Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар



бет2/12
Дата07.02.2022
өлшемі1,93 Mb.
#86900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
7 лекция өмірдің мәні

Альберт Камюдің философиясы туралы естіп көрдіңіз бе? 1957 жылы Нобель сыйлығының иегері атанған жазушы «Сизиф туралы аңыз» кітабында былай деп айтады: «Төсектен тұрады, автобус, төрт сағаттық жұмыс, тамақ, автобус, төрт сағаттық жұмыс, тамақ, ұйқы, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, көп санды уақыты бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ мәнсіз, мағынасыз жөңкілген қайталанбалы ағын. Бірақ, күндердің бірі оның миында «Не үшін?» деген сұрақ пайда болады және сол сәттен бастап осының бәрінен таңырқау аралас жалығу басталады. «Басталу», бұл өте маңызды. Зерігу механикалық тұрмыстан басталған соң, сананы түгелдей қозғалысқа түсіреді». Шындығында біркелкі өмір адамды жалықтырып жібереді. Жалыққан адам санасында неше түрлі ойлар болады. Егер адамдардың белгілі бір мақсаты болмаса, олардың іштері пысады, осылайша қоғамға бүлік әкелушілер пайда болады. Өмірдің мағынасыздығы мен ажалдың шынайылығын түсінген адамның шынайы құндылығы өзін-өзі мерт қылу жолымен ажалды қабылдауда емес, ажалмен күресте. Ажалмен күресу дегенде өлмеудің жолын іздеу емес, арғы дүниеге кеткенше саналы нәрсемен айналысу, мақсат қойып соны орындай білу, қоғамға пайдалы адамгершілік тұрғысынан ақылға қонымды нәрсе жасап кету. Яғни, бұл өмірге келіп, қалай өмір сүруің өзіңе ғана байланысты, абсурдқа толы жалған өмірде көптің бірі болып өткізу немесе абсурдпен күресіп, өз-өзіңе өмірдің мәнін жасап алу, игі істер атқарып, кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдыру.


Егер сен бақыттың неден құралатынын іздесең, мәңгі бақытты бола алмайсың. Егер сен адам өмірінің мән-мағынасын іздеуді қоймасаң, онда өмір сүре алмайсың. А. Камю


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет