Қонақ үй шаруашылығы


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)



бет2/5
Дата18.03.2017
өлшемі0,89 Mb.
#11756
1   2   3   4   5

Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

Кесте тапсырмалардың тізімі мен түрлерінен тұрады:

  • курстық жобалардың (жұмыстардын) тақырыптары,

  • графикалық- есеп тапсырмалары, типтік есептер т.б.,

  • орындалу уақыты,

  • бақылау түрлері (тестілер, экспресс-сұрақтар, есептер, рефераттар, баяндамалар т.б.).

Төменде мысал келтірілген
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі





Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

Оппонент болуы

Баяндама жасау

Семинар тақырыбына байланысты

4 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Семинарда жауап беруі

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты

4 семинар

10 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексер







Тест





4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Дәрісханалық (дәріс, практикалық, семинарлық, лабораториялық, және студиялық сабақтар) және дәрісханадан тыс (ОЖСӨЖ: курстық және дипломдық жұмыстары, СӨЖ тапсырмалары) сабақтардың оқу әдебиеттерімен қамтылуын көрсетеді


Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Менеджмент және кәсіпкерлік»

Оқытушы Акашаева Айымгуль Саматовна

(аты-жөні)
Пән Қонақ үй шаруашылығы

(пән атауы)

Кредит саны - 3











кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

Ю.Ф.Волков Экономика гостиничного бизнеса Ростов н/Д: Феникс,2003.-384б



2

-

0,22

-

2

Ф.Ю.Волков. Введение в гостиничный и туристический бизнес. Ростов н/Д: Феникс, 2003.-352 б


2

-

0,09

-

3

Уокер Дж. Введение в гостеприимство :М.:ЮНИТИ, 1999.


4

-

0,18

-

5

Е.Е.Филипповский,Л.В. Шрамова Экономика и организация гостиничного хозяйства.-М.: Финансы и статистика, 2006.-176 б.


5

-

0,59

-

5. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәріс 1

Қонақ үй шаруашылығы – туристік индустрияның материалдық-техникалық базасының негізгі буыны


1. Қонақ үй бизнесінің эволюциясы.

2. Қонақ үйдің негізгі түрлеріне қысқаша сипаттама.


Алғашқы қонақ үйлер - керуен сарайлар және саяхаттаушы адамдарға қызмет көрсету кәсібі б.з.д. 2000 жылы бұрын ежелгі Шығыс өркениетінде пайда болды.

Ежелгі Грекия және әсіресе ежелгі Рим кезеңдерінде тұрғылықты аулалар хаиндар, инналар, қонақ үйлер, пошта станциялары, ямалар дами бастады. Бұлар негізінен саяхаттаушы саудагерлерге, актерлерге, діни адамдарға арналған болатын. Негізінен ғасырлар бойы қонақ үй құрылымы өзгеріске ұшырамады. Ол аттар үшін қоршаулардан және 2 қабатты ғимараттан тұрды. 1-ші қабатында – таверна, 2-ші қабатында – жатын бөлмелер.



Уақыт өте келе қызмет көрсетудің ұсақ түрлері көрсетіле бастады. Бұндай қонақ үйлер сол кездің өзінде туристік кешендердің алғышарты болып табылды. Қонақ үй индустриясының даму кезеңдерін төмендегідей кестеден көреміз.

Уақыты

Орны


Сипаттамасы


Б.з.д.II-I мыңжылдықтар


Ассирия


Керуен сарайлардың пайда болуы, саяхатшылардың уақытша мекен етуі мен демалуына арналған ғимараттар.


Б.з.д.II-I мыңжылдықтар


Шығыстың өзге елдері. Ежелгі Греция, Крит

Ежелгі әлем елдері бойынша керуен сарайлардың таралуы

Б.з.д. I мыңжылдықтар

Ежелгі Греция

3 типті қонақ үйдің таралуы: жеке меншіктегі (жолаушы) жол бойы аулалар пандокей мемлекеттік жол бойы аулалары. Саяхатшыларды орналастыруға арналған жатын бөлмелері бар таверналар.

Б.з.д. VI ғ - б.з. I ғ.

Ежелгі Рим

Қонақ үй ісінің тарихи бастау алған кезеңі. Тұрақты аулалардың Рим империясының қалаларымен жол бойы кең таралуы.

Б.з. I – V ғ.

Рим империясы құлағаннан кейін қалыптасқан елдер.

Тұрғылықты аулалар мен таверналардың қиратылуы жүрді.

Б.з. V – VIII ғ.

Европа

Монастырьлер жанынан қонақ үйлердің ашылуы.




Англия

Монастырь үйлермен инналардың таралуы. Инналар – типтік жол бойы орналасқан қонақ үйлер. 1-ші қабатта таверна, атқора қызметтік және шаруашылық бөлмелері, ал жоғарғы қабатта жатын бөлмелері орналасқан. Ішкі аулада театрландырылған көріністер көрсетіліп тұрды.

Қайта өрлеу кезеңі

Европа

Ескі және жаңа қонақ үйлердің күрт бой көтеруі болды. Сауданың дамуы. Тұрғылықты аулалардың өркендеуі.

XVIII - XIX ғ.ғ.

Европа

Европа мемлекеттерінің арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастардың дамуына байланысты қонақ үй шаруашылығы дамыды.

XVII – XVIII ғ.ғ.

Америка

Европалық қоныстанушылардың көптеп келуіне байланысты Америкада тұрғылықты аулалар пайда болды. Бір типті құрылыстар. Қожайындардың тұратын жерлері: таверна, жатын бөлмелері 2-ші қабатта болған. Алғашқы 70 бөлмелі қонақ үй 1794ж. Нью Йоркте ашылды, аты – Сити Отель.

XVIIIғ.аяғы –XIXғ. басы

Америка

Тек қана саяхатшыларға қызмет көрсетуге бағытталған кіші және үлкен қонақ үй құрылысының басталуы. 1829 жылы 170 бөлмелі отель Третмонт. Ал ең алғашқы лифтті, электр жарығы бар отель Эверетт, Нью Йоркте 1859 жылы ашылды.

XIX ғ.

Европа және Америка

Өнеркәсіп революциясынан кейінгі массалық туризмнің дамуы, массалық қозғалыс құралдарының (пароход) дамуы. Осыған байланысты теңіз жағалауында демалуға қолайлы жерлерде қонақ үй құрылысының басталуы. Қонақ үй компанияларының, корпорацияларының, синдикаттардың пайда болуы.

XX ғ.басы – 1906 жылы

Америка

Лондон
Париж

Европа, Азия, Америка

Европа


Тұтынушыларға максималды қызмет көрсетуге негізделген қонақ үй құрылысындағы жаңа концепция дүниеге келді.

Қонақ үй синдикатының құрылуы (еншілік)

Қонақ үй иелерінің қожайындарының одағының құрылуы.

Әлемнің 1700 қонақ үйін біріктіретін қонақ үй иелерінің халықаралық одағы құрылды.

Жиналыстар, қабылдаулар, конференциялар, кездесулер, казино, ойын-сауық орталықтары бар қонақ үйлер пайда болды.


I-ші дүниежүзілік соғыс (1914ж. 1 тамыз – 1918ж. 19 шілде)

Европа

Қонақ үй құрылысының уақытша тоқтатылуы.

XX ғ. 20 жылдары

Америка

Қонақ үй құрылысының күш алуы. Әлемдегі ең ірі отель Конрад Хилтон

XX ғ. 30 жылдары

Европа, Америка

Ұлы дағдарыс кезеңіндегі қонақ үй құрылысының тоқтатылуы.

XX ғ. 40 жылдары

Америка

Елдің қонақ үй фондының 100% пайдаланылуы.

XX ғ. 60 жылдары

Бүкіл әлем

Европа қонақ үй құрылысының жандануы, мотельдердің құрылуы. Алғашқы мотельдердің біреуі – Холидей Иннз, Кеммонс Уилсон ашты.

Аэропорттық отельдердің құрылуы. Қонақ үй қызмет көрсету түрлерінің артуына байланысты қонақ үй нарығының сегменттелуі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның мәліметі бойынша әлемдік қонақ үйлердегі орын саны 170 миллионға жеткен.


Қонақ үй бизнесіндегі талантты адамдар: Ресейден шыққан И.И.Корзинкин, Америкадан К.Хилтон, Э.Хендерсон, К.Уилсон.

Қазіргі қонақ үй базасы туристік индустрияның – XXI ғ. индустриясының негізіне айналып бара жатыр.
Дәріс 2

Туристерді орналастыру құрылысының классификациясы және сипаттамасы


Кез-келген мемлекеттің немесе мемлекеттік жергілікті басқарудың туризм мәселесіндегі басты қамқорлыққа алатын проблемасы - өз жерлеріндегі орналасқан қонақ үйлер мен отельдерді туристермен толтыру болып табылады. Себебі туризмнен түсетін пайда мемлекет пайдасына құйылатын табыс көзі болып табылады. Дегенмен, туристер орны үшін төлейді, ресторандарда тамақтанады, ойын-сауық орталықтары мен казиноларды аралайды. Бір сөзбен айтқанда ақшасын сол елдің экономикасына құяды. Сондықтан да халықаралық нормаларда турист түсінігіне асқан ұқыптылықпен қарайды. Соның ішінде, қонақ үй қызмет көрсетулермен қамтамсыз ету басты құраушы болып табылады. Орналастыру туризмнің ең басты элементі, орналастыру болмаса туризмде болмайды, бұл кез-келген туристік аймақтың немесе орталықтың экономиканың қатаң талабы, олардың ең басты мақсаты өзінің туристік ресурстарының эксплутациялап, туристерді қабылдаудан пайда табу.

Қонақ үй индустриясы бұл қонақжайлылық жүйесі, ол бастауын ежелгі салт-дәстүрден алады. Бұл қасиет адамзат тарихының қоғамдық формациялардың кез-келгеніне тән.

Айта кететін жай, транзитті туристер мен экскурсиялық қызмет көрсетулерден түсетін пайдаға өмір сүріп жатқан туристік орталықтар мен аймақтар бар.

Бүгінгі күні қонақжайлылық индустриясы бұл туризм экономикасының маңызды құраушысы болып табылады. Қонақжайлылық индустриясын ұжымдық және жеке орналасудың әр түрлі құрылыстары құрайды: отельдер, қонақ үйлер, мотельдер, жастар отельдері мен жатақханалар, апартаменттер, сонымен қатар туристерді орналатыруға қатысатын жеке сектор.

Туристерді орналастыру құрылыстарына мынадай қосымша талаптар қойылатын объектілер жатады:

1. Түнеу орындарының жалпы саны кейбір минимумдарынан асуы қажет.

2. Орналастыру орындарының басшылары болуы шарт.

3. Объектіні басқару коммерциялық негізде құрылады.

БТҰ-ның ұсыныстарына сәйкес барлық орналастыру орындарын 2 категорияға бөліп қарастыруға болады: ұжымдық, жеке.

Қонақ үйлердің жеке белгілерінің ішінде төсек орындарының саны 10-нан кем емес болуы керек, және келесі қызмет көрсету тізімін міндетті түрде көрсетуі шарт: номерді жинақтау, төсек орнын дұрыстау және қосымша қызметтердің номенклатурасын ұсыну.

Нақты жабдықталуына және ұсынылатын қызметтердің ерекшеліктеріне қатысты қонақ үйдің бірнеше түрлері анықталады: кең профильді, пәтер типті, мотельдер, жол бойы орналасқандар, курорттық қонақ үйлер және т.б.

Қонақ үй типтес мекемелерге: пансиондар, жиһаздалған бөлмелер, туристік жатақханалар жатады. Туристерді орналастыруға арналған мекемелерге жатқызуға болады: курорт, санатория, сауықтыру фермалары және т.б. Оларда номер болмайды.

Ұжымдық орналастырудың тағы бір түрі – кемпингтік алаңдарда, шағын кемелер бухтасында, пәтер типтес қонақ үйлерде, бунгалода, туристік жатақханаларда, жастар қонақ үйлерінде орналасу.

Жеке орналастыру құрылыстары жалға ақылы, ақысыз беріледі. Олар пәтерлер, коттедждер, виллалар.



Дәріс 3

Қонақ үй ғимаратының сипаттамасы

Қазіргі қонақ үй туристерге ыңғайлылық дәрежесін жоғары деңгейде ұсынып, қосымша қызмет көрсетеді. Қонақ үй ғимараты көпфункционалды құрылыс және технологиялық күрделі жабдықтардан құралады.

Қазіргі қонақ үй құрылысы барысында басшылыққа алынатын принциптер:

1. Ғимарат немесе ғимараттар кешені қоршаған ортаның ажырамас бөлігі болып орналасқан территорияның ерекшелігін сақтау қажет.

2. Табиғи-климаттық факторларды температура, ылғалдылығы жауын-шашын мөлшері, желдің бағыты мен жылдамдығы ескерілуі қажет.

3. Архитектуралық, конструкциялық және материалдармен қамтамасыз етілуі өте қымбат болмауы керек.

4. Ғимататтарды жобалауда жарнамалық идеялар, рекордтар қалыптастыру көп орын алады.

5. Функционалды талаптарға сай болуы керек.

6. Ғимарат эстетикалық, техникалық, санитарлы-гигиеналық, экологиялық нормалар мен ұсыныстарға сай болуы керек.

7. Ғимарат құрылысы барысында экономдылық шарттарын сақтауы қажет.

Қонақ үйлерді жобалау нормативті және ұсыныстық сипаттағы құжаттар негізінде жасалады. Бұл құжаттардың мазмұны елдерге байланысты Қонақ үй ғимараттары басқа құрылыстардан көптеген белгілері бойынша ерекшеленеді: сыйымдылығы, конструкциялық типі, қабаттылығы, эксплутациялау режимі және т.б.

Конструкциялық типі бойынша: каркасты, блокты, монолитті, жергілікті құрылыс материалдарынан болуы мүмкін

Эксплутациялау режимі бойынша: жыл бойы, маусымдық, аралас болуы мүмкін.

Орналасу жеріне байланысты: қалада, қаладан тыс, суда орналасқан болып бөлінеді.

Әлемдік тәжірибеде қабаттылыққа келгенде негізгі орын алатыны:

30 этажды және 70 этажды болады.

Сыйымдылығына байланысты 100-ден кем – кішкене, 100-500 орын – орташа, 500-ден артық ірі қонақ үй.

Ыңғайлылық деңгейі бойынша халықаралық тәжірибеде *(жұлдызбен) өлшенеді: 1* - төмен, 5* - жоғары дегенді білдіреді.

Шетел қонақ үйлерінің типологиясы:

1.Отель-люкс 100-400 номер. Экономикасы дамыған ірі қала орталықтарында орналасқан. Қызметтің бүкіл түрі қамтылған.

2. Орташа тап 400-200 номер. Орналастыру бағасы орташадан жоғары. Елдің ірі қалалық орталықтарында орналасады.

3. Қонақ үй апартамент 100-400 номер. Қызмет орташа дәрежеде.

4. Мотель 150-400 номер. Қызмет орташа, персонал саны аз.

5.Эконом класс 10-150 номер. Қала сыртында магистральға жақын орналасақан, қызметті көрсету түрлері шектеулі.

6. Курорттық қонақ үй 100-500 номер.

7. Кондоминиум 50-200 номер. Теңіз жағалауында орналасады.


Қонақ үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау ережесі.
Қонақ үй әр түрлі инженерлік жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Оларды жұмыс істеу деңгейінде ұстау, сәйкесінше технологиялармен қамтамасыз етуді талап етеді.

1.Қонақ үйдің типологиясы.

2.Қонақ үйдің айқындаушы белгілері.

Баға деңгейі бойынша қ/ү бөлінеді:

Бюджеттік (25-30$);

Экономикалық (35-55$);

Орташа (55-95$);

1-ші класты (95-195$);

Апарт – отель (65-125$);

Люкс – отель (125-525$);

Клиенттердің болу ұзақтығына қарай:

Ұзақ уақытқа;

Қысқа;

Бір жылда қызмет көрсету ұзақтығына қарай:

Жыл бойы;

Маусымдық;

Клиенттергге тамақ ұсынуы бойынша:

Толық пансионмен;

Жартылай пансион;

Тамақ ұсынбайтындар;



Қабаттылығына қарай:

Әлем тәжірибесі қонақ үйді 1-40 қабатқа дейін және одан да жоғары салады. Қабаттылығы қ/ү-ң экономикалық жағдайларына, нормативті талаптарға, құрылыс материалдарының конструкциясына, сол елде ғимараттарды салу әдісіне де тәуелді. Қ/ү-ң ең көп таралған қабаттылығы: Ресейде 5-16 қабат, Чехияда 8-14 қабат, Венгрияда кішігірім қалаларда 4-5 қабат, курорттарда 6-11 қабат, Германияда 8-10 қабат, Ұлыбританияда 10-15 қабат.



Қабаттылығына қарай қ/ү ғимараттары:

Аз қабатты (1-2);

Орташа (3-5);

Жоғарылаған (6-9);

Көп қабатты (1 категорияда 10-16 қабат);

2-ші категорияда 17-25 қабат;

3-ші категорияда 26-40 қабат;

Қ/ү-ң ыңғайлылық деңгейіне қарай бөлінуі және әр түрлі елде талаптардың әр түрлі болуы мемлекеттің мәдени тарихы, даму деңгейі мен ұлттық ерекшелігіне байланысты. Бұл дүниежүзілік туристік сапарларды ұйымдастыруда қиындықтар түғызады. Жіктеудегі белгілермен бірдей ыңғайлылықтағы қ/ү-ге талаптарды бірдей етіп қою тілегі әлі күнге дейін шешілмей отыр.

Қ/ү-ң функционалды ұйымдасуы үшін ғимаратқа кірер есіктің саны маңызды рөл атқарады. Сыйымдылығы үлкен және ыңғайлылық деңгейі жоғары қ/ү-рде көбіне 3-4 есіктен кем емес болады.

Негізгі кіру есігі – онымен келушілер мен т.б. адамдар қолданады.

Қоғамдық тамақтану мекемесіне кіру есігі – сол елді мекеннің адамдары қолданады.

Бір немесе бірнеше есік – қ/ү жұмысшылары мен тамақ кіргізуге қолданылады.

Арнайы есік – онымен жүк алып өткенде қолданылады.

Сыйымдылығы кішігірім қ/ү 2 есекпен шектеледі: негізгі және тұрмыстық бөлігіне өтетін.



Орналасу орнына қарай келесі түрлерімен бөліп көрсетуге болады:

Орталықтағы қонақ үй;

Қабаттылығы аз, автотұрағы ашық, бұл жолшыбай орналасқандар;

Қала маңындағы және әуежайдағы қ/ү;

Жүзуші отельдер – жүзу құралы, туристердің теңіз жағалауында демалуға арналғандар;

БТҰ-ң ұсынысына сәйкес бүкіл орналасу құралдарын 2 категорияға бөліп қарастыруға болады.

Әр елде қонақ үйді жіктеу әр түрлі және олардың қазіргі таңда 30-ы пайдаланылады. Ең жақсы таралған жіктеу түрі Австрияда, Венгрияда, Египетте, Қытайда, Ресейде, Францияда қолданылатын «жұлдыз» жүйесі дүниежүзілік туристік алмастыруда пайдаланылады. Енді әр елдегі жіктеу жүйесіне тоқталсақ: Грецияда әріп жүйесі, Ұлыбританияға корон мен кілт, разрядтар жүйесі тән, және т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет