Кәсіби өзін – өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар Кәсіби өзін – өзі анықтау – адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы. Кәсіби өзін – өзі анықтаудың басты (ізгі) мақсаты – адамдағы өз даму келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іске асыруға деген іштей дайындықтың бірте – бірте қалыптасуы ( Ізгі мақсат деп аталу себебі бұл мақсатқа қол жеткізу өте сирек кездеседі ). Адам өзі көп жағдайда өзін-өзі кәсіби анықтай алмайды, сондықтан ол кеңесшінің көмегіне жүгінуіне тура келеді. Кеңесші мен клиенттің қатынасы барысында кәсіби өзін – өзі анықтау мәселелерін шешу күрделілігінің мынадай деңгейлері болады: проблема клиент қатысуынсыз шешіледі – клиент пассивті позицияны ұстанып, таңдау субъекті болмайды; проблема клиентпен бірлесе отырып шешіледі – диалог, өзара әрекет, бірлесе жұмыс істеу; клиенттің өз проблемаларын өз бетінше шешуге дайындығының бірте – бірте қалыптасуы – клиент нағыз субъектке айналады.
Кәсіби өзін – өзі анықтаудың міндеттері Ақпаратты-анықтамалық немесе ағартушылық, диагностикалық (өзін – өзі тануға жәрдемдесу) Моральді – эмоциялық ( таңдауда, шешім қабылдауда көмек көрсету) Кәсіби өзін – өзі анықтаудың негізгі белгілері Формализация – кәсібилік дипломдарда, сертификаттарда, еңбек кітапшасында, еңбек нәтижелерінде және т. б. көрінеді. Қолайлы жағдайлар – әлеуметтік сұраныс, талапқа сай ұйымдар, құрал – жабдықтар және т. б. Е. А. Климов кәсіби өзін -өзі анықтаудың екі кезеңін бөліп көрсетті Гностикалық деңгей - сананы және сана-сезімді қайта құру Адамның әлеуметтік мәртебесінің нақты (шынайы) өзгеруі