Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы


Пікірталастың тақырыбы: «Суицид мәселесі»



бет6/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#4803
1   2   3   4   5   6   7

Пікірталастың тақырыбы: «Суицид мәселесі»

Күтілетін нәтиже:

Резолюцияны қабылдау тақырып бойынша мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.



Резолюцияны қабылдау – белгілі бір сұрақты талқылау бойынша алға шығарылған шешім немесе қаулы.

Пікірталасты жүргізу ережесі:

  • Жеке тұлғаға қарсы жағымсыз әрекетті болдырмау.

  • Нақты, қысқаша және талқылау тақырыбы бойынша өз пікірін айту.

  • Пікірталасты өткізу ережесіне және уақытысына жауап беретін жүргізушіні таңдау.

  • Барлық қатысушыларға өз пікірін айтуға мүмкіндік беру, кез келген көзқарасқа құрметпен қарау.

  • Бір-бірін мұқиятпен тыңдау, бір уақытта сөйлемеу.

  • Әртүрлі көзқарастарды талдауға тырысу.

  • Артық эмоцияны жібермеу.

  • Қайталанбау, жаңа идеяларды алға шығару арқылы ары қарай пікірталасты дамыту, жаңа ақпаратты хабарлау.

Пікірталастың барысы:

  • Презентация – дәріс (суицид психологиясы, суицид мәселесінің психо-әлеуметтік талдауы) (30 минут).

  • Аудиторияның қоятын сұрақтары (30 минут).

  • Мәселелерді шешу жолдары (30 имнут), резолюцияны шығару, талқылау.

  • Бір отбасының өмірі туралы презентацияны көру «Бақытты болу өнері».

  • Резолюцияны қабылдау.


РЕЗОЛЮЦИЯ:

  • Психологтардың санын арттыру.

  • Психологиялық бағытта көмек беретін мекемелердің ашылуы маңызды.

  • Қасындағы адаммен байланыста болу керек. Сүйіспеншілікті, салмақтылықты үндеу.

  • «Суицид» деген терминді күнделікті өмірде көп қолданбау.

  • Жаман ойға берілмей, әрқашан жақсылықты ойлау.

  • Өмірдің мәні жайлы балаларға, жастарға танымдық жұмыстар ұйымдастыру.

  • «Психологтарға тек жындылар ғана көмек алу үшін барады» деген аңызды жою.

  • Ата-аналарға психологиялық тренинг өткізу.

  • «Суицидпен күрес» күнін өткізудің мағынасын түсіну.

  • Оныншы қыркүйекте түрлі мерекелік шаралар өткізу.

  • Танымдық және пайдалы кинофильмдерді көру.

  • Қызықтыратындай етіп, түрлі плакаттарда 150 сенім телефонын жарнамалау.

5-қосымша

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР

ОТБАСЫДА БАЛАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • Жағымсыз ойларға берілмеу;

  • Күлкіге айналдырмау;

  • Тергемеу, сенімділік таныту;

  • Үйде тыныштық, сенімділік, қауіпсіздік ахуалын құру;

  • Ашықтық қағидасы бойынша үйдегі қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;

  • Жеке тәжірибесін құру құқығын сақтау.


БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗ-ӨЗІН СЫЙЛАУ СЕЗІМІН ДАМЫТУ

Мектепте:

  • Жетістікке жетудегі шынайы мүмкіндігін жасау;

  • Балаға деген үнемі қызығушылықты білдіру, оның бастауларын қолдап, қабылдау;

  • Оның өткен қателеріне қайта-қайта тоқталмай, мінезінің оң жақтарына көңіл аудару;

  • Үнемі сын көзбен қарамай, баланы үнемі қолдау, мадақтау;

  • Балаға шамасына сай тапсырмаларды таңдау арқылы оның өз-өзіне деген сенімсіздігінің, жаңа істің қателері мен сәтсіздіктерінің алдын алу;

  • Оның шамасына сай нақты мақсаттарды тұжырымдау және оның жетістіктеріне шынайы баға беру.

Отбасыда:

  • Өзара қарым-қатынаста жылулық байқатып, барлық жағынан қолдау көрсету;

  • Отбасыда эмоциялық жағымды ахуалын орнату;

  • Балаға деген үнемі қызығушылық таныту, оған қамқорлық көрсету;

  • Немқұрайлыққа қарағанда талап қоюшылықты қолға алу, бостандық қағидасына сүйеніп қарым-қатынас жүйесіндегі жылулық қатынастарын орнату;

  • Балалармен қарым-қатынастағы авторитарлық позициясын болдырмау.

  • Балалармен қарым-қатынасындағы қателіктерді мойындау.


ӨКПЕ- РЕНІШ, НЕГЕ АЛЫП КЕЛЕДІ?

Тез пайда болып, жиналған реніжтер төмендегідей жағдайларға әкеліп соқтырады:



  • Өзгелерден, қоғамнан оқшауланып қалуға;

  • Тұлғааралық қарым-қатынаста өз-өзімен қалып қалуға;

  • Қоршаған ортаны «қара түнекте» қабылдау ұмтылысына;

  • Ақылға тоқталмай, эмоциясына беріліп кетуге;

  • Нервтік-психикалық күйзеліске;

  • Белсенділіктің төмендеуіне;

  • Реніш объектісінде өз зейінін тым асыра шоғырландырып, өзіндік таным белсенділігін жағымсыз ойларға бағыттап, түскен ақпаратты дұрыс бағалауға мүмкіншіліктердің шектелуіне.


БАЛА ҚАЙ КЕЗДЕРІ РЕНІШ БІЛДІРЕДІ?

  • Егер бүкіл ауыртпалықтарды және кінәләрді саған артып қойса, бұл өте өкінішті;

  • Егер жетістіктері еленбей қалса;

  • Егер сенімсіздік білдірсе;

  • Егер басқа адамдарға өзін орындай алатын тапсырманы берсе;

  • Егер басқа адамдарға өздері ұнататын ісімен айналысуға рұқсат етіп, өзіңді қызықсыз жұмысты орындауға мәжбүрлесе;

  • Басқа адамдардан өзің туралы «болмаған жағдайды» естігенде, өте өкінішті;

  • Ересек адамдар өз жұмыстарымен айналысып жүріп, баланы ұмытып қалған жағдайда, өте өкінішті;

  • Егер ата-ана балаға күмәндана қарап, оған ақталуға мүмкіндік бермесе, онда бұл бала үшін өкінішті жағдай.

  • Егер баланы үнемі жағымсыз тұрғыдан сынға алып, отырса, онда ол қоршаған ортаны жеккөруге үйренеді.

  • Егер бала қатыгездік жағдайында өссе, онда ол агрессияға үйренеді.

  • Егер баланы үнемі күлкіге алып, мазақ қылса, онда ол тұйық болуға үйренеді.

  • Егер баланың үнемі қателіктеріне і көңіл аударып, оны ұрсып отырса, ол өзін әр кезде кінәлі сезініп, өмір сүреді.

  • Егер баланы үнемі қолдап, оның мерейін көтеріп отырса, онда ол өз-өзіне сенімді болуға үйренеді.

  • Егер баланы үнемі мадақтап отырса, онда ол рақымшыл болуға үйренеді.

  • Егер бала шындықты қолдаса, онда ол әділетті болуға үйренеді.

  • Егер бала әлемге сенімді болып өссе, онда ол адамдарға сенім білдіруге үйренеді.

  • Егер бала оның өзін қабылдап отырған ортада өссе, онда ол әлемдегі сүйіспеншілікті табады.


БАЛАНЫҢ СЕНІМІН АҚТАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ КЕҢЕСТЕР

  • Күнделікті таңертең балаңызды «Қайырлы таң» деп оятып алу маңызды.

  • Әрбір күніңізді жағымды ойлармен, жақсы көңіл-күймен және ешбір ұрыс-керіссіз бастау маңызды.

  • Бала өзіне сенімді болу үшін кез-келген өмірлік жағдайда нақты позицияны ұстана біліңіз.

  • Өз балаңыздың айналысып жүрген ісіне қызығушылық танытыңыз! Оның өміріне шынайы түрде белсене қатысыңыз!

  • Өз балаңыздың шешімін қадірлей біліңіз! Оның командирінен гөрі кеңесшісі болуына тырысыңыз!

  • Сіздерді біріктіретін ортақ бір істі таңдай біліңіз!

  • Өз балаңызды жазалаудың шамаларын нақты қарастырыңыз және өз дегеніңізді сақтай біліңіз.

  • Балаға оны жазалаудың себептерін нақты түрде түсіндіріңіз, жалпылама түрде оған «сен әрқашан осындайсың...», «сен үнемі...», «сен түзелмейсің ....» деген таңбаларды «таңбаңыз»!

  • Сіздің балаңыз әр кезде жақсы екенін ұмытпаңыз! Ол тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс жасамаған шығар, ол жөнінде өзіне де айтыңыз.

Біз өз балаларымыздың өмірінің қожайындары емеспіз. Біз олардың тағдырын алдын ала біле алмаймыз. Сондықтанда өз шешімдерімізді қабылдауда өте мұқият болуымыз керек, өйткені олар оның тұлғасының қалыптасуына ықпалын тигізуі мүмкін. Ұмытпаңыздар! Сенім арту дегеніміз – бақылау емес, бұл керісінше өзара түсінусу мен өзарасыйласуды білдіреді.

6-қосымша

САУАЛНАМАЛАР МЕН ОЙЫНДАР
Егер сен сиқыршы болсаң қандай үш тiлек тiлер едiң?









Сенде көп ақша болса не нәрсеге жұмсар едiң?











Егер сен ата-анаңдай үлкен болсаң бiрiншi кезекте не iстер едiң?











Немен айналысқанды ұнатасың?











Ненi бiлгiң келедi? Нелiктен?














Не үйренгiң келедi? Неге?














Не iстей аласың? Сенi кiм үйреттi?














Достарыңа не үйрете аласың?














Не жайлы әңгiмелесу саған қызықты?

(ата-анаңмен, мұғаліммен, құрбы-құрдастарыңмен)












Қалай ойлайсың сен қандай баласың?














Нелiктен өзiңдi осылай бағалайсың?














Сен өскенде кiм болғың келедi?
















Бұл сауалнама арқылы ата-аналар мен педагогтер баланың беталысын, мақсатын бүгінгі күнгі бала үшін құндылық болып табылатын мәселелер жайлы ақпарат ала алады. Үлкендер тек қана ақпарат алып қана қоймай, алынған нәтижені жақсарту үшін жұмыс істеуі керек.

СЕН ҚАНДАЙ АДАМСЫҢ?

  1. Өзіңе сырттан қарай алатын қабілетің бар ма?

  2. Эмоцияға берілесің бе?

  3. Өз қылықтарың үшін жақындарыңның бәрңнен қолдау мақұлдау іздейсің бе?

  4. Жалғыздықтан қорқасың ба?

  5. Ыңғайсыз жағдайлардан және қарым-қатынас кезінде өзіңе жайсыздық тудыратын адамдардан қашуға тырысасың ба?

  6. Өз өміріңді бақыламайтыныңды түйсінесің бе?

  7. Күйзелуді сезіну – әлсіздіктің белгісі деп санайсың ба?

  8. Өзіңе өзің ұнамайтын кездерің бола ма?

  9. Шын мәнініде адамдармен жүзпайыздық жақсы қарым-қатынас жасау мүмкін еместігін ойланасың ба?

  10. Депрессияға түсесің бе?

  11. Сенде қоршаған әлемнен оқшаулану сезімі бола ма?

  12. Жақындарың сен туралы аса жақсы айтпайтыны білінбей ме?

  13. Сенде ешкімге ештеңе бере алмайтындай сезім бола ма?

  14. Адамдармен қарым-қатынас жасаудан қашасың ба?

  15. Өзіңе өзің көңіл толмаушылықты сезінесің бе?


Сауалнама кілті.

Жинаған ұпайың 20-дан кем болса;

Бұл сенің ұқыпты, тіптен абайлағыш адам екеніңді білдіруі мүмкін. Саған шамалы өзіндік пен жарқырау жетпей тұр.



Сенде 20-дан 30 дейін ұпай болса;

Сен – денсаулығы мықты және салмақты адамсың. Дегенмен, сені бірқатар маңызды мәселелерді шешуде, сондай-ақ адамдармен қарым-қатынаста жұмсақтық жетіспейтіндігі байқалады.



Сенде 20-дан 30 дейін ұпай болса;

Сені өмірге деген қанағаттанбаушылық, сенімсіздік жиі мазалайды. Өмірде толық жетілген адамдардың жоқ екеніне мойын ұсын да, өзіңді жақсы жағынан көрсетуге тырыс.



Егер сенде 20-дан 30 дейін ұпай болса

Бұл сенің бәрін жүрегіңе жақын қабылдайтыныңды көрсетеді. Демек, өзіңнің өмір салтыңды тұтастай қайта қарайтын сәт туды.


Өзіңді жақсы көресің бе?
Сұрақтарға мүмкіндігінше тез, көп ойланбастан «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер.


  1. Өзіңді осы қалпыңда жақсы сезінесің бе?

  2. Сәтсіздік сені қудалай бере ме?

  3. Шешім қабылдамас бұрын айналаңдағылардың пікіріне жүгінесің бе?

  4. Ұйықтар алдында осы күнгі барлық қылықтарың мен сөздеріңді қайта бастан кешіру жиі бола ма?

  5. Басқа біреудің егер «сенің орныңда болса» өзін қалай ұстайтынын жиі елестетесің бе?

  6. Өзіңді көзіңше мақтаған кезде ұяласың ба?

  7. Сен ұзақ уақыт жалғыздықта бола аласың ба?

  8. Сенің көңіл күйің материалдық жағдайыңа байланысты ма?

  9. Бір нәрсенің жамандыққа соқтыратынын жиі «алдын ала сезесің бе»?

  10. Өз сезіміңді айтып жеткізу – саған проблема ма?



Сауалнама кілті.

2-9 сұрақтарға «жоқ» деген жауапқа 5 ұпай, 1 және 10 сұраққа «ия» деген жауапқа - 5 балл.

35-50-ұпай

Сен өзіңнің де басқаның абырайын бағалай аласың. Бұл саған қарым-қатынаста көмектеседі және дау-жанжалдан аулақ болуға мүмкіндік береді. Сен өзіңнің барлық кемшіліктеріңді жақсы білесің, бірақ олар үшін бұғынып қалмауды үйренгенсің. Олар саған өзіңді жақсы көруге кедергі жасамайды, өйткені сен оған лайықтысың. Ал мұның өзі көбінесе сенің табыстарыңды айқындайды және қуанышты көңіл күй сыйлайды.

11-34 ұпай

Саған өзіңді жақсы көру туралы тақырыпта ойлану маңызды емес. Мүмкін сен мұның қаншалықты қажетті екенін білмеген де боларсың. Сен өз қабілеттеріңді толықтай және қажетінше көп пайдаланбайсың, кемшіліктер мен сәтсіздіктерге көңіл бөлесің. Тек өзіңдікіне емес, өзгелердікіне де. Осындай сәттерде өзіңді жақтырмау сезімі сенің басқа адамдарға көңіл бөлу және жақсы көру мүмкіндіктеріңе кедергі келтіреді.

0-10 ұпай

Сен өзіңді тіптен жақсы көрмейсің. Жамандық күту – сенің қалыпты жайың. Бұл күтулердің жиі болып тұратыны таңқаларлық емес. Өзіңді жек көретін сәттер болады және осының нәтижесінде асығыс және қате шешім қабылдайсың. Саған өзіңе көбірек сену керек!



Өзін-өзі бағалау деңгейі» тесті

Мұғалім ұсынылып отырған тестердегі дәлелдерді, 4 ұпайлық жүйе бойынша жеке парақта оларға деген көзқарасын көрсетіп, ойластыруын ұсынады. Бұл жерде ұпай мынаны көрсетуі керек:



Мен бұл туралы ойлаймын: өте жиі-4ұпай, жиі-3ұпай, кейде-2 ұпай, сирек-1ұпай, ешқашан-0ұпай.

  1. Маған менің достарымның мені қолпаштап отырғаны керек;

  2. Өзімнің жауапкершілігімді тұрақты сезінемін;

  3. Өзімнің болашағым туралы толғанамын;

  4. Көбісі мені жек көреді;

  5. Басқаларға қарағанда мен төмен белсенділікке иемін;

  6. Мен өзімнің жағдайыма мазасызданамын;

  7. Мен ақымақ болып көрінуден қорқамын;

  8. Басқалардың сырт көрінісі менікіне қарағанда жақсы көрінеді;

  9. Бейтаныс адамдардың алдында сөз сөйлеуге қорқамын;

  10. Мен қателіктерді жиі жіберемін;

  11. Адамдармен қалай сөйлесу керек екенін білмейтінім өкінішті-ақ;

  12. Маған өзімде сенімділіктің жетіспейтіндігі өкінішті-ақ;

  13. Басқалардың менің қимылдарымды жиі құптағаны маған керек-ақ;

  14. Мен тым қарапайыммын;

  15. Менің өмірім бекер болып шықты;

  16. Көбісі мен туралы дұрыс емес пікірде;

  17. Өзімнің ойларымды бөлісе алатын ешкім жоқ;

  18. Адамдар менен көп нәрсені күтеді;

  19. Адамдар менің жетістіктеріммен онша білмейді;

  20. Мен ұялшақпын;

  21. Мені көптеген адамдар түсінбейтінін сеземін;

  22. Мен өзімнің қауіпсіз екенімді сезіне алмаймын;

  23. Мен бекерден-бекер жиі толғанамын;

  24. Адамдар отырған бөлмеге кірген кезде мен өзімді біртүрлі сезінемін;

  25. Мен туралы адамдар менің сыртымнан не айтатынын сеземін;

  26. Менен гөрі басқа адамдар бәрін жеңіл қабылдайтынына мен сенімдімін;

  27. Маған бір қолайсыз жағдай болатын сияқты;

  28. Адамдардың маған қалай қарайтыны туралы ой мені толғандырады;

  29. Мен онша сөзге жоқтығым өте өкінішті;

  30. Таластарда шындығыма сенімді болғанда ғана мен пікірімді айта аламын;

  31. Қоғам менен нені күтетіні туралы ойлаймын.


0-35 ұпай-жоғары деңгей. Бұл адам әдетте мінез-құлықтың толымсыздығына жатпайды, ол өзінің қимылдарында сирек күдіктенеді және басқалардың ескертулеріне дұрыс жауап береді.

36-45 ұпай-орташа деңгей. Мінез-құлықтың толымсыздығын сирек байқатады және кейбір уақыттарда ғана басқалардың пікіріне қарай жығылуға тырысатынын куәландырады.

46-120 ұпай-төмен деңгей. Адам өзінің атына сынмен айтылған ескертулерді өте ауыр көтереді, басқалардың пікірімен санасуға тырысады және де мінез-құлықтың толымсыздығын жиі байқатады.
«Сен шындықты мойындай аласың ба?» тесті

Тапсырманы орындау тәртібі: Ұсынылып отырған бірнеше сұрақтың әрқайсысына сәйкес келуі мүмкін үш жауабы бар. Біреуін таңдап ал.
1. Сенің досың қиын жағдайда тұр:

а) сен онымен жолығудан қашқақтап араласпайсың;

ә) тез арада оған көмекке келесің;

б) өзге достарыңнан көмек сұрайсың.
2. Сен біреумен келісім - шарт жасар болсаң:

а) оның сөзіне сенесің;

ә) сенімділік үшін қолхат дайындайсың;

б) ыңғайына қарай өзіңе зияны тимейтін жағын қарастырасың.
3. Қиындық туындаған кезде:

а) істің жүзеге асуына сенімсіздік танытып, ойлағаныңнан бас тартасың;

ә) бәрі жақсы болады деп бірнеше уақыт үміт үзбей күтесің;

б) қиыншылықтарды жеңуге деген құштарлығың жеңіске әкеледі.

4. Егер саған күтпеген жағдайда күрделі сұрақ қойылса:

а) ойыңа келген ең бірінші дәлелге сүйеніп жауап бересің;

ә) ұзақ ойланып содан кейін жауап бересің;

б) тез жауап бересің және шындықты айтасың.
5. Егер сен пікірталас кезінде қателескеніңді түсінсең:

а) сол жерде қатеңді түзейсің;

ә) қателік жібергеніңді біле тұра өзіңнің ойыңды қолдап жалғастыра бересің;

б) пікірталасты доғаруға тырысасың.
6. Сенің ойыңша шындықты мойындау – бұл:

а) оңай емес және барлығы жағдайға байланысты;

ә) жүйкенің қозу жағдайына әрі күйінішке әкеледі;

б) маңызды және қажет.
7. Егер досың екеуіңнің пікірлерің бір-бірлеріңе кереғар келсе, онда:

а) әдетте сен оның көзқарасын өзгерте аласың;

ә) сен өз пікіріңде қаласың;

б) ол сенің көзқарасыңды өзгерте алады немесе жартылай өзгертеді.

8. Өте қызу пікірталастан кейін:

а) қарсыласыңның барлық дәлелін есіңде

сақтап қаласың;

ә) оларды ұмытқан жақсы деп ойлайсың;

б) өз пікіріңді қорғауға қажетті дәлелдерді іздестіресің.
9. Егер сенің досың бір нәрседен қателессе:

а) оған көмектесіп, қатесін түзету жолдарын ұсынасың;

ә) оның қателескенін біле тұра қолдайсың;

б) бұл тақырыпта сөйлеспейсің.

Тест кілті

Сұрақтар реті

А

Ә

Б

1

0

2

1

2

1

2

0

3

0

1

2

4

0

1

2

5

2

0

1

6

0

1

2

7

2

1

0

8

2

0

1

9

2

0

1

Оқушылар төмендегі ұпайлар санына сәйкес өздерінің шындықты қалай мойындай алатындықтарын сипаттай алады. Жиналған ұпай саны 16 ұпайдан жоғары болса:

сен шындық үшін күресетін адамсың. Сенің бойыңда жақсы жұмыс істеуге лайықты көптеген жақсы қасиеттер бар. Алайда сен оны тек абстрактілі ойлау кезінде, шындықты айту мен оны қорғау кезінде қолданасың және нақты іске көшесің.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет