Қызыл иек (десны)— gingiva — жақ сүйектердің тіс жиектерін қаптап, тістерді тіс ұяларына бекітіп тұратын ауыз қуысы кілегейлі қабығының қатпары.
Tiс (зубы) — dens, көпше түрі — dentes, грек. odontos — ауыз қуысының қатты туынды мүшесі. Ол қызметіне байланысты: күрек тістер (dentes incisivi- I), сойдақтістер (dentes eanini - C), алдыңғы азу тістер (премолярлар - dentes premolares - Р) және нағыз азу тістер (молярлар — dentes molares - М) болып бөлінеді. Жануарлардың жасына қарай: сүт тістерге (dentes deeidui - Dd)және түрақты тістерге (dentes permanentes - Dp) бөлінеді. Құрылысына байланысты: қысқа сауытты және ұзын сауытты тістер болып бөлінеді. Тістер бассүйектің жоғарғы жақ, түмсық және төменгі жақ еүйектерінің тіс ұяларында орналасып, жоғарғы және төменгі тіс доғаларын (аркадаларын) құрайды.