ЭССЕ
«Ұстаз жолы – ұлы жол»
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзаттық қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығаруға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұлы ағылышын ағартушысы Уильям Уорд. Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, - дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтық шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу.
«Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу - әр мұғалімнің міндеті. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнер тапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Ол үшін мұғалімнің жалпы мәдениеттілік даярлығы, әдістемелік, зерттеушілік, кәсіптік адамгершілік, тәрбиелік мәдениетті, диагностикалық және басқару мәдениетінің жиынтығы арқылы кәсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет. Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі.
Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек. Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интелектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мәдениетті құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мәдениетті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |