Пікірталастың тақырыбы: «Суицид мәселесі» Күтілетін нәтиже: Резолюцияны қабылдау – тақырып бойынша мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.
Резолюцияны қабылдау – белгілі бір сұрақты талқылау бойынша алға шығарылған шешім немесе қаулы. Пікірталасты жүргізу ережесі:
Жеке тұлғаға қарсы жағымсыз әрекетті болдырмау.
Нақты, қысқаша және талқылау тақырыбы бойынша өз пікірін айту.
Пікірталасты өткізу ережесіне және уақытысына жауап беретін жүргізушіні таңдау.
Барлық қатысушыларға өз пікірін айтуға мүмкіндік беру, кез келген көзқарасқа құрметпен қарау.