Өндіргіш күштердің түсінігі және олардың ғылыми – техникалық аспектілері


Ғылыми – техникалық прогресстің мәні, даму бағыттары



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі32,32 Kb.
#86572
1   2   3
Байланысты:
1 пр. т. реф.Өндіргіш күштер

Ғылымитехникалық прогресстің мәні, даму бағыттары

Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сиппайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрижесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі.


Бір кезде ең қарапайым құралдарына негізделгең қоғамдық құрылыс үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында технологиялық өндіріс ретінде ең жоғары дәрежесіне жетті. Осы технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз не? Қоғамдық өндірісті дамытуға тек қана еңбек құралының болуы жеткіліксіз.Оған қоса қажетті материалдар,тиісті технологиялар,қуаттар ақпараттар және өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтық мазмұны технологиялық өндіріс әдісі деп аталады. Демек; те хнологиялық өндіріс әдісі дегеніміз қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы,материалдар,технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл арифметикалық сандық қосынды емес,сапалық категориялар. Технологиялық өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму тарихы технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ;әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрднлі процесс
 Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын пайдалады.Сондықтан олар табиғатқа бағынышты еді.Бертін келе от жағу пайда полды.Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының дамуындағы тұңғыш революциялық қадам еді.Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне айналды.Тас,қола,темір «ғасырлары» атағына ие болған әр түрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді.Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір ғана энергетикалық күшке негізделіп дамыды.
Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өндіріс әдістері елеулі табыстарға жетті.Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға байланысты маериалдық өндірісті дамыту қажеттігі.Жаңа технология,техника пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді.Мұның бәрі туып келе жатқан жаңа қоғам-капиталистік қоғамның талаптарына сай келмеді. Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндіріс әдістері қажет болды. Ол тек қанаеңбек құралының дамуының жаңа сапалық белгілерімен, ірі машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді.Ал ірі машиналы өндіріс бірден пайда болған жоқ,оның тарихи даму және қалыптасу белестері бар. Ірі машиналы өндірістің құрылуы бірнеше кезеңнен тұрады. Олар: жай кооперция мануфактура,фабрика.
Жай кооперация дегеніміз белгілі бір өндіріс процесінде немесе түрліше,бірақ бір-бірімен өзара байланысты өндіріс процестерінде көп адам ,жоспарлы түрде,бірақ бір-бірімен қатар, өзара әрекетте жұмыс істейтін еңбек нысаны.
Екінші кезең- манифактура (XVI ғасырдың орта шенінен XVII ғасырдың 70-жылдарына дейін орын алды.).Манифактура машина әлі пайда болмаған, еңбек бөлінісіне негізделген коопнрация. Осы кезле еңбек бөлінісі, қолмен істейтін еңбек құралы шарықтау шегіне жетті, жиынтық жұмысшылар пайда болды және капитал қоғамына қажетті алғы шарттар қаланды. Өмірге үшінші кезең- фабрика(XVIII ғасырдың соңы ) келді.Ол ірі машиналы өндіріске негізделген.Фабрика дамуы ұзақ мерзімді қамтып, үнемі сапалық өзгерістерде болатын тарихы кезеңдері басынан өткізді. Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы негізге сүйенген жаңа технологиялық өндіріс әдісі- фабрика дамуының түпкі жиынтық нәтижесі. Ғылыми- техникалық прогресте осы фабрика дамуының сапалық қорытындысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет