Жүйке жүйесінің қалыпты күйін сақтауды және өндіріс үрдісіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Көрінетін жарық
Толқын ұзындығы 770-380 нм электромагниттік толқындар. Ол толқын ұзындықтары 10-340000 нм шектелген электромагниттік спектрдің оптикалық облысына кіреді.
Өндірістік және әкімшілікті-қоғамдық жұмыс алаңдарында, жұмыстың көпшілігі құжаттармен болғанда, жарықтанудың комбинирленген жүйесін қолдану рұқсат етілген.
ЕО-да жақтаулы табиғи жарықтану қолданылады. Қалған жерлерде жасанды жарықтану қолданылады.
Табиғи жарықтану жетпеген жағдайда біріктірілген жарықтану қолданылады. Сонымен қоса қосымша жасанды жарықтану тек қараңғы кезде емес тәуліктің жарық кезінде де қолданылады.
Жарық көздері өндірістік кәсіпорындардың жарық беру қондырғыларының маңызды құрамдас бөлігі. Жарық шамдарының түрін және қуатын дұрыс таңдап алу, жарық беру құрылғыларының пайдалану сапасына, экономикалық тиімділігіне және жасанды жарықтандыруға қойылатын талаптарына сәйкес келуіне әсер етеді.
Жарық көзі мен арматураларының жиынтығын электр шамы деп атаймыз. Жарықтандыру арматураларының маңызды функциясы жарықтандыру қондырғыларының тиімділігін көтеретін, шамның жарық ағынының тең бөлінуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Жарық арматурасы жұмысшы көзін шамадан тыс жарық ашықтылығын қорғауға, жарық көзін бекітуге және ластану мен механикалық зақымданудан қорғауға негізделген.