Табысқа жетуге тырыспаңыз, өміріңіздің «мәні» болуға тырысыңыз!
Альберт Эйнштейн.
Өмір мәні тек бір нәрседе- ол күресу!
Антов Чехов
Өмір мәні неде? Біреуге қызмет етіп, жақсылық жасауда!
Аристотель
Өлімнен емес, бос өмірден қорқу керек!
Бертольд Брехт
Өмір үшін өмір мәнін жоғалтуға болмайды.
Децим Ювенал
Өмір мәні екіге бөлінеді- ішкі және сыртқы, сыртқы: отбасы, жұмыс, табыс. Ал ішкі түсініксіз және анық емес. Ол барлығында болады.
Игорь Губерман
Әрбір адам өмірге жай келген жоқ. Әрбір адамның өзіндк миссиясы, өмірге тигізетін бір ісі болады. Сол істі жасап, рахатқа бөленген кезде өмір мәні айқын анықталады.
Өмір және өмір мәні деген ұғымдарды толығымен түсіну үшін адамзатқа сан жетпес жылдар керек. Сондықтан өз ойын өзіңе құнды болып, өмір мәнін өзің ұғын!
Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары Нарықтық қатынастар дамыған қазіргі кезеңде тұлғаның дамуы, қалыптасуы бірінші кезектегі мəселенің бірі болып отыр. Өскелең ұрпақты тəрбиелеу жəне оқыту тек қана мұғалімдердің педагогикалық шеберлігіне, оқу- материалдық базаның түгелдігі, оқу бағдарламаларының сапасы мен мазмұнына ғана байланысты емес, сонымен қатар, адамның психикалық қасиеттерінің қалыптасуына да байланысты болмақ. Әсіресе дәл қазіргі сәтте адамдарда кәсіби өсуде, мамандық таңдауда қателіктер көп кетіп жатады. Себебі , өмірдің мәнін көптеген адамдар өзінің сүйікті ісін жасаудан табады. Ал өмірде кәсіби дағдарысқа түсу көп жағдайларда адамдардың өз – өзін жоғалтуымен аяқталады. Елбасымыздың мақаласы нақты осы тақырыпқа арналмағанымен, Қазақстан халқының әлеуетін, психологиялық жағдайын қамтып өтеді. Елбасымыз өзінің «Рухани жаңғыру» атты мақаласын ұсынғанда, ол жерде бәсекелестікке қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы және ұлттық бірлік сияқты қасиеттерге тоқталып өткен болатын. Осы сәтте көптеген адамдардың мамандық таңдауда қателісіп жатуының бір себебі осы қасиеттердің жетіспеуінен де болып жатыр.