, ізденісімен кәзіргі, келешектегі ұрпаққа ұлы бейнелерін анық қалдыру жолындағы үлкен еңбектерінің өзі бір төбе.

Ж. Бектұров республиканың әдеби ортасында кеншілер өлкесінің қалыптасуы мен дамуының, оның орталығы Қарағандының шежіресін жазушы ретінде де белгілі.

1977- жылы “Жол жоралғысы” деген кітабы шықты. Бұл жинақта жазушының Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Потанин, қобызшы-жыршы Н. Атабеков жайлы тарихи-көркем очерктері енгізілген. Ал халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қажымай жинап бастырудағы еңбегі бір төбе. Жайық Бектұров Абай, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мџсрепов, Ғ. Мұстафин, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Б.Тәжібаев, Т. Жароков, С. Ерубаев, Б. Сәрсенбаев т.б. жазушылар еңбегіне сын мақалалар жазған. Қол жазбаларында осы жазушылар туралы естеліктері жиі кездеседі.

Ж. Бектұров сонымен қатар аудармашы. Галина Серебрякова, Петефи, Дефо, Гашек, Пантелеев т.б. жазушылар еңбектерін аударып, оқырмандар көңілінен шықса, Азия, Африка жазушылары мен ақындарының еңбектерін де қазақ тіліне аударған.

Кейінгі жылдары яғни 1991-жылы “Өткел” өлеңдер жинағы, 1995 жылы “Ақиқат” әңгімелері, ал 1997-жылы бұрын “Төгілген ар” атпен Жұлдыз журналының беттерінен жарық көрген естелік-романының I-ші томы Ж. Бектұровтың көзі тірісінде “Қазақстан” баспасы Республиканың ұлттық ғылым акедемиясының Орталық Қазақстан аймақтық бөлімшесі жазушының 80-жылдық мерейтойымен құттықтауларында “Біз сізді қазақ мәдениеті мен тарихының теңдесі жоқ білгірі, қазақ өркениетін асқарлы өреде дамытуға мол үлес қосқан сирек санаткері деп білеміз. Әсіресе, сіздің ақтаңдақтар ақиқатын ашуға бағытталған еңбектеріңіз, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген “Төгілген ар”, “Тайбуырылдың өлімі” романдарыңыз көркемдік қуатымен қоса мол ғылыми тағылымымен де аса бағалы.

Проза мен поэзия, очерк пен серкесөз саласындағы соңғы жылдары жазған айшықты шығармаларыњыз қазақ ұлтының ұлтжанды санасын оятуға, кенен үлес қосқанын айтуды өзіміздің парызымыз деп білеміз”- деген сөздерінің өзі Ж. Бектұровтың еңбектерінің қаншалықты құнды екендігін, әрі жазушылық дәрежесініњ қаншалықты биік екендігін көрсетіп тұр емес пе!

Ж. Бектұров- Кенесарыдан, Бөкейхановтан бастап Қазақстанның нелер көрнекті қайраткерлерінің өмір жолдарын жаңа ұрпаққа республикамызда ең алдыңғылардың бірі болып жазған журналист, жазушы.

А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов аталарымыз ақталсымен, алаштың осы бір алыптарының сүбелі еңбектерін басқалардан бұрын жастарға танытып, “Орталыќ Қазақстан” газетіне бірінші болып жариялаған да Ж. Бектұров.

Әдеби зерттеу жұмысы Ж. Бектұровтың шығарашылық өмірінде маңызды орын алады. Жүзден астам қазақ зиялылардың тағдыр –талайын баяндап, зерттеп, бүгінгі мен ертеңгіні байланыстырған…

Сондай маңызды зор еңбектерінің бірі қазақ халқының ардақты азаматтары Ш. Уәлиханов, С. Сейфуллин, Н. Нұрмақовқа Омбы қаласында ескерткіш-тақта орнатуда сіңірген еңбектері. Тарихи деректерді жинастырып, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Шоқан мен әкесі Шыңғыс, Сәкен, Ыбырай мен Потанин, Бұқар жырау бабамыз, Машқұр Жүсіп, Қажымұқан, Балуан шолақ, Ақан сері, Майра Уәли, т. б. тұлғалардың көбіне ескерткіштер қойысып, олар туралы терең мағлұматтарды тірнектеп жүріп жинап, болашақ жастар үшін мол мұра қалдырды. Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Қарағанды, Ќызылжар, Ақмола, Қарқаралы, Ұлытау, Жезқазған Баянаул, Қараөткел, Бурабай, Торғай, Омбы, Саратов, Мәскеу т.б. қалалар мен жерлерде болып, тарихи деректер жинап, тарихи адамдар өмірлерінен жазған жол-очерктерінің өзі үлкен бір

қазына. Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин туралы көп жылғы зерттеулері ”Жол жоралғысы” атпен 1977 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрді. “Жазушы” бапасынан 1991 жылы “ Өткел ” өлеңдер жинағы, 1995 жылы “Ғылым” баспасынан“ Ақиқаты осы еді”, “Таңба” әуелгі аты “Төгілген ар” романының 1-ші томы 1997 жылы “Қазақстан” баспасынан жарыққа шықты. “Енеден ерте айырылған төл секілді” жинағы 2002 жылы Жайық Бектұровтың 90 жылдық мерейтойының қарсаңында “Қазақстан” баспа үйінің директоры Н.Оразбектің тікелей еңбегінің нәтижесінде жарыққа шықты.

Ж. Бектұров көркем аударма саласында да елеулі еңбек етті. Д. Дефоның “Робинзон Крузо”, А. Чаплыгинның “Степан Разин” романдарын, Л. Пантелеевтың жиынтығын, Фраерман, Андерсен, Г. Серебрякова, Я. Гашектердің шығармаларын қазақ тіліне аударған болатын.

Ж. Бектұров кеншілер өлкесінің қалыптасуы мен дамуының, оның орталығы – Ќарағандының шежіресін жазушы, «Ќарағанды, Ќарағанды облысы» энциклопедисын жазушының бірі.

КCРО Жазушылар одағының, Қазақстан Жазушылар одағы басқармаcының мүшесі, КСРО және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Бүкілодақтық географиялық қоғамының бөлімінің мүшесі, партия мен еңбек ардагері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұровтың қоғамдық және әдеби өмірдегі еңбегі оған атақ – абырой әкеліп, жұртшылықтың құрметіне бөледі.

Қазыналы қаламгерде ой көп, пікір көп болатын. Осынау өршіл ой, асыл сырларын жазушы сонау жылдары өзінің ақыл кеңесін тыңдап, азды-көпті шарапатын көрген, ал бүгінде қазақ әдебиетінің бір-бір тұлғасына айналған К. Салықов, Ә. Нұршайықов, А. Сейдімбеков, Ю. Герт, С. Ақсұңқарұлы, С. Ләмбеков т. б. ақын жазушылармен өмірінің соңына дейін үнемі бөлісіп отырған.

Көп жасап, көпті көрген, асылды терген Ж. Бектұровтың әдеби қоры мол. Жазушының өмірі мен әдеби мұрасы келешек ұрпақ үшін асыл мұра. Оның еңбектерін зерттеу, жарыққа шығару, оқырмандарына жеткізу, жазушы Ж.Бектұров туралы айтылар сөз, толғанар ой пікірлер бүгінгі мен кейінгі толқын жастардың парызы да шежіре жазушы алдындағы қарызы да.



Жайық Бектұров саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі

(Әңгіме)
Саяси қудалау мен жазалау дәуірініњ ауыр кезеңінде қазақтың бетке шығар қаймағы - оқыған, зиялы азаматтарының көпшілігі Сталиндік қуғын - сүргіннің құрбаны болды. Соның бірі Қарағанды қаласының көрнекті қаламгері, көненің көзі, дананың өзі батагөй жазушы ақсақалды жазушы Жайық Кәгенұлы Бектұров болатын.

1937 Жайық Бектұров “Лениншіл жас” газетінің редакторының орынбасары болып тағайындалады. Қазақстандағы белді бір журналист болып тұрған кезінде біраз қудалауға түскен болатын. Ол кезде партиялық есепте “Социалистік Қазақстан” газетінде еді. Ақырында бюро мәжілісінде “ Қайда барса да арнайы қаулымен барған екен, газетте істеуіне болады ” деп ақталып, осы газетке жұмыcқа орналасады.

Жамбыл, Аќмола, Қызылорда облыстары құрылғаннан кейін 1939 жылы Жамбыл облыстық газетіне бас редакторлыққа тағайындалады. Бұл кезеңде Жайық Бектұров қай жағынан алса да тәжірибесі мол, шебер журналист, өз жұмысын жақсы білетін қызыметкер болатын. Бар ынта – жігерімен қызу жұмысқа араласып кеткен журналисті соғыс басталып кеткеннен кейін 1942 жылы аяқ астынан 105 – ұлттық дивизияға шақырып алып, дивизиялқ газеттің редакторы етіп тағайындайды. Ол кезде газет редакторына бронь берілетін.

“ Бұл маған бір тықырдыњ таянғанын сездіргендей болды. Жап – жақсы жұмыс істеп, білдей бір облыстық газеттіњ редакторы болып жџрген мені армияға шақыруы тегіннен – тегін еместігі белгілі.”- дейді естелігінде Жайық Бектұров. Ташкенттен Жамбылға келе жатқанда 1942 жылы 22 – майда “халық жауы” деген жалған жаламен тұтқындалады. “Ұлтшыл” деген айдар тағылып 8 адам Жайық Бектұров ісімен бірге өтеді. Алматыда 8 ай тџрмеде отырады. Сондағы Ж. Бектұровқа таққан айыбы астыртын ұлтшыл ұйымның қатарына кірдің, сегіз адамнан тұратын бұл топ Кеңес өкіметіне жаулық іс-әрекет жасауды мақсат еткен деген жалған жала.

Түрмедегі тергеушінің ендігі мақсаты кінәні айыпкердің мойнына қойып, қылмысын қайткен кџнде мойындату. Абақтыда осындай текетіреспен өткен 8-айдын жартысына жуығын Ж. Бектұров өлім жазасына кесілгендердің камерасында жалғыз өткізді.

Тергеу кезіндегі айуандық қысымға бәрі бірдей шыдай алмады. Жаздың шыжыған ыстығында ыстық карцерде отырып, үстіндегі киімі мен бір қабат терісі сыдырылып түссе де, аштықпен шөлге шыдаған. Бұнымен қатар ұйықтатпай есін тандыра қалжыратса да өмірге деген құштарлығы, отанына, еліне деген адалдығы, сүйіспеншілігі, рухани күштілігінің арқасында бәріне шыдап, жеңіп шықты. Өз дегендеріне көндіру ниеттеріменн әбден есін шығарып , қалжырату үџшін тікесінен тік тұрған қалпында қарулы қарауылдар кезек -кезек бақылауға алып, ұйықтатпай, көзі ілініп бара жатса жұдырықпен түйгіштеп бір неше тәулік бойы ұйќыдан әбден қалжыратады. Ж. Бектұровты бұл темір қыспақ та жеңе алмағ

Бірақ Ж. Бектұровтың шындық сөзіне сенсе де сенбей, ойдан -қырдан құрастырылған жасанды, жалған құжаттар бойынша КСРО НКВД-сының айрықша Кеңесінің шешімімен РФСР қылмысты істер кодексінің 58-бабымен сырттай сегіз адамның 3 –ін ең ауыр үкім – ату жазасына, бесеуін 10 жылға соттап, оның ішінде Ж.Бектұров та бар, солтүстік теріскей Оралдағы “Ивдельлаг” лагеріне айдап жібереді.

Лагерьде Ж. Бектұров өзінің шыдамдылықпен ізденгіштігін тоқтатқан емес. Қолда таза қағаз деген атымен жоқ. Қайыңның қабығына, цемент орайтын қатырғы қара қағазға, қолға тџскен газет-кітаптардың қиындыларына жазатын едік дейді естелігінде.

Соның арқасында 1945 жылы ақпан айында КСРО НКВД-нің айрықша кеңесінің шешімімен 10 жылды 5 жылға қысқартқанынан кейін, 1947 жылы 22 мамырда аман- есен бостандыққа шығады.

Түрмеден шыққаннан кейін Ж. Бектұровтың астанаға тұрмақ түгілі оған 112 км. тақауға құқы болмады. Сол кезде НКВД ешқайдан жұмыс бергізбей, қолына паспорт та бермей, соңына қайтадан тџскен болатын. Сондықтан Ж.Бектұров аман-есен еліне оралса да адам айтқыcыз бейнет көреді. 1948 жылдың аяқ кезінде Талдықорған қаласына келіп жұмысқа орналасады.

Жабылған жала тек 1955 жылы ҚазССР Жоғарғы сотының Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1988 жылы 22 тамыз айында ҚазССР-ыњ Жоғарғы соты президиумының

шешімімен қылмыс құрамының болмағандығынан іс-жџргізу жұмысы толық тоқатылды. Ж. Бектұров 1993 жылдың 21 қыркүйегінде Жоғары соттан ақталғандығы туралы анықтама алды. ҚР-ның 1993 жылы 14 сәуірдегі ”Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” заңының негізінде Жайық Кагенұлы Бектұров ақталды.

Сталиндік зұлматтың көп азабын бастан кешкен Ж. Бектұров осы кезеңді өзінің “Таңба”(1997) романында шыншылдықпен жан-жақты, әрі жалпы қазақ елінің сол кездегі саяси, әлеуметтік, экономикалық деңгейін көрсеткен. Әуелде “Тігілген ар” аталған бұл романды оқығанда бастан кешірмек түгілі, оқуға да ауыр, кінәсіз жандардың азапты өмірін көз алдыңызға анық елестетеді.

Суық қараңғы тас карцерде Тұрлыбек қалшылдай бастады. Аузынан қанжылым бірдеңе ағып жатыр. Денесі мұздай, ықылық атып, кейде қалай екені белгісіз, қалғып та кетіп, денесі жансыз қалыпта отырды. Карцерден ол шала-жансар шықты. Сонда да ойының жібек жібі онша үзілген жоқ” немесе “Көздері сөнген, өздері жуасыған. қайың қабақ шөркелерінің басына тесіле қараған беттері ісік, қимылдауға шамалары жоқ Тұрлыбек пен Естайдың бет-ауыздарына тек күйе жағу, шешіндіріп, жалаңаш беттеріне таңба басу ғана қалғандай”-дейді. Адамдарды азаптап, қорлайтын. Кейде шыдамай өзіңе өзің қол жұмсағың келетін кезеңдер де болатындығын еске алатын. Өзінің басынан өткен осы бір азапты кезеңдер туралы “Ыстық карцер”, “Тайгадағы суық карцер”, “Этап”, “Сібірде” атты өлеңдерінде анық айтылған.

Бес жылдан кейін ақталып шыққанда Жайық Бектұровтың денсаулығы көрген зардаптарының нәтижесінде өте қиын жағдайда болды. II-ші группалы инвалид болып, қолым селкілдеп жағдайым қиын болды. Ал балаларымның денсаулығы онша болмады. Бұл да сол азапты жылдар себебі. “Мұндай ауыртпалықты тек жалғыз мен ғана тартқан қасірет, азап деп ойламай, осындай жан тџршігерлік қысастық қаталдықты тџрмеде, лагерда ешбір кінәсіз қаза тапқан сан мыңдаған адамдардың тағдыры” деп тџсінген жан деп жазатын кеудесі кең дана Ж. Бектұров.



Тіпті, араға 13 жыл салып 1955 жылдың күзінде ақталып, елге оралғанының өзінде де өте қиын болды. Жазғанын жарыққа шығаруға мџмкіндік болмады. Ж. Бектұровтыњ жазғанын алып қарамай түгіл қасына жақындасуға қорқатын кез еді.

Заманмыздың ұлы суреткері Мұхтар Әуезов сол 40-50-ші жылдары нақақтан сотқа ілігіп, жазықсыздан жапа шегіп қайтқан бір топ жазушыны “тұсаулы таланттар” деп, олардың шығармаларына жоғары баға бергені белгілі. Осындай тұсаулы таланттың бірі Жайық Бектұров еді.

Тіліне тиым, қолына кісен салынған сонау азапты жылдарда кеткен есесін қайтару үшін кейінгі жылдары бірталай дүниесін шығарып үлгерді

Соның бірі көз жұмар алдында ғана жарық көрген “Таңба”романы. Бұл романның қазақ әдебиетіндегі орны бөлек. Бұрын қазақ жазушылары бұл тақырыпта жазса да әртџрлі тарихи құжаттар, материалдар негізінде жазған. Ал “Таңба” жазушының өз басынан өткен, көзбен көргендері. Сондықтан да саяси қырғын-сүргіннің алапат ащы шындығына арналған басқа еңбектерден қай жағынан болсада ќұнды, орны бөлек, ерекше еңбек.

Өлі мен тірінің арасында жүріп рухани күшінен, сәулелі ақыл-ойынан, шықармашылық қабілетінен айырылмағаны, одан кейін жан-жақты қызу өмір кешіп, одан әрі бастағандарын жалғастыру таң қалдырарлық, келешек ұрпаққа үлгі боларлық қасиет.

Өмірі ұрпаққа үлгі, мұрасы асыл қазына саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі Жайық Кәгенџлы Бектұров аруағының алдында бас иеміз.

Сөйлеп кетсе аузына бар елді қаратқан, көргені ұлан-асыр,

білгені тілегей-теңіз Жайық Бектұров ерекше жан болатын. Оның білімдарлығы, зергектілігі, есте сақтау қабілеті, өмірдегі сергектігі кімді болмасын еріксіз қайран қалдырушы еді.

Жайық Бектұровтың жазбаған тақырыбы жоқ па дейсің. Не жазса да шындықты тебірене отырып жазған. Еліне, жеріне деген үлкен жүрегі, ұшан-теңіз махаббатының күштілігі болар, өмірде не көрсе де шыдап, жеңіп шыққаны. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Жайық Бектұровтың өнегелі өмірі, әдеби-қоғамдыќ еңбектері кейінгі буынға да, келер толқынға да үлгі.



Жайық Бектұров ел есінде

(Әңгіме)


Кешегі мен бүгінгіні, бүгінгіні ертеңгімен жалғастырған өмірінің соңғы 40 жылын Қарағанды қаласында өткізіп, артына мол мұра қалдырған Қарағанды қаласының құрметті азаматы шежіре Жазушы Жайық Бектұровтың арамыздан кеткеніне талай жыл болды.

Сөйлеп кетсе аузына бар елді қаратқан, көргені ұлан-асыр, білгені тілегей-теңіз Жайық Бектұров ерекше жан болатын. Оның білімдарлығы, зергектілігі, есте сақтау қабілеті, өмірдегі сергектігі кімді болмасын еріксіз қайран қалдырушы еді.

Жайық Бектұровтың жазбаған тақырыбы жоқ па дейсің. Не жазса да шындықты тебірене отырып жазған. Еліне, жеріне деген үлкен жүрегі, ұшан-теңіз махаббатының күштілігі болар, өмірде не көрсе де шыдап, жеңіп шыққаны.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін Жайық Бектұровтың өнегелі өмірі, әдеби-қоғамдыќ еңбектері кейінгі буынға да, келер толқынға да үлгі.

Сондықтан болар Жайық Бектұровты жастар жақсы көретін. Оның таусылмас әңгімесін тамсана, жалықпай тыңдайтын да. Айналасында таланты жастар көп болатын.

“Сіздің қиын-қыстау аласапыран өміріңіз ұзақ сонар эпопея. Сіздің қажымасқќайтпас өміріңіз ұрпаққа үлгі болып қалады” деп партизан жазушы Қасым Қайсенов жазған болатын.

« Социалистік Қазакстан », « Лениншіл жас », « Алматы ақшамы», « Орталық Қазақстан » газеттерінің, « Жалын », « Жұлдыз », « Ақиқат », « Зерде », « Парасат » журналдарының беттерінде Ж. Бектұров шығармашылығына үлкен бағалар берілді.

Барлық оқу орындары, кітапхана ұйымдары Жайыќқ Бектұровты жастардыњ тәлімгер ұстазы және тәрбиешісі ретінде жақсы білетін.

Ж. Бектұровтың өмір шежіресінен медицина ғылымының докторы, профессор М. Т. Алиякпаров “Жайық мінген қайыќ” (1997) оқырмандар көңіілінен шыққан кітабын жазып шығарды.

Украина ақыны Д. Луценко «Бесбармак», журналист Кәрім Сауғабаев «Әулие шал», ақын С. Ақсұңқарұлы «Әзілің жарасса», «Қарашал», жазушы С.Ләмбеков «Қайратты жан» атты өлеңдерін арнаса, Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенттерініің өздерінің ұстазы , тұла бойы тұнған шежіре жанға арнаған өлеңдері қаншама. Өкінішке қарай бір екеуінен басқасы сақталмаған.

Ж. Бектұровты өзінің ұстазы деп ардақтайтын ақынымыз Серік Ақсұңқарұлы жазушыға арналған өлеңінде:

“Билік болса қолымда,

Жүзін нұрға бояр ем,

Айхай, кітапханасы -

Шалқып жатқан ой-әлем!

Тірісінде шіркін-ай,

Музей салып өзіне,

Өзін бір сол музейге,

Директор ғып қояр ем”

деп жырлады. Ақынның айтқаны, халықтың тілегі, жастардың арманы бүгінде іске асты. “Кітабым асыл бұйым төрімдегі” деп жазушының өзі айтқандай артында қалған асыл мұралары кітапхана төрінен орын алды. Облыстық жасөспірімдер кітапханасына аты берілді. Ж. Бектұровтың мемориалдық кабинет мұражайы және Ж. Бектұровтың оқу залы ашылды.

Ж. Бектұровтың екінші мәңгілік өмірі, ұрпаққа ұлағатты өмірі басталды. Елінің, халқының алдындағы парызы мен қарызын толық ақтаған асыл ағамыз, әкеміз жазушы-ақын, журналист, аудармашы, публицист, зерттеуші Ж.Бектұров алдындағы парыз бен қарызды өтеу кезеңі енді бізге, кейінгі толқынға келген сияқты.

Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімінің 2003 жылы бітірген Мүтялапов Қуаныш жазушы «Ж. Бектұровтың публистикасындағы зиялы азаматтар» тақырыбында дипломдық жұмысын “өте жақсы” бағамен қорғап шықты. Бұдан басқа жазушы шығармашылығынан кандидаттық жџмыс қорғауға дайындалып жүрген, жазып жатқан бір журналист, бір педагог бар.

Ж. Бектұров өмірін шығармашылығын зерттеу кітапхана үшін ерекше қасиетті жұмыс. Ол бүгінде басталып та кетті.

Ж. Бектұровтың кітапхана қорына алынған 4189 экз. кітап жинақталса, кабинет-мұражайы жазушының көзі тірісіндегідей келгендерді қарсы алуда.

Ж. Бектұровтың өмірбаяны, шығармашылық жолы кітапхана сайтында үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған, оны сіздер Интернеттен www.uniorlib.narod.ru адресі бойынша таба аласыздар.

Ж.Бектұров туралы айтылар сөз, толғанар ой келешектікі, жастардікі. Жазушы рухы сезіліп тұрған, өзі болмаса да сөзін қалдырған Жайық Бектұров кітапханасының есігі әрқашанда баршаңызға ашық.



Ж. Бектұров туралы ақын, жазушылар , ғалымдар сөздері

“Қазіргі жастардың ішінде ғылымға берілген ойшыл, кемеңгер аз емес. Ол біздің жұртшылығымызды қуантатын

ортақ бір қасиет. Жазған хатың бойынша өзіңді де сол ерең ойлайтын ақылды жастардың бірі деп түсінемін.”

Әлкей Марғұлан

“…Мен сені советтік құрылысқа адал жан деп санаймын. Осы бағытыњнан бір жылдары жазықсыз жазаланған күнде де таймадың. Оған дәлел - сапардан орала құрылыс істеріне белсене кірісіп кетуің. Қажырлы, жігерлі адам екенсің”



Сәбит Муканов.
“Сені бала жігіт кезіңнен білемін ғой. Содан бері санама берік орнағаны - сенің әділет жолынан таймауың, әрдайым сеніміңді сатпауың, өз пікіріңе тұрақты болуың”.

СәбитМұқанов.

“Сіз дауылға да иілмейтін заңғар, түбі берік еменсіз, асыл туған адамсыз.”



Академик Шотаман Ыдырысұлы Уалихан.
“Өзінің көп қасірет шеккен халқымен біре өз басынан нелер жан түршігерлік азапты ерлікпен өткірген сіздей адаммен қатар өмір сүргенімді өзіме мақтаныш көрем. Сіздей шежіре адамдар тұрғанда біздің қасіретті тарихымыз еш уақытта ұмтылмақ емес. ”

Академик Шотаман Ыдырысұлы Уалихан.

“Шортанбай шоғырларын“ зар заман ақындары деп атадық қой. Ол зар заман құнарлы жерімізді тартып алса да, халқымыздың тіршілігінің көзі малдан айырылған жоқ еді ғой. Нағыз үлкен зар заман біздің тұсымызда құдірет күшіне енді.

…1933 - жылы қазақ сорлының қара шыбындай қырылғанын өз көзіммен көргенмін. Міне нағыз зар заман осы тұс еді. Сені сол үлкен зар заман ақындарының бастауы дер едім. Ол кезді сенен артық жазған адам жоқ.”

Ақын Әбу Сәрсенбаев
“ Егер қайта құру заманы кезінде әдебиетте жаңа талпыныс пайда болды десек, онда дәуір “сыйын” көп көрген Жайық Бектұров пен архивтің қан аралас шаңын жұтқан Шерхан Мұртазаның сахналық шығармасынан басталады деу орынды”

Профессор Тұрсынбек Кәкішев.

“Қайта құру заманында Жайық Бектұровтың шығармашылық өнерпаздығының екінші тынысы ашылды”



Профессор Тұрсынбек Кәкішев.

“Cіз шежіре адамсыз... Қара сөзбен де , өлеңмен де жаздыңыз. Уа, дүние - ай десеңізші! Қаншама асыл қазыналар тар кеудеде сақталынып келген... Сіздің енді жарық көріп жатқан дүниелеріңіз бұлақ көзі ашылғандай әсер береді”



Ақын Ғафу Қайырбеков.
“Сіз ғажайып талант иесісіз. Сіз өз ісіңізден, өнеріңізден ләззат алып, шабыттанатын жансыз. Сіз ел адамысыз, жасыңыздан шыныққан ұрпақ өкілісіз. Зейнетті де, бейнетті де көп көрдіңіз. Зейнеттен тасымадыңыз, бейнеттен асымадыңыз”

Академик Манаш Қозыбаев.
“Жайық Бектұров Кенесарыдан, Ә.Бөкейхановтан бастап Қазақстанның нелер көрнекті қайраткерлерінің өмір жолдарын жаңа ұрпаққа Республикамызда ең алдынғылардың бірі болып паш еткен автор.”

Академик Ә. Сағынов.
“А.Байтұрсынов, М.ұўмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М. Дулатов аталарымыз аќқалысымен, тіпті олар ауызға алынбай тұрғанда да осы алыптардың сүбелі еңбектерін жұрттан бұрын, осы өзіміздің “Орталық Қазақстан” беттерінде жариялаған да Жайық Бектұров ”.

Академик Ә. Сағынов.
“Іргелі архивтерден, әдеби, ғылыми орталықтардан бір шет отырып-ақ, асыл ағаларымыздың жауқазын да құнды мұраларын ұқыптылықпен жинап, көпшіліктің игілігіне айналдырып келе жатқан Жайық Бектұровтай білікті де,

қажырлы азаматтарымызды бағалап, қадір тұтып сыйлау керек”.



Академик Ә. Сағынов.
“Жәкең бұқара арасында көркем әдебиетті насихаттау жұмысына көп араласады, студент-жастарға әдеби-эстетикалық тәрбие жұмыстарын жұргізуде де еш жалықпайды”

Академик Ғабдолла Құлқыбаев.
«Анамыздың әлдиіндей, өзіңіз құлағымызға құйған анау Ахметтің, Шәкәрімнің, Мағжанның, Міржақыптың, Сәкеннің тағдырларын елестетіңізші. сіз сол арыстардың көзі болып, сөзі болып, өкше басар ұрпағымызбен жалғастыңыз…»

Ақселеу Сейдімбеков.

«Жәкең – шежіре адам. «Кеудесі жақсылардың алтын сандық» демекші, бұл ағамыздыњ ұрпаққа ұлағатты әңгімелері, ескірмейтін естеліктері көл көсір.

Бұған Жәкеңнің қаламынан туған бағалы дастандар мен толғауларды, өлеңдерді қосыңыз. Бұл дегеніңіз әдебиет пен өнер зерттеушілерінің, тарихшы ғалымдарѓа аса жәдігер мұра болып табылады.

Ақселеу Сейдімбеков.
«…Сіз тәрізді көнекөз, ескіқұлақ, көп білетін әрі халқымыздың тарихын, әдебиеті мен мәдениетін жақсы білетін, әрі жақсы көріп, соған жаны ашитын адамның Қарағандыда тұрып, өмір сүргеніне , еңбек еткеніне мен қуаныштымын!… »

Б.Ысқақов.

«…Мынау «Өртің» оңды екен. Тілің мінсіз, уақиға азулы. Жаз, Жайық , жинақ дайында! Асыға қимылда! Уақыт осыны тілейді…»



С.Талжанов.
«…Өз күнделігіңді қарастырып жатқаныңа қуанамын. Тарихи дерек жоғалмауға тиіс. Бүгін болмаса ертең, мүмкін, тіптен бізден кейін болса да жарық көрер. Өңдей түс!… »

Ақын Ә.Сәрсенбаев.

Жайық Бектұров – қазақ көсем сөзінің көш бастаушыларының бірі, һәм бірегейі.



Ақын Серік Ақсұңқарұлы.

«Қазақстан баспасынан жарық көрген «Енеден ерте айырылған төл секілді…» атты бір томдығы – қазақтың біреуге бодан болған заманы мен бүгін өз алдында егемен ел болған кезеңін жалғап тұрған көшелі көсем ойының бір алтын жібі десе болады.»



Ақын Серік Ақсұңқарұлы.
Ж. Бектұровқа арналған өлеңдер
Жайық Бектұровтың

(Қабірі басында оқылған өлең)


Қара шал, тізгін тартып, бөгел бері!

Өксікті айт өмірдегі, өлеңдегі.

Мағжан, Сәкен кеткен дүниеге

Сен-дағы жатырсың ба жөнелгелі?!


Қоя тұр…


Екі араны жалғаймыз да,

Екөуміз егіле әнге салмаймыз ба?


Сен жоқта шыққан тегін, түбін білмес

Тексіздің тұқымы боп қалмаймыз ба?!

Қоя тұр…

Бастан қанды ғасыр өтті.

Жай өтпей, өр кеудеңді басып өтті!

Соңында- шерін қозғап, боздап сүйген

Қазағың қап барады қасіретті.

Сұм ажал, ақынсың ба, батырсың ба-

Қайтеді, атам да жоқ, ақылшым да.

Алаштың азаттығын көзбен көріп,

алаңсыз аттанғалы жатырсың ба!?

Ендеше, қош дейді ұлың қасіретті.

Соңғы бір замананың, басы да- өтті.

Артында шыққан түбін білетұғын

Ұлы бір ұлыс қалды қасиетті…

Ақын Серік АқсұңқарӘлы.
Әзілің жарасса…

Халық жайлы жыр болса-

Жәкеңнен кеп сұраңыз.

Тарих жайлы сыр болса

Жәкењнен кеп сұраңыз.

Әлем жайлы сөйлессең-

Ой түбіне жетеді.

Әйел жайлы сөйлессең-

Әдемі боп кетеді.

Маѓғжанды айтқанда,

Жасқа толып етегі

Сталинді айтқанда,

Бухарин боп кетеді…

“Билік болса қолымда,

Жүзін нұрға бояр ем,

Айхай, кітапханасы -

Шалқып жатќан ой-әлем!

Тірісінде шіркін-ай,

Музей салып өзіне,

өзін бір сол музейге,

Директор ғып қояр ем”

Ақын Серік Аңсұңқарұлы.


Әулие шалға

Басына төнген

Қара бұлт қайғы мұңды аспан.


Тайгада жүріп

Тайбуырылмен сырласқан

Мен үшін, Жәке

Балқантау сынды биіксің


Келесің жырлап қазақтың шерін тынбастан.

Қонатын едік

Ұшатын едік жел тербеп


Сері сезім бе,

Бәрі кезім бе ертерек…

Алда барып, Мағжанның жырын


тыңдағам

Бүкіл қазақтан өзіңді тауып еркелеп.

Жолдардан өттіің қым қиғаш тарау не түрлі,

Балапан қаздар ата қаз болп жетілді.


Сол күннен маған
Мейрімді жан боп келесің

Ауылда жүрген

Диуана атам секілді.


Мұңайған шақта


Жебедің мені әкемдей, Парызым жүр ғой

Алдында, Жәке өтелмей.

Іштарлық мінез адыра қалсын ұлығым,

Әулие шалды

Оңбаймыз көкке көтермей.

Қастерлеп Өткен бозторғай дала ұяны,

Асылдың қалған ең соңғы болар тұяғы

Әулие шалдан айырылған күні бұл қазақ,

Шежіре үйдің сүйегі мәңгі жияды.

Журналист Кәрім Сауғабаев.

Қайратты жан

(Жайық Бектұровқа)

Ђрі дос, ақылшы аға Жәкем едің,

Әкемдей қамқоршы боп мәпеледің.

Жармастым жиырма жаста етегіңнен,

Жалықпай отыз жылдай жетеледің

Тағдырдың талай түскен тәлкегіне,

Ғұмырың ұқсайды: ертегіге.

Әйтеуір талпынудан бір танбадың,

Сенім мен үміт артып ертеңіне.

Сол сәуле демеу болып талабыңа,

Қашанда қайрат берді талабыңа.

Түсірдің ақ қағазға жан сырыңды,

Шындықты салып көптің сарабына.

Жазықсыз заманыңан жаза көрдің,

Жасымай ойдың кенін қаза бердің.

Тарландай төске салса кеште озатын,

Бұл күнде бір өзіңде назары елдің

Көненің көзісің де, өзісің де,

Қазақтың сөз мәйегі өз ішіңде.

Ерекше бөлек иіс, бөлек дәм бар,

Ойыњның күнде пісер жемісінде.

Тасысаң дариядай жайылатын,

Қайыптан қойылмаған Жайық атың.

Тұрады көре білер көзге ұрып,

Қарымың құланды да қайыратын.

Жатқанда жаңа танып бабамызды,

Болған жоқ беріп бұл жұрт бағаңызды.

Түбінде елдің бәрі бір таныды,

Жәкеңдей қайратты жан ағамызды.



Жазушы Сапарғали Ләмбеков.
Бектуров Жаик Кагенович

Жайык Бектуров - писатель, переводчик, журналист, член Союза писателей СССР и Казахстана, член географического общества, почетный гражданин г.Караганды родился 15 октября 1912 года в местечке Кызылагаш Акмолинской области. По старому обычаю, с пятилетнего возраста учился у муллы, затем в сельской школе.

Был направлен на курсы учителей в Атбасар. С 15 лет начал учительствовать в аулах, а в 1930-1931 годах работал учителем в школе в селе Ахметаул Нуринского района Карагандинской области, позже был выдвинут на комсомольскую работу. После окончания в 1934 году Казахского коммунистического университета работал в аппарате Чимкентского обкома комсомола.

С 1937 года трудовая биография Ж. Бектурова неразрывно связана с литературной деятельностью. Он работал в республиканских газетах “Лениншіл жас”, “Социалистік Қазақстан”.

Годы сталинских репрессий уничтожили немало из высокообразованной казахской элиты. Это Жакып Акбаев, Алимхан Ермеков, Сакен Сейфуллин, Магжан Жумабаев и многие другие. Видные представители интеллигенции, они выступали за демократическое устройство государства, служили верой и правдой своему народу, за что были репрессированы и сосланы в лагеря. Среди них был и наш земляк – Жаик Бектуров.

Летом 1942 года, будучи офицером и редактором дивизионной газеты 105-й кавалерийской дивизии, по ложному

доносу в связях с врагами народа, поданному еще в 1937 году, Ж. Бектуров был арестован и осужден особым совещанием НКВД СССР на 10 лет лишения свободы. Отбывал их в Ивдельлаге Свердловской области и испытал на себе все недозволенные методы следствия, ужасы карцеров. В 1955 году его реабилитировали.

О пытках, которые применялись в отношении Ж.Бектурова во внутренней тюрьме НКВД КазССР в Алма-Ате, можно прочитать

во многих публикациях, в том числе в выступлении бывшего прокурора республики Г. Тулемисова на страницах журнала “Парасат” и судебном очерке одного из работников аппарата прокуратуры Казахстана А. Жевлакова “Агентурное дело: националисты”, опубликованном 1 января 1990 года в газете “Казахстанская правда”.

После освобождения в 1955 году, несмотря на подорванное здоровье, Жайык Кагенович активно включился в общественную и литературную жизнь республики. Почти тридцать лет он был членом правления Союза писателей Казахстана.



Можно смело сказать, что каждая работа писателя имеет свою историю. Каждая книга - поступок, и все они расскажут о жизни писателя во много раз лучше, чем он сам бы это сделал.

О жестоких испытаниях лагерной жизни, о молохе тоталитаризма, уничтожившем весь цвет нации, о годах политических репрессий и застоя в стране Жайык Бектуров написал роман “Төгілген ар”, состоящий из трех частей. Работа над романом была начата еще в конце 40-х годов и закончена в 1989 году. Первая часть романа опубликована впервые в 1996 году в журнале “Жулдыз”, а в 1997 году в издательстве “Казахстан” вышел весь роман под названием “Таңба”. Его исторический роман «Таңба», в котором рассказано о сталинских репрессиях, был опубликован в издательстве «Казахстан» в 1997 году незадолго до его кончины. Ж. К. Бектуров первым в широкой печати рассказал о погибших в исторической мясорубке репрессий А. Байтурсынове, М. Жумабаеве, Ж. Аймаутове и др. В своем романе «Таңба», поэмах, очерках писал о годах, проведенных им в сталинских лагерях, о суровых испытаниях, беззаконии и жестокости.

Позднее воспоминания той поры легли в основу не только этого произведения, но и романа “Сырласу”, поэм “Этап”, “В Сибири”, стихотворения “В таежном зимнем холодном карцере”.



В 2002 году издательство “Казахстан” выпустило посмертное издание романа “Енеден ерте айрылган тол секiлдi”.

Жайык Бектуров - художник многоплановый, весьма богато жанровое разнообразие произведений писателя. Помимо романов им написаны и опубликованы повести, рассказы, стихотворения, многочисленные очерки, статьи. Его поэмы “Поэт и подлец”, “Письмо сестре”, повесть “Последние дни Сакена”, очерки об основоположниках казахской национальной литературы А. Байтурсынове, М. Жумабаеве, Ж. Аймаутове, М. Дулатове, поэте Шакариме Кудайбердиеве, Бухар-жырау, видных

общественных и политических деятелях отмечены печатью подлинного таланта. Он оставил воспоминания о многих репрессированных деятелях, с которыми ему довелось встречаться.

Он в полный голос говорил о лучших представителях своей нации. Большой знаток казахской и ценитель русской литературы,
Ж. Бектуров широко пропагандировал среди казахского населения произведения А.С. Пушкина, Ф.М. Достоевского, С.А. Есенина, Г.Н. Потанина и других выдающихся деятелей русской литературы и культуры. Им переведены на казахский язык многие произведения русских и советских писателей.

Жайык Кагенович обладал поистине энциклопедическими знаниями. Мало кто знал, что он являлся членом Географического общества СССР и вел большую исследовательскую и подвижническую работу по сохранению и увековечению памяти своих известных земляков. Это его усилиями установлены мемориальные доски в местах пребывания Ч. Валиханова, С. Сейфуллина не только в Казахстане, но и в России. В 1967 году по предложению Карагандинского межобластного Союза писателей Казахстана на фасаде здания бывшей учительской семинарии в Омске были установлены мемориальные доски в память о С. Сейфуллине и Н. Нурмакове. В 1986 году Ж. Бектуровым было направлено письмо на имя первого секретаря Карагандинского обкома Компартии Казахстана А. Коркина и председателя Карагандинского облисполкома З. Инкарбаева с просьбой присвоить имя С. Сейфуллина средней школе совхоза “Энтузиаст” Нуринского района.



Умер Жайык Бектуров в 1998 году. После смерти писателя его вдова приняла решение о передаче его личного архива в государственный архив Карагандинской области. В 1999 году была создана комиссия по передаче творческого наследия Ж. Бектурова под председательством заведующего отделом внутренней политики и социальной сферы акимата Карагандинской области К. Калышева, в которую также вошли представители архивных учреждений, СМИ, творческой интеллигенции.

В настоящее время личный архивный фонд Ж. Бектурова находится на хранении в государственном архиве Карагандинской области и насчитывает 633 дела за 1945-1997 годы. В 2001 году большая личная библиотека и личные вещи переданы в мемориальный кабинет-музей, организованный на базе Карагандинской областной юношеской библиотеки, которая с 2001 года носит его имя.



Были приобретены личная библиотека писателя, насчитывающая около 4 тыс. экземпляров книг, архивы и личные вещи Ж. К.Бектурова. Музей занимает два зала: в одном из них расположилась экспозиция музея – кабинета, а в другом – библиотека и архив писателя. Сотрудники музея ведут кропотливую изыскательскую работу, восстанавливая факты биографии этого замечательного человека, его окружение, разбирая его записи и дневники, пропагандируют творчество нашего земляка, проводят вечера-встречи с его близкими друзьями.

На доме, где Жайык Кагенович Бектуров прожил 40 лет, установлена мемориальная доска.



Ж. Бектұровтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмелерінің аттары (үлгі)



Көрме аттары. Название книжных выставок



Адам үшін арнады ол өмірін - Жизнь отданная людям.



Асу өрдей ақын жолы - Тернистый путь поэта.



Бір өзі бір ғасырдың зердесіндей



Бір өзі бүкіл шежіре. - Олицетворение летопись.



Ғажайып талант иесі - Человек неординарного таланта.



Ғасырмен тағдырлас тұлға - Сквозь тернии века.



Ғасырға созылған жан азабы - Боль растянутая на века.



Ғажайып талант иесі - Человек неординарного таланта.



Жазушы дәуір жаршысы - Писатель воспевает эпоху



Жайық Бектұров – уақыт тезінен өткен адам.



Жыр дария - Поэзии поток.



Қазақтың қайсар ұлы - Непоколебимый сын казахского народа.



Ол өз халқының жүрегінде. Он в сердце своего народа.



Өмір айнасы - Зеркало жизни.



Тағдыры тәлкек болғандар - Искалеченные судьбы.



Тарихтың өзі ақтаған - Реабилитирован историей.



Тарихтың қауға тартып тереңінен - Из глубины истории.



Уақыт ырғағын дөп басқан - Он слышал ритм времени



Шежіре жүрек шерткен сыр - Тайное души летописца.



Шырқыраған шындық жаршысы - Певец истины

  • Жәкеңнің жұлдызы жарқырай береді - Не померкнет звезда поэта.



Произведения Ж.К.Бектурова


  1. Бектұров Ж. Таңба. - Алматы : Қазақстан, 2011. - 480 б.




  1. Бектұров Ж. Енеден ерте айрылған төл секілді... - Алматы : Қазақстан, 2002. - 624 б.

  2. Бектұров Ж. Жол жоралғысы: Очерктер.- Алматы: Жазушы, 1977.- 88 б.

Литература о нем

  1. Әбікенова С. Тарих өзі ақтаған // Орталық Қазақстан. - 2012. - 14 сәуір. - (Жазушы Жайық Бектұровтың туғанына - 100 жыл)

  2. Жазықсыз жапа шеккен Жайық еді: Дөңгелек үстел // Орталық Қазақстан.- 2012.-31 мамыр.- 4 б.

  3. Кеңесбек А. Шырқыраған шындық жаршысы // Орталық Қазақстан. - 2012. –

7 сәуір . - (Тұсаукесер)

  1. Халиолла, М. Таңбалы тарланның өлмес өмірі басталды: жазушы Жайық Кәгенұлы Бектұровтың 100 жылдығына// Орталық Қазақстан.- 2012.-26 мамыр.- 4 б.

  2. Абикенова С. Храня историю судеб // Индустриальная Караганда. - 2011. - 28 мая. - (К Дню памяти жертв политических репрессий)

9.Жаик Бектуров // Писатели Казахстана: Справочник.-

Алматы: 1982.- С.48-49.



10.Могильницкий, В. Незабываемые встречи: к 100-летию со

дня рождения Ж.К.Бектурова // Индустриальная Караганда.-



2012.- 2 июня.- С.4



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет