Психологиялық тұрақтылық ішкі (тұлғалық) және сыртқы (тұлға аралық, әлеуметтік қолдау) қорлардан тұрады.
Әлеуметтік орта факторлары:
өзін-өзібағалауды қолдаушы;
өзін-өзітанытуға ықпал етуші;
организмнің поддерживающие адаптивные потенциалы и энергетические ресурсы организма;
әлеуметтік ортаны психологиялық қолдау (жақындарын, достарын, әріптестерін эмоционалдық қолдау, оларға нақты көмек көрсету және т.б.).
Тұлға
Тұлғаның санасы;
Тұлғаның қатынасы (оның ішінде өзіне қатынасы);
Когнитивтік аясы;
Эмоционалды аясы;
Мінез – құлықтық (және іс-әрекеттік) аясы;
Коммуникативтік аясы.
Психологиялық тәуелділік тұрақтылықтың төмендеуінің нәтижесі ретінде.
Психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуінің жағымсыз салдары туралы айттық. Еске сала кетер бір мәселе, психологиялық тұрақтылықтың төмендеуі тәуелділіктің туу мүмкіндігін жоғарлатады.. Біз психологиялық тәуелділіктің үш негізгі тобын ажаыратамыз:
-химиялық;
-белсенділікті акценттілеу;
-интеракциялық тәуелділік.
Химиялық тәуелділік эмоциогенді жағдайлардың шектен тыс шығуынан, яғни олардың жетіспеуінен немесе шектен тыс көп болуынан пайда болады. Психобелсенді заттар (алкоголь, токсикант, наша) тұншықтырады, сөйтіп адам үшін олардың мәнін төмендететі. Эйфериялық уайымға салынып, өзекті жағдайлардан зейінін аударады, индивид оларды өзінен субъективті түрде алыстатады, сөйтіп өзі үшін мәнді оқиғалардың санын азайтады. Психобелсенді заттар галюцинациялық көріністердіде береді. Алкогольдің босаңсыту әсері бар. Бас миының қабығында қозу деңгейін төмендетіп, ол қорқыныш, үрейді уайымдау күшін әлсіретеді. Сонымен қатар жағымсыз сезімдер немесе борыш, күнә, ұят сезімдерін әлсіретеді.
Белсенділікке акцентуациялану. Ойынға, жыныстық қатынасқа құмарлық, жұмысқа берілу, осы себептердің бірі тұлғалық үйлесімсіздікке әкеледі. Бұл тәуелділік оқиғаның құндылығын төмендетеді, сөйтіп маңызды оқиғалардың мәнін жояды.
Басқалардың қабылдауына деген қажеттіліктің төмендеуі, өзі үшін мәнді топта беделдің болмауы, құрмет силастықтың төмендеуі индивидті интеракционистік тәуелділікке әкеліп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |