Қарын
БІР БӨЛІМДІ ҚАРЫН
Бір бөлімді қарын қүрсақ қуысында, көкеттен кейін көлденеңінен орналасады. Қарынның сол жақ ұшына өңеш тесігі ашылады, Жүрекке (kardia) жақын жатқандықтан, қарынның сол жақ бөлігін кардиальды бөлік — деп атайды. Қарынньщ оң жақ ұшынан он екі елі ішек шығатын шекарада, қарын жынын ішекке мөлшерлеп шығарып тұратын қақпақша (pylorus) болады. Қарынның ішекке шығаберіс бөлігін қақпақшалық (пилорустық) бөлік дейді. Қарынның кардиальды және пилорикалық бөліктері аралықтарындағы негізгі бөлігін қарын түбі (fundus) немесе қарынның фундальды бөлігі — деп атайды. Қарынның алдыңғы қабырғалық беті (facies parietalis) бауыр және көкетпен, артқы висцеральды беті (facies visceralis) ішек ілмектерімен жанасады. Оның жоғарғы алдыңғы жағында қарынның кіші иіні (curvatura ventriculi minus), ал төменгі артқы жағында қарынның үлкен иіні (curvatura ventriculi majus) болады. Осы аталған иіндерден кіші және үлкен қарын шарбылары басталады. Олар екі қабат сірлі қабықтан құралған. Сірлі қабықтар арасындағы борпылдақ дәнекер ұлпасымен қоректендіруші қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Кіші шарбы қарынды бауырмен, ал үлкен шарбы қарынды көкбауыр жөне ішекпен байланыстырады. Қарынның қабырғасы түтікше мүше ретінде үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы етгі және сыртқы сірлі қабықтардан тұрады. Бір бөлімді безді қарынның кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын сөлін бөлетін кардиальды безді аймақ (gl. cardiaca), фундальды безді аймақ (gl. fundalis) және пилорустық безді аймақ (gl. pylorica) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |