Кәсіби өзін – өзі анықтау – адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы.
Кәсіби өзін-өзі анықтау, бұл адам бойындағы кәсіби қызығушылығы мен кәсіби қабілетінің икемділігіне сәйкес келетін кәсіби қызметті таңдауы болып табылады. Кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесі әр жаңа ғасырлар мен жылдар бойы өзінің өзектілігін жалғастырады. Жасөспірімдерді мамандықты таңдай білуге белгілі бір арнайы дайындық орындары немесе білім беру ортасы ғана толықтырып қоймайды, сонымен қатар бала бойындағы кәсіпке икемділік қабілеті маңызды рөл атқарады. Кәсіби өзін-өзі анықтау – жеке тұлғаның қалыптасып, дамуына тікелей байланысты болатын күрделі және ұзақ процесс. Мамандықты дұрыс таңдау барысында, бала бойында кәсіби біліктілікті қалыптастыру керек. Жасөспірімдік жаста өзіндік тану және өсуімен қатар, өздерінің «Мен» қызығушылығы артады. Бұл жағдайды қарастыра отырып, оқушылардың кәсіптік бейімделуін ұйымдастырудың маңызы зор, өйткені осы жастағы мамандықты саналы және сенімді таңдауға қабілеттілігі «Мен» бейнені қалыптастырумен тығыз байланысты. Ю.В.Кобазованың зерттеулері орта мектептің жасөспірім оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес келетін қызметтің түрін таңдауға тырысатындығын көрсетеді. Мектеп оқушыларының өз қабілеттерін түсінуі көбінесе индикаторларға сәйкес келмейтіндіктен, олардың таңдауы бойынша сәтсіздікке ұшырауы болады. Кәсіпті таңдаған кезде, үлкен сынып оқушылары көбінесе өзін-өзі таныту деңгейіне, ең алдымен моральдық және еріктілікке, содан кейін интеллектуалды, тек содан кейін ұйымдастырушылық қасиеттерге бағынады.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың теориялық негізін зерттеуші- Е.А. Климовтың пайымдауынша, кәсіптік өзін-өзі анықтау - бұл белгілі бір мазмұнға ие болатын адамның қызметі, оны еңбек субъектісі ретінде қалыптастыру кезеңін ескере отырып. Осылайша, кәсіптік өзін-өзі анықтау кәсіби топқа қосылу процесін және өз дамуының мүмкіндігін үнемі іздеуді қамтиды. Л.Д. Столяренко және В.Е. Столяренко кәсіби өзін өзі анықтауды өмірлік жүйе ретінде және оны еңбек қызметінің аяқталуымен байланыстыратын процесс ретінде қарастырады. Яғни, бұл пайымдау бойынша, адамның еңбек әрекеті басталған аяқталғанға дейінгі жүйе ол,кәсіби өзін-өзі анықтау процесі болып табылады. Бұл процесс адамның кәсіпке қабілетті еңбек әрекетімен, қабілетімен сипатталады. Н.С. Пряжников кәсіби өзін-өзі анықтау белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы барлық әрекеттерді тәуелсіз және саналы түрде анықтау, сондай-ақ өзін-өзі анықтау үдерісіндегі мағынаны табу екенін айтады. Педагогикалық әдебиеттердің барлығында да мамандық таңдаудағы түрткілердің біркелкі классификацияларды кездестіре алмаймыз.
Сан түрлі классификациялардың ішінен өз ойыма жақын Л.В. Пенкраттың
«Мотивы выборы профессии» атты кітабында келтірген жалпы түрткінің үш тобын көрсеткім келді, олар:
Жалпы түрткі: мамандықтың романтикалығы; танымалдылығы; қоғамдық маңыздылығы; мысалға сүйену;
Мамандықтың мүмкіндігін білу; оқудағы және сыныптан тыс қызығушылық; пайда әкелу түрткісі; жақындар мен танысардың ықпалы;
Мамандықтың қоғамдағы пайдалық түрткісі; психологиялық мінездеме; еліктеу; сыртқы себептер.
Осы тұрғыда әлеуметтік педагог жасөспірімдердің кәсіби өзін-өзі анықтау дағдыларын қалыптастыру жұмысында түрткілер және терең мағынасында, яғни мотивацияларды есеп алып, тиянақты қызмет жүргізуі тиіс.
Кәсіби өзін – өзі анықтаудың басты (ізгі) мақсаты – адамдағы өз даму келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іскеасыруға деген іштей дайындықтың бірте – бірте қалыптасуы. (Ізгі мақсат деп аталу себебі бұл мақсатқа қол жеткізу өте сирек кездеседі).
Кәсіби өзін – өзі анықтаудың міндеттерінің негізгі топтарынаақпаратты- анықтамалық немесе ағартушылық, диагностикалық ( өзін – өзі тануға жәрдемдесу), моральді – эмоциялық (таңдауда, шешім қабылдауда көмек көрсету) міндеттері жатады.
Адам өзі көп жағдайда өзін-өзі кәсіби анықтай алмайды, сондықтан ол кеңесшінің көмегіне жүгінуіне тура келеді.
Кеңесші мен клиенттің қатынасы барысында кәсіби өзін – өзі анықтау мәселелерін шешу күрделілігінің мынадай деңгейлері болады:
проблема клиент қатысуынсыз шешіледі – клиент пассивті позицияны ұстанып, таңдау субъекті болмайды;
проблема клиентпенбірлесе отырыпшешіледі – диалог, өзара әрекет, бірлесе жұмыс істеу;
клиенттің өз проблемаларын өз бетінше шешуге дайындығының бірте – бірте қалыптасуы – клиент нағыз субъектке айналады.