Омыртқалы жануарлардың ас қорыту мүшелері эволюциясы



бет5/13
Дата14.12.2021
өлшемі3,15 Mb.
#126714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Байбараков Байрамбек Осөж 15

Ерекшеліктері. Жылқы тілінің сілекей бездері сірлі-кілегейлі сілекей бөледі. Тілде бір жұп қорғанша емізікше, кейде үшінші тақ емізікше де кездеседі. Конусша емізікше болмайды. Күйіс қайтаратын жануарлар тілінің жоғарғы арқа бетінде тіл жастығы (torus linguae) болады. Олардың тілдерінің ұштары үшкірлеу болып келеді. Тілдің кілегейлі кабығында пигментті аймақтар көрінеді. Бұларда конусша емізікшелер жақсы жетілген, қорғанша емізікшелердің саны тілдің бір жақ жартысында: сиырда — 8-7 (21), қойда - 18-28, ешкіде - 11-18 -ден болады. Жапырақша емізікшелер болмайды. Шошқаның тілі жіңішке, ұзын, үшкір болып келеді. Оның дорсальды бетінде бір жұп қорғанша емізікше орналасады. Тілдің вентральды бетіндегі кілегейлі қабық астында тіл шеміршегі болады. Ит тілінің пішіні жалпақ, жіңішке және ұзын болып келеді. Оның дорсальды бетімен тілдің орталық сайы (sulcus medianus linguae) өтеді. Қорғанша емізікшелердің саны 2-3 жұп. Тіл ұшының төменгі бетіндегі кілегейлі кабық астында ұршық пішіндес тіл шеміршегі болады. Ол ыстық күндері ауыздан саландаған тілді ұстап тұрады. Тілдің сілекей безі кілегейлі сөл бөледі.

Жұтқыншақ (глотка) — pharynx — ауыз куысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастыратын, азық қорыту және тыныс алу жүйелеріне ортақ, пішіні түтікше келген етті-жарғақты мүше. Жүтқыншақ басқа мүшелермен жеті тесік аркылы қатысады. Олардың үшеуі кіреберіс тесіктер: жұтқыншаққа ауыз қуысынан есін (бір тесік), мұрын қуысынан екі хоана тесіктері ашылады. Ал олардың төртеуі шығаберіс тесіктер: жұтқыншақтан оң және сол есту түтіктеріне шығатын екі тесік және өңеш пен көмекейге ашылатын тағы екі жүтқыншақ және көмей тесіктері.

Жұтқыншақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет