Адамның өмір сүру салты үш категориядан тұрады: өмір деңгейі, өмірдің сапасы өмір стилі.
Өмір деңгейі — бұл материалдық, мәдени, рухани қажеттіліктің қанағаттану деңгейі.
Өмір сапасы адамзат қажеттіліктерін қанағттандырудағы жалылықпен сипатталады.
Өмір стилі — адам өмірінің мінез-құлықтық ерекшеліктері, яғни тұлғаның психологиясы мен психофизиологиясы бейімделетін белгілі бір стандарт.
«Салауатты өмір салты» түсінігі – адамның өмір сүру салты мен адам денсаулығының өзара байланысы. Салауатты өмір салты денсаулықты дамыту мен жағдай жасау үшін адамның кәсіби, қоғамдық, тұрмыстық қызметтерінің орындалуына ықпал етеді.
Салауатты өмір салтының негізгі принциптерін жатады:
•әлеуметтік: өмір салты эстетикалық, адамгершіліктік және еріктік болуы қажет;
•биологиялық: өмір салты жасқабайланысты, нығайтушы, ритмикалы болуы қажет.
Салауатты өмір салтын кешу көздейді:
•дене кемеліне жетуге ұмтылу;
•өмірде рухани, психикалық үйлесімге жету;
•толыққанды тамақтануды қамтамасыз ету;
•өз өмірінен өзін-өзіқиратушы мінез-құлықты жою (шылым шегу, алкоголизм, нашақорлық, гиподинамия және т.б.);
•жеке гигиена ережелерін сақтау; организмді шынықтыру және оны тазалау және т.б.