Деитин тістің негізін қүрайтын құрылысы ерекше сүйек үлпасы. Дентин жасаушы торшалар одонтобласттар сүйек ұлпасынан тыс, тіс қуысындағы пульпаның дентин жағындағы сыртқы бетінде бір қатарда орналасып, дентинді кіреуке қабатына жапсарлай түзеді. Дентин құрамынының 70 - 80% -ы минеральды тұздардан тұрады.
Цемент құрылысы сүйек ұлпасына ұқсас. Оның 60 - 70% -ы минеральды тұздардан тұрады.
Tiс жұмсағы (тіс пульпасы) қан жөне лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай жіңішке талшықты дәнекер ұлпасынан тұрады.
Барлық жануарлардың сүт тістері, ит пен шошқаның тұрақты тістері және күйісті жануарлардың күрек тістері қысқа сауытты тістерге, ал ұзын сауытты тістерге жылқының барлық тұрақгы тістері және күйіс қайтаратын жануарлардың тұракты азу тістері жатады.
Жануарлар тістерінің жалпы санын тіс формуласымен бөлшек түрінде көрсетеді. Бөлшек сызығының үстінде жоғарғы жақ тіс доғасындағы тістердің бір жақ жартысының саны, ал сызықтың астында төменгі жақтіс доғасындағы тістердің жарты саны көрсетіледі.
Тіл (язык) — linqua, s. glossa — қимылы жақсы жетілген бұлшық етті мүше. Ол бұлшық еттердің көмегімен тіласты және төменгі жақ сүйектермен байланысқан. Барлық жануарларда тіл ауыздағы азықты араластырып, шайнау мен жұту процестерін іс жүзіне асырумен қатар, азықтың татымын анықтайды. Тіл тіл түбірінен (radix linguae), тіл денесінен (corpus linguae), тіл ұшынан (apex linguae), тіл арқасы (dorsum linguae) мен екі бүйір бетінен (fades lateralis) тұрады. Оның негізін ұзынынан, көлденеңінен және тігінен өтетін бұлшық ет талшықтарының шоғырлары құрайды. Тіл сыртынан ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Тілдің бетінде екі түрлі: механикалық және татым емізікшелері болады. Механикалық емізікшелерге: жіпше емізікшелер (papillae filiformes) және конусша емізікшелер (papillae сопісае), ал татым емізікшелерге: саңырауқұлақша емізікшелер (papillae fungiformes), қорғанша емізікшелер (papillae vallatae) және жапырақша емізікшелер (papillae foliatae) жатады. Татым емізікшелерде азықтың дәмін анықтайтын татым баданалары орналасады.
Тілдің қатысуымен жануарлар организмінде дәм сезімі, сипап сезу сезімі, су мен азықты қабылдау қызметтері атқарылады. Итте тіл дене қызуын реттеуге де қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |