Өмірін өлеңімен өрнектеген Фариза ақын Мақсаты: Ф. Оңғарсынованың өмірін,шығар



Дата02.07.2018
өлшемі2,82 Mb.
#45999
  • Мақсаты:
  • Ф.Оңғарсынованың өмірін,шығар-
  • машылығын оқушыларға кеңінен таныту;оқушының жан-жақты ойлауын, ізденуін дамыту, ой-өрісін кеңейту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру; оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау және жетілдіру.
  • Алмас қылыш жарқылдаған жүзі бар,
  • Тасқа түскен тұлпарлардай ізі бар.
  • Қазағымның жиырмасыншы ғасырда
  • Фариза атты әйгілі ақын қызы бар.
  • Р.Шотбаева
  • Өлеңдерінің тақырыбы
  • Өлеңдері
  • Жинақтары
  • Марапаттаулары
  • махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы
  • “Қыз ғұмыры”,
  • “Мақатаев туралы жыр”, “Теңіз жаға-сында”, “Дос іздеп келем”, “Қартаймай жүрсін қарттарым”, “Туған ауыл”, “Оюлар”, “Мұнайшы”, “Туған ауыл”, “Ондыныі оты” т.б.
  • “Сұхбат”, “Мен саған ғашық емес ем”, “Маңғыстау монологтары”, “Қос бұрым”, “Өлеңдер жинағы”, “Аудармалар”,
  • “Ақындар жанымен қартаймайды”, “Мақалалар, ой-жазбалар, эсселер” т.б.
  • Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамоталары мен “Құрмет”белгісі,
  • “Парасат” ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты
  • О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
  • Саған көңіл бұлқынар күш ағынмен,
  • Сағынышымды қанат қып саған қарай
  • Балапандай талпынып ұшамын мен.
  • Туған жер
  • Армысыңдар, туған жер, туғандарым,
  • кезіп Жердің тау-тасын,нулы орманын
  • келіп тұрмын безгем жоқ өздеріңнен-
  • мені алысқа сендерден қуды арманым.
  • Шықтым талай талықсып шыңдарына,
  • ұялатты кей сәттер мұң жаныма.
  • Асып-тасқан,қиналған шақта кілең
  • ойша оралдым ақ мамық құндағыма.
  • Өлең деген алысып бір ағыспен
  • түсінгенге азап жоқ мұнан үстем
  • жырақ жүрмін сендерден тылсым кешіп-
  • кейде күліп, кейбірде жылап іштен.

Мен туған ауыл – Ай мекен, еске алмай жүрер күнім кем. Баяғы достар қайда екен, бірге ойнап,бірге жүгірген? Жатаған,ескі үй анау, Мені алаң еткен шет жерде. Бұл маңайлар да құдай – ау, Қалаға айналып кеткенбе? Жүрегім ұқсап балаға, Бір сезім жанды өртеді. Жүгірген салқам сары бала, Миядан шығар сол тегі.

  • Жүректе тұрар жалқы үнің,
  • Жанымнан жалын жігер күт.
  • Ұстазым сенің әр күнің,
  • Әр сәтің сенің – бір ерлік , -
  • деп ақын айтқандай, балалық шақтағы арман - мұратыңа бағыт беріп,сезіміңе қанат бітіріп, биіктерге бастайтын ұлы жан ұстаз емес пе?!
  • Шәкіртойы
  • Барады ғұмыр ағып
  • Сан алаудың бірі өшіп, бірі жанып...
  • Бірақ менің әлемдей көңілімде
  • Сен шырақсың мәңгілік нұры жарық,
  • Көз алдымда:
  • Құйып жанға өшпейтін бір жалыңды
  • Отырушы ең айта алмас сырларымды
  • Айтқызбай-ақ көзімнен ұғып алып.
  • Болмысың, тұлғаң, арың
  • Ашты маған дүниенің сырлы аралын,
  • Бұралаң жол, құздарың, жылғаларын.
  • Сен Анасың – мәңгілік құлағымнан
  • Кетпейтін құндақ әнің.
  • Көтере алмай кейде өмір сынақтарын
  • Мүмкін сені мен ылғи қуантпадым,
  • Мүмкін кейде өзіңді тыңдамадым.
  • Таң атарда қолға алам күнде сені
  • Көмейіме тығылып мұң кесегі
  • Көз алдымнан кетпейтін нұр бейнеңмен
  • Жүрегім тілдеседі...
  • Кең әлемде тағдыр жүгін жалғыз арқалаған нәзік жүректі ақынның мейірімге сусап , ана рухымен тілдесуі, жан жүрегі езіле тіл қатуы ғажап емес пе?
  • АНА ТІЛЕГІ
  •   Өмірден ылғи нұр күттім,
  • кешсем де талай өткелін.
  • Таңданам бүгін, тірліктің
  • құпиясы, мұнша көп пе едің?
  • Мол екен жұмбақтары да,
  • зардаймын ойсыз күніме.
  • Нәзіктеу мөлдір жаныма
  • ауырлау ғасыр жүгі де.
  • Қуаныш құяр көңілге
  • сиреді салқам сырласым.
  • Жыл өткен сайын өмірде
  • рахаттан гөрі мұң басым.
  • Жабырқап жарқын жамалым,
  • күдіктер жайлап сананы,
  • Бала өскен сайын ананың
  • бейнеті де өсіп барады.
  • Қоңыраулы күлкі қалды күн
  • шалқитын шартқа шектелмей.
  • Дос кеуделердің барлығын
  • күншілдік кеулеп кеткендей.
  • Серілік, сенім тұл бүгін,
  • жүрмейтін бір кез таң қылмай.
  • Шарқ ұрып жеткен шындығың
  • шілдеден соңғы шалғындай.
  • Жылуын жоймай Жер-бесік,
  • тұрса деп өшпей ізгі арман -
  • қорғаштап келем сең кешіп
  • қараулықтардан, ызғардан.
  • Тарландай уақыт тақымдар,
  • сенделтер салқын сеңдері.
  • Ей, Өмір, саған датым бар -
  • жалғыз-ақ тілек мендегі:
  • тоғытпа мейлің ақ нұрға?.;
  • сынағыңды әлі дайында,
  • нәзіктігімді тек қалдыр да,
  • аналығымнан айырма!...
  • 1989
  • Мен саған ғашық емес ем
  • Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
  • Осынша мені арман қып келдің  неге сен
  • Сыртыңнан сүйіп жүретінімді
  • сезушi eдің  ғой демесең
  • Мен саған гашык, емес ем.
  • Бас иген көп-көп балаларға паңдана
  • асқақтау басып бақытты болдым
  • Сонда да жын жүрегімді толтырар 6ip жан жетпей
  • Жүрді ғой демесең мен саған ғашык, емес ем.
  • Батырлардың ұрпағымын
  • Күресте өcin қайсар бабам
  • Қиындықтан тайсалмаған
  • Жасқа  қамқор, еліне — үлгі
  • Терең ойлы байсалды адам.
  • Мен атамның  шырағымын
  • Жастық  шақта жалындаған
  • Қайталаған әнін далам
  • Қала салып Айға аттанып,
  • Мұхиттарда дамылдаған.
  • Ер әкенің  ұланымын,
  • Мен әзiршe жас баламын
  • Алдымда әлі бақ-талабым,
  • Аталарға тартып туған
  • Ұланмын деп мақтанамын
  • Ел аялар сұңқар улын —
  • Батырлардың  ұрпағымын!
  • Сенің құрбың
  • Елесің қуантардай,
  • Сен жайлы ой кешемін.
  • Өзіңе дым айта алмай,
  • Құрбыңмен сөйлесемін.
  • Қолыңды алам да мен
  • Қысуға кысыламын
  • Гүлімді саған деген
  • Мен оған ұсынамын.
  • Мен онымен қай кезде көрiсемiн?  қашан?  Қашан?  Айтшы сен соны, сенiм?  Мен қашанғы аңсаумен аласұрып,  жүрегiмдi, миымды таң асырып,  тарта берем күтудiң мұңды азабын,  тағдыр қашан қояды бұл мазағын?  Көрмей,  ќұшпай  елесiн серiк қылып  қашанғы мен ќайғылы жыр жазамын?  Қашанғы ендi мен оны ұмытпаймын,  қашанғы iште жатады ұлып қайғым?  Қашан, қашан ұшады сағым болып  жүрегiме iлiнген ќұлыптай мұң?  Мен қашанғы iшiмнен шыңғырамын,  Қашан, қашан басылар бұл құмарым,  ей, Адамдар, айтсаңшы бiреуiң кеп  қандай емнен жазылар жынды жаным?
  • Неге осы мен өзгеден басқарақпын,  неге жұртқа шат жерде жасқа баттым?  Басқалардай неге мен елтiмеймiн  самалына, көркiне бақша-бақтың?  Жерiк әйел секiлдi есiм ауып,  неге саған осы мен ашқарақпын?  Басым дал-дал. Бiлмеймiн  немен, қалай тынарын бұл күндерiм,  қалай қуам көңiлдiң бұлтын, желiн;  немен басам, бiлмеймiн, жанымдағы  мизам күнгi найзағай күркiлдерiн.  Жанар – найза, iшiм от, ќол дәрменсiз,  жауға алдырған батырдай жұртын, жерiн.  Келем көзсiз дауылда араласып,  Саған жетiп құлауым мүмкiн менiң.
  • Ақындық тұғырына дара қонып, Берер қолы көрмепті ала болып Қазақтың қайта туған бір қызы бұл Біздер үшін Шолпан боп,Сара болып Жырын жұтып шөлдесем,қанатынмын, Сезуші ем шырақ болып жанатынын Тілеймін жыр шыңына самғап ұшқан Топшысы талмасын деп қанатының.
  • Фариза! Фаризажан, Фариза - қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, Бірімізден біріміз арылармыз. Біздерді де жоқтайтын жан болса егер, Шаң басқан архивтерден табылармыз. Сен мені білесің бе, білесің бе? Жаралмаған жан екем күресуге. Жылай жүріп, өтірік күлесің де, Жүресің де қоясың, жүресің де. Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып, Тастағысы келеді күресіңе. Фаризажан, сен соны білесің бе? Жанарымды тұманмен тұмшаладым, ...Серіппесі үзіліп тұр садағым. Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. Ауырлар деп ойлап па ем мұңша халім...(үзінді)
  • Мұқағали Мақатаев
  • Фариза апа, қанағат жоқ осы менде,  Жанымның уақыты мол, досы кем бе?  Бір өлеңді тауысып «уһ» дегенде,  Екінші ой жетелейді қозып түнде.  Осы мен ақын емес аурумын-ау,  Солай десең ат міне қару мынау.  Күндіз ұйқы өткізем, түнді ояу,  Жапалақтың күйін кештім; жаны мылқау.  Мен сенің жырларыңнан мас болғанмын,  Сезімге еріп қайғылардан тас қорғандым.  Фариза ақын, әйелсіз-ғой осы сізге,  Менен де қиын болар тасты ұрғаның.  Жас болсам да бір ғасырлық адамдармыз,  Сырым бар ед, көп іздегем адал, ақ қыз.  Шүкір таптым мені сүйген жарымды – ай,  Бірақ неге қанағат жоқ қатаңдаумыз? 
  • Ақындық қиын деген дана халқым;  Мұқағали, Төлеген, Мұхтар ақын.  Төзе алмайтын ақын апа халім бар,  Дауаң бар ма бұл жолдан құтқаратын.  Елді жырлап, Отанымды, жер-көкті,  Жүрсем игі бірақ сезім жел өпті.  Институтта ғашық болғам бір қызға,  Сол махаббат тынышымды жерлепті.  Мен оны есім кетіп сүйген едім,  Қош дегенде қаралы күйге ендім.  Сол бір кезді сағынып, аруымды,  Бәлкім сонан жырға жеріп түймелендім.  Сағат тілі түнгі төрт Фариза апа,  Мен отырмын хат жазып арыз айта.  Қара өлең, астары бай хат күтемін,  Оралсын мен аңсаған Тамыз қайта

Терең бойлап түйсініп, сезінбесең, Ішің бермес жұмбақтай жыр әлемім,- деп ақын ескерткендей,Фариза планетасын танып білу үшін жанмен сезініп,түсіну үшін ішіне еніп емін-еркін тамашалау керек.

Қақ айырылып кеудемді жаратындай Отты ойлардан лап етіп жанатындай Асығамын мен неге,асырамын, Бір ауыз сөз айта алмай қалатындай Күрсінеді бозамық таңым жатса От ойлардың өрімі таратылмай Арман алыс. Жолдарым барады ұзап. Ақжал атым тұяқты жаратылғай.

Қазақ поэзиясы биік шыңдарға жалғасып келеді. Мұқағалидың, Жұмекеңнің, Төлегеннің, Фаризаның, т.б. жүрек сазымен жазылған қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы поэзиясы - өлмейтін поэзия. Көрнекті жазушы Әкім Тарази сөзімен “Ұлы адам, үлкен адам еш уақытта мен ұлылыққа қызмет етіп жүрмін деп ойламайды. Ол өзімен- өзі алысып әуре. Өзінен - өзі күнде жеңіліп қиналады. Өзінен- өзі күнде жеңіп қуанады.Фариза да сол адамдардың қатарында. Фариза әлі де алыс-алыс замандарда өлмейтін, биік тұғырлы шығармалар жазады” деп қорытындылаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет