Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы


ІX. Өзін-өзі өлтіру тәуекелінің дәрежесін бағалау



бет4/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#4803
1   2   3   4   5   6   7

ІX. Өзін-өзі өлтіру тәуекелінің дәрежесін бағалау. Өзін-өзі өлтіру әрекетінің қаншалықты маңызды екенін анықтауға тырысыңыз. Өйткені оның пиғылы әр түрлі болуы мүмкін, осындай «мүмкіндік» туралы бір сәттік, бұлдыр ойлардан бастап, жоспарланған улану, жоғарыдан құлау, қару-жарақты және жіпті қолдану сияқты аяқталатын суицидтер болуы мүмкін. Одан да басқа ішімдікке салыну, анаша пайдалану, эмоционалдық күйзеліс дәрежесі және мінез-құлықты бұзу, үмітсіздік пен қамқорсыздық сезімі сияқты факторларды анықтау өте маңызды болып табылады. Өзін-өзі өлтірудің тәсілі жасалған сайын оның әлеуеттік тәуекелі жоғарылай беретіні даусыз айғақ екені белгілі.

X. Жоғары суицидалды тәуекел жағдаяттарында адамды жалғыз тастамаңыздар. Күйзеліс шешілмейінше және көмек болмайынша, ол адаммен лажы болса көп уақыт болуға тырысып немесе басқа адамды бірге болуға сұраған дұрыс. Тіпті, жедел жәрдем станциясына қоңырау шалып, емханаға бару керек. Есте ұстаңыздар, қолдау көрсету сіздерге белгілі бір жауапкершілікті артады. Адамға өзін қоршағандар қамқорлық жасайтынын көрсету үшін және өмірлік жоспарларын жүзеге асыру сезімін құру үшін сіз ол адаммен суицидалды келісім жасауыңызға болады – алдын ала суицидалды әрекетке бармас бұрын сізбен хабарласатыны туралы, тағы да мінез-құлықтың мүмкін баламаларын талдау керектігі туралы уәдесін алу. Бұл қалай болғанда, мұндай келісім өте тиімді болып табылады.

XI. Мамандар көмегіне жүгініңіз. Суициденттер өзінше бір қараңғы сана-сезімге ие. Олардың ақыл-ойы ауыр қиыншылықтарды қалай шешетінін, яғни толық бейнені қалпына келтіре алатын жағдайда болмайды. Алғашқы тілек көбінесе оларға көмек көрсету болып табылады. Жолдастары, күмәнсіз жақсы пиғылда болуы мүмкін, бірақ, біліктілік пен тәжірибе жетіспеуі мүмкін, олар артық эмоциялылыққа бейім болып келеді.

XII. Қамқорлық пен қолдауды сақтаудың маңыздылығы. Егер күйзеліс жағдаяттары өтіп кеткен болса, онда мамандар немесе отбасылар өздеріне босаңсуға ерік бермейді. Ең жаманы артта болмауы мүмкін. Жақсарту үшін аурудың психикалық белсенділігін көтеруді жиі қолданады. Кейде өзіне-өзі қол жұмсау кезінде күйзелістегі адамдар іс-әрекеттің үсті-үстіне құлай береді. Олар өздері ренжіткен адамдарынан кешірім сұрайды. Оны көре тұра, сіз жеңіл күрсініп, қырағылығыңызды бәсеңдетесіз. Бірақ бұл әрекеттер барлық қарыздардан және міндеттерден құтылуға куә болады, одан соң өзін-өзі өлтіруге болады. Шындығында, суициденттердің жартысы психологиялық күйзеліс басталғаннан кейін үш айдан кейін өзін-өзі өлтіруге барады.

Суицидке әкелетін, эмоционалдық қиындықтар толығымен сирек шешіледі, кейде ең қиыны артта қалған сияқты болады. Сондықтан ешқашан толық құпиялықты сақтайтыны туралы уәде беруге болмайды. Көмек көрсету толық үнсіздікті сақтау қажет екенін көрсетпейді. Әдетте, өзін-өзі өлтіруге талпыныс белгілерін білдірген қаймыққан адам көмек сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, күмәнсіз, жағдаяттар шешілмейінше суицидалды адам өмірге бейімделмейді.



Оқушылардың суицидалды мінез-құлқының алдын алу бағдарламасы

1. Проблеманың мазмұны және оны бағдарламалық әдіспен шешудің негіздемесі

Өмірде отбасы мен жеке бастың күйзеліс кезеңінде әлемнің субъективті бейнесін, яғни өзіне және тұтас алғанда әлемге деген қарым-қатынасы мен көзқарасын бұрмалау тән. Бұл сәтте суицидалдық ойлар мен қиялдар жиі кездеседі.

БҰҰ-ның Балалар қорының берген есебі бойынша соңғы жылдары жастардың, тіпті балалардың арасында суицидалдық әрекеттер мен өзіне-өзі қол жұмсау айырықша өсіп отыр. Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы қайғылы жағдайлардың жетекші себептерінің ішінде үшінші орынды, ал өмірден қол үзудің негізгі себептерінің ішінде төртінші орынды алады. Қазіргі кезде өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі ресейлік жасөспірімдер арасында әлемдегі ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Қылмыстық іс материалдарының талдауына сүйенетін болсақ, кәмелетке жасы толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсауының 62%-ы қақтығыстар мен жағымсыз жайттардан: ересектер тарапынан көрсетілетін зорлықтан қорыққаннан, мұғалімдер, сыныптастары, достары тарапынан болатын жөнсіз әрекеттер мен жанжалдардың әсерінен, жан-жағындағылардың қатыгездігі мен бейжайлығынан болады.

Көп жағдайда жасөспірімдер ата-аналарының немқұрайлылығы мен педагогтардың олардың проблемаларын шешуге наразылығынан, яғни ересектердің немқұрайлылығы мен қатыгездігінен өзіне-өзі қол жұмсауға барады. Мұндай іске, әдетте, тұйық, жаны нәзік, жалғыздықтан жапа шеккен, өзін ешкімге керексіз сезінетін, жасөспірімдік өмірдің мағынасын жоғалтқан балалар (жасөспірімдер) барып жатады. Сонымен қатар, ата-аналар мен жасөспірімдердің ішімдікке салынуы мен нашақорлық, адамның жеке психологиялық ерекшеліктері, ішкі тұлғалық қақтығыстар өзіне-өзі қол жұмсау және т.б. әрекеттерге алып келеді.

Балаларда суицидалды әрекеттер қызбалықтан, күйзелістен туады және ол алдын ала жоспарланбайды. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері өмірге өнімсіз (қорғансыз) бейімділігі нәтижесінде – өзінің адамдармен және отбасымен, өз туыстары мен ішкі әлеммен шеттелу негізінде икемсіз қарым-қатынас құруы: өмірлік қиын жағдаяттарды қажетсіз, жөнсіз тәсілдермен шешуге тырысудың салдарынан болады.

Жасөспірімдерге өмірлік қиын жағдаяттарда дер кезінде психологиялық көмек беру қайғылы жағдайды болдырмауға септігін тигізер еді.



2. Бағдарламаның басты мақсаты мен міндеттері.

Берілген бағдарлама жалпы білім беретін мекемелердегі әр түрлі жастағы оқушылар арасында суицидалдық әрекеттерді болдырмау үшін алдын алу және түзету жұмыстарын ұйымдастыруға арналған.

Бағдарламаның мақсаты оқушыларды өмірге жағымды көзқараспен қарауларын қалыптастыру, яғни адамның саналы түрде бір-бірімен, өзге адамдармен, тұтас қоршаған ортамен тұрақты тепе-теңдікті сақтап қарым-қатынас жасауға үйрету.

Алға қойылған мақсатқа келесі міндеттерді жүйелі шешу нәтижесінде жетуге болады:



  • проблеманың теориялық аспектісін түрлі ғылымдар тұрғысынан зерттеу (философия, физиология, психология, социология, педагогика) және ата-аналармен, педагогтармен жұмыс кезінде ақпаратты пайдалану;

  • шұғыл көмек және қорғаныш қажет ететін балаларды анықтау және алғашқы шұғыл көмек көрсету, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стрестік жағдайдан шығару;

  • дер кезінде алдын алу және проблеманы тиімді шешу мақсатында психикалық жағдайда, қарым-қатынас кезінде, дамуы мен білім алуы кезінде туындайтын әрбір оқушының психологиялық-педагогикалық дәрежесінің ерекшеліктерін зерттеу;

  • тәрбиелілік-білім беру үдерісі кезінде және өмірлік қиын жағдаяттар кезеңінде әр түрлі жас тобындағы оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесін құру;

  • балаларға көмек көрсету және олардың заңды құқықтары мен қызығушылығын қорғау үшін түрлі мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді тарту.

  • қоғамда кездесетін әлеуметтік мінез-құлық ережелерін бойларына сіңіру, социумда құндылықтық қарым-қатынасты дамыту;

  • «өзіндік менінің» жағымды бейнесін қалыптастыру, тек қана жеке басының ғана емес, өзге адамдардың да қайталанбас және маңызды тұлға екенін түсіндіру.

3. Іс-әрекеттің негізгі бағыттары.

  • әлеуметтік бейімделуі қиын, бірақ болашақта оны жоюға мүмкіндігі бар оқушылармен жұмыс;

  • шұғыл психоэмоционалдық қолдау қажет ететін оқушылармен жұмыс;

  • жайсыз отбасылармен жұмыс.

4. Негізгі ұғымдар.

Өзіне-өзі қол жұмсауға талпыныс – әр түрлі жағдайларға байланысты өліммен аяқталмайтын адамның біртекті іс-әрекеті.

Әлеуметтену – қос бірлікті үдеріс: бір жағынан, сыртқы – адамға қоғамның әлеуметтік институттары мен қоғамдық ахуалдың, адамгершілік ережелері мен мәдени құндылықтардың әсері, адамдардың өмір сүру үлгісі; екінші – ішкі, әлеуметтік қалыптасу үдерісі кезінде осындай әсерді әрбір адамның жеке тұлғалық жағынан игеруі.

Әлеуметтік орта – баланың адамгершілік, рухани, материалдық ортасы, яғни оның қалыптасуы мен өзін-өзі жетілдіруіне шынайы кеңістік ретінде көрінетін жеке тұлғалық дамуына әсері болып табылады.

Суицид – өзін-өзі өлтіру, өзін өмірден әдейі қол үздіру. Өзін-өзі өлтіру мен оған қатысты аса кең таралған аутоагрессияның және өзін-өзі бұзудың феномендерін девиантты мінез-құлық үлгілеріне жатқызуға болады (ресми белгіленген немесе қоғамдағы нақты қалыптасқан ережелерге сәйкес келмейтін адамның әрекеттері мен қылықтары).

Суицидалды талпыныс – бұл мақсатты бағытталған, өліммен аяқталмайтын, өзін өмірден қол үздіру әрекеті.

Суицидалды мінез-құлық – тұлғаның ерікті әрекеті, соңғы мақсаты өзін-өзі өлтіруге қастандық немесе өзін-өзі өлтіру актісі. Микроәлеуметтік ахуал жағдайында тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделмеуінің нәтижесі болып табылады.

Суицидалды ойлар – бұл сиуцидалдықтың белсенді үлгісінің көрінісі, яғни өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау, оның жоспарын жасауды жүзеге асырудың дәрежесімен қатар ол күшейіп отырады.

Суицидалды тәуекел – адамның өзін-өзі жоюға бағытталған әрекеттерді жасауға бейімділігі.

Суицидент – өзіне өзі қол жұмсаған немесе өзін-өзі өлтіруші адам

Толеранттылық (төзімділік) – өзге адамдарды қалай бар, солай қабылдау және олармен бірге өмір сүру, өзара қарым-қатынас жасау.

5. Бағдарламаны жүзеге асыру қағидалары.

  • Тұлғаның құндылық қағидасы, баланың өзі құндылық ретінде анықталады.

  • Тұлғаның бірегейлік қағидасы, баланың жеке даралығын мойындаудан тұрады.

  • Тұлғалық даму басымдылығы қағидасы, яғни оқыту қара бастың қамы ғана емес, ол әр баланың тұлғалық даму құралы ретінде алынады.

  • Әрбір оқушының жақын даму аймағына бағытталғандығы қағидасы.

  • Оқыту-тәрбиелеу үдерісінің эмоционалдық-құндылықтық бағдары қағидасы.

6. Күтілетін нәтиже

Осылай ұйымдастырылған жұмыс балаларды әлеуметтік және психологиялық жағынан қорғауды жүзеге асыруға, девиантты мінез-құлықты балалардың санын азайтуға және суицидалдық әрекеттерден сақтануға септігін тигізеді. Сонымен қатар балалар мен ата-аналар ортасында өзара қарым-қатынасты нығайту бойынша жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.



Осы бағдарламаның жетістіктері

  • Оқушылардың психологиялық жағынан ашылуы үшін, әрбір оқушының өзін-өзі көрсетуіне септігін тигізетін дағдылар мен тәсілдерді қалыптастыру үшін бар мүмкіндіктер;

  • Сынып жетекшісіне, пән мұғаліміне оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту-тәрбиелілік жұмыстарды құруда көмек көрсету үшін бар мүмкіндіктер;

  • Анықталған психологиялық проблемаларды дер кезінде түзету, жетілдіру және оқу-тәрбие үдерісін нығайту үшін жағдай жасау.

Бағдарлама табысты әрекет етуші және келешекте психологиялық дені сау болатынын қамтитын баланың әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуіне бағытталған педагогтардың, психологтардың, мектеп әкімшілігінің және ата-аналардың бірлескен іс-әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде жүзеге асырылса өте тиімді болады.

Бағдарламалық іс-шаралардың жүйесі



Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

Жауапты

Оқушылар

Ағарту ісі мен алдын алу шаралары

1

Қиын өмірлік жағдайларда қалған жасөспірімдерді және олардың отбасыларын анықтау, оларды оңалту іс-шараларына қатыстыру.

Жыл бойына

Әлеуметтік педагог

2

Әлеуметтік жағымсыз отбасылар туралы мәліметтер базасын құрастыру.

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог

3

Әлеуметтік тәуекел тобына жататын отбасылармен жеке алдын алу шараларын өткізу.

Жыл бойына

Әлеуметтік педагог

4

Әлеуметтік жағымсыз және тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалармен сыныптан тыс уақытында сауықтыру мен демалдыру шараларын ұйымдастыру (мектеп жанындағы сауықтыру мен дамалыс лагері).

Демалыс уақытында

Әлеуметтік педагог

5

Педагогтардың кәсіби құлдырауын зерттеу бойынша жұмысты ұйымдастыру

Жыл бойына

Психологтар

6

1. Үрейлікті қалай женуге болады (6 сынып)

Қазан

Психолог

7

2. Ана-аналармен қақтығыстарды шешу тәсілдері

(7 сынып).



Қараша

Сынып жетекшілері

8

Адам өміріндегі стресс. Стресспен күресу тәсілдері (8 сынып)

Желтоқсан

Сынып жетекшілері

9

«Меннің» қырлары» (9 сынып)


Ақпан

Сынып жетекшілері

1

Мен + ол + олар = біз (10 сынып)

наурыз

психолог

1

Эмоциялық күйлерін басқару тәсілдері (11сынып)

сәуір

психолог

1

«Жоқ!» деп айта білу» (8 сынып)

мамыр

Сынып жетекшілері

1

Құқықтық сынып сағаттары:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі туралы не білуі тиіс (6-8 сыныптар)



Қыркүйек


инспектор

1

Өз құқықтарынды білесің бе? (5-9 сыныптар)

қазан

инспектор

1

Емтихан алдында оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

желтоқсан

психолог


1

5-сынып оқушыларына арналған тренингтік ойын («Қабылданбаған» оқушыларды кіріктіру)

қаңтар

психолог


1

«Өмірдің мәні неде?» тренинг (10 сынып)

ақпан

психолог

1

«Мен және менің таңдауым» әлеуметтік дағдыларды және салауатты өмір салтын сақтаудағы дағдыларды қалыптастыру бойынша топтық тренинг жүргізу (5-9 сыныптар)

наурыз

психолог

1

Бейімделмеген оқушылармен психотүзету жұмыстарын ұйымдастыру

сәуір

психолог

2

«Өмірдегі жетістік» жасөспірімдердің диспуты

сәуір

Әлеуметтік педагог

2

«өзінді-өзің таны және өзіңе-өзің сен!» жасөспірімдерге арналған топтық жұмыс

мамыр

психолог

2

«Суицид мәселесі және оның зардаптары»

оқушыларға арналған тренинг.



мамыр

психолог

2

Суицидке бейім жасөспірімдерге кеңес беру (Қосымша 2)


Жыл

бойына


психолог

Педагогтар

1

«Жетістік жағдайын құрудың педагогикалық тәсілдері» іскерлік ойын

қазан

Тәрбие ісі

жөніндегі директордың орынбасары



2

«Суицид дегеніміз не және онымен қалай күресу керек?»

қараша

психолог

3

Сынып жетекшілеріне арналған семинар «Қазіргі жасөспірімдердің невротикалық бұзушылықтарының формалары мен олардың кейбір себептері»

желтоқсан

Тәрбие ісі

жөніндегі директордың орынбасары



4

«Оқушылардың жас ерекшелік психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерінің типологиясы»

қараша

психолог

5

Сынып жетекшілердің семинары.

«Сыныптағы психологиялық ахуал»



ақпан

Тәрбие ісі

жөніндегі директордың орынбасары



6

«Педагогикалық қақтығыстарды шешудің әдістері» семинар-практикум

Жоспар бойынша

психолог

7

«Психологиялық көмек көрсету – суицидалдық мінез-құлықтың алдын алу факторы ретінде» мұғалімдерге арналған тренинг (Қосымша 3)

Жоспар бойынша

психолог

8

Педагогтар мен оқушыларға арналған семинар-пікірталасың бағдарламасы (Қосымша 4)

Жоспар бойынша

психолог

Ата-аналар

1

Ата-аналарға арналған лекциялар:

1.Жас ерекшелік психологиялық және

педагогикалық ерекшеліктері

(кіші жасындағы оқушылар, жасөспірім,

жоғары сынып оқушылары);

2.Балаларды тәрбиелеудегі біздің қателіктеріміз;



  • Қарым-қатынас қадамдары;

  • Бейімдеу кезеңі кезіндегі психологиялық

ерекшеліктер, ата-аналардың көмегі мен

қолдауының түрлері;



  • Қорқыныш және оның тұлға дамуына әсері;

  • Қиын жастық шақ және ата-аналарға

арналған кеңес;

  • Суицид дегеніміз не және онымен күресу жолдары;

  • Психологиялық дискомфорттың факторы

–Балалар мен ата-аналардың қарым- қатынастарының

ерекшеліктері;



  • Жасөспірімдердің қызығушылықтары;

  • Балалар бос уақытында немен айналысады –

  • қаңғыбастықтың алдын-алу шаралары;

  • Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі;

  • Өз эмоциясын басқаруға үйрету;

  • «Баланың оң және жағымсыз мінез-құлқы: оған біздің қатынасымыз қандай?» диспут

Ата-аналарға арналған кеңестер

(Қосымша 5)

Жоспар бойынша және сұраныс бойынша

Сынып жетекші

Психолог


Тәрбие ісі

жөніндегі директордың орынбасары инспектор Әлеуметтік педагог




Диагностика (оқушылар)

1

Әлеуметтік статусты зерттеу

Жыл сайын

Сынып

жетекші


2

Бейімделу деңгейін зерттеу

Жоспар бойынша

Психолог


3

Үрейлік деңгейін зерттеу

Жоспар бойынша

Психолог


4

Әлеуметтік-психологиялық бейімделу шкаласы (ӘПБ)

9 сынып


Жоспар бойынша

Психолог


5

Басса-Дарки сауалнамасы (айбат шегу, кінәлі сезіну)

Сұраныс бойынша

Психолог


6

Қақтығыс жағдайында жауап беру тәсілдерін бағалау

Сұраныс бойынша

Психолог


7

Девиантты мәінез-құлқына бейімділік

Тәуекел тобындағы балалар

Әлеуметтік педагог


Ата-аналар

1

Ата-аналарға арналған сұрақ-жауап – ата-аналармен жасөспірімнің өзарақатынасындағы аутқуларды диагностикалау

Сұраныс бойынша

Психолог


2

Ата-аналар қатынасының сұрақ-жауабы

Сұраныс бойынша

Психолог


Түзету

1

«Сен және мен – біздің айырмашылықтарымыз».

5-6 сыныптарға арналған сабақ.



қазан

Психолог


2

«Түсінбеушіліктің кедергілері».

8-сыныпқа аранлаған сабақ.



қараша

психолог

3

«Өз-өзіңе арнап сыйлықтың суретін салу» өзін-өзі бағалауын көтеру сабағы. 7- сынып.

желтоқсан

Әлеуметтік педагог


4

Өзіне сенімділік тренингі

ақпан

Әлеуметтік педагог

5

«Мен өз өмірімнің құрылысшысымын» жасөспірімдерге арналған сабақтар

наурыз

Әлеуметтік педагог


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет