машылығын оқушыларға кеңінен таныту;оқушының жан-жақты ойлауын, ізденуін дамыту, ой-өрісін кеңейту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру; оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау және жетілдіру.
Алмас қылыш жарқылдаған жүзі бар,
Тасқа түскен тұлпарлардай ізі бар.
Қазағымның жиырмасыншы ғасырда
Фариза атты әйгілі ақын қызы бар.
Р.Шотбаева
Өлеңдерінің тақырыбы
Өлеңдері
Жинақтары
Марапаттаулары
махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы
“Қыз ғұмыры”,
“Мақатаев туралы жыр”, “Теңіз жаға-сында”, “Дос іздеп келем”, “Қартаймай жүрсін қарттарым”, “Туған ауыл”, “Оюлар”, “Мұнайшы”, “Туған ауыл”, “Ондыныі оты” т.б.
Мен туған ауыл – Ай мекен, еске алмай жүрер күнім кем. Баяғы достар қайда екен, бірге ойнап,бірге жүгірген? Жатаған,ескі үй анау, Мені алаң еткен шет жерде. Бұл маңайлар да құдай – ау, Қалаға айналып кеткенбе? Жүрегім ұқсап балаға, Бір сезім жанды өртеді. Жүгірген салқам сары бала, Миядан шығар сол тегі.
Мен онымен қай кезде көрiсемiн? қашан? Қашан? Айтшы сен соны, сенiм? Мен қашанғы аңсаумен аласұрып, жүрегiмдi, миымды таң асырып, тарта берем күтудiң мұңды азабын, тағдыр қашан қояды бұл мазағын? Көрмей, ќұшпай елесiн серiк қылып қашанғы мен ќайғылы жыр жазамын? Қашанғы ендi мен оны ұмытпаймын, қашанғы iште жатады ұлып қайғым? Қашан, қашан ұшады сағым болып жүрегiме iлiнген ќұлыптай мұң? Мен қашанғы iшiмнен шыңғырамын, Қашан, қашан басылар бұл құмарым, ей, Адамдар, айтсаңшы бiреуiң кеп қандай емнен жазылар жынды жаным?
Неге осы мен өзгеден басқарақпын, неге жұртқа шат жерде жасқа баттым? Басқалардай неге мен елтiмеймiн самалына, көркiне бақша-бақтың? Жерiк әйел секiлдi есiм ауып, неге саған осы мен ашқарақпын? Басым дал-дал. Бiлмеймiн немен, қалай тынарын бұл күндерiм, қалай қуам көңiлдiң бұлтын, желiн; немен басам, бiлмеймiн, жанымдағы мизам күнгi найзағай күркiлдерiн. Жанар – найза, iшiм от, ќол дәрменсiз, жауға алдырған батырдай жұртын, жерiн. Келем көзсiз дауылда араласып, Саған жетiп құлауым мүмкiн менiң.
Ақындық тұғырына дара қонып, Берер қолы көрмепті ала болып Қазақтың қайта туған бір қызы бұл Біздер үшін Шолпан боп,Сара болып Жырын жұтып шөлдесем,қанатынмын, Сезуші ем шырақ болып жанатынын Тілеймін жыр шыңына самғап ұшқан Топшысы талмасын деп қанатының.
Фариза! Фаризажан, Фариза - қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, Бірімізден біріміз арылармыз. Біздерді де жоқтайтын жан болса егер, Шаң басқан архивтерден табылармыз. Сен мені білесің бе, білесің бе? Жаралмаған жан екем күресуге. Жылай жүріп, өтірік күлесің де, Жүресің де қоясың, жүресің де. Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып, Тастағысы келеді күресіңе. Фаризажан, сен соны білесің бе? Жанарымды тұманмен тұмшаладым, ...Серіппесі үзіліп тұр садағым. Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. Ауырлар деп ойлап па ем мұңша халім...(үзінді)
Мұқағали Мақатаев
Фариза апа, қанағат жоқ осы менде, Жанымның уақыты мол, досы кем бе? Бір өлеңді тауысып «уһ» дегенде, Екінші ой жетелейді қозып түнде. Осы мен ақын емес аурумын-ау, Солай десең ат міне қару мынау. Күндіз ұйқы өткізем, түнді ояу, Жапалақтың күйін кештім; жаны мылқау. Мен сенің жырларыңнан мас болғанмын, Сезімге еріп қайғылардан тас қорғандым. Фариза ақын, әйелсіз-ғой осы сізге, Менен де қиын болар тасты ұрғаның. Жас болсам да бір ғасырлық адамдармыз, Сырым бар ед, көп іздегем адал, ақ қыз. Шүкір таптым мені сүйген жарымды – ай, Бірақ неге қанағат жоқ қатаңдаумыз?
Ақындық қиын деген дана халқым; Мұқағали, Төлеген, Мұхтар ақын. Төзе алмайтын ақын апа халім бар, Дауаң бар ма бұл жолдан құтқаратын. Елді жырлап, Отанымды, жер-көкті, Жүрсем игі бірақ сезім жел өпті. Институтта ғашық болғам бір қызға, Сол махаббат тынышымды жерлепті. Мен оны есім кетіп сүйген едім, Қош дегенде қаралы күйге ендім. Сол бір кезді сағынып, аруымды, Бәлкім сонан жырға жеріп түймелендім. Сағат тілі түнгі төрт Фариза апа, Мен отырмын хат жазып арыз айта. Қара өлең, астары бай хат күтемін, Оралсын мен аңсаған Тамыз қайта
Терең бойлап түйсініп, сезінбесең, Ішің бермес жұмбақтай жыр әлемім,- деп ақын ескерткендей,Фариза планетасын танып білу үшін жанмен сезініп,түсіну үшін ішіне еніп емін-еркін тамашалау керек.
Қақ айырылып кеудемді жаратындай Отты ойлардан лап етіп жанатындай Асығамын мен неге,асырамын, Бір ауыз сөз айта алмай қалатындай Күрсінеді бозамық таңым жатса От ойлардың өрімі таратылмай Арман алыс. Жолдарым барады ұзап. Ақжал атым тұяқты жаратылғай.
Қазақ поэзиясы биік шыңдарға жалғасып келеді. Мұқағалидың, Жұмекеңнің, Төлегеннің, Фаризаның, т.б. жүрек сазымен жазылған қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы поэзиясы - өлмейтін поэзия. Көрнекті жазушы Әкім Тарази сөзімен “Ұлы адам, үлкен адам еш уақытта мен ұлылыққа қызмет етіп жүрмін деп ойламайды. Ол өзімен- өзі алысып әуре. Өзінен - өзі күнде жеңіліп қиналады. Өзінен- өзі күнде жеңіп қуанады.Фариза да сол адамдардың қатарында. Фариза әлі де алыс-алыс замандарда өлмейтін, биік тұғырлы шығармалар жазады” деп қорытындылаймыз.