Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе жұмысының есебі


IV . Қорытындылар мен ұсыныстар



бет5/9
Дата25.04.2022
өлшемі1,26 Mb.
#140743
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қимади Бақытгүл Сағатықыз КаУС-21 ДОТ практика (копия)

IV . Қорытындылар мен ұсыныстар
Мен өзіме бекітілген сынып оқушыларынан білім , іскерлік , дағдыларды меңгеруде едәуір өзгерістер байкадым . Педагогикалық іс - тәжірибені қорытындылай келе , іс - тәжірибе барысында мектеп мұғалімдерімен , оқушылармен тығыз жұмыс жасай отырып нәтижесінде мол тәжірибе жинақтадым . Мен өзімнің шетел тілінен дайындығым өте жақсы деп айта аламын . Себебі жинақтаған тәжірибем болашақта кәсіби мұғалім болуыма септігін тигізетініне сенімдімін .
Сынып ұжымына психологиялық-педагогикалық мінездеме

Психо-педагогикалық мінездемені құруға арналған мәлімет 17.02.2022-17.04.2022 аралығында жиналды. Қорытынды сынып оқушыларын бақылау мен әңгімелесу, сынып жетекшісімен сұхбаттасудан кейін жасалды.


№42 негізгі орта мектептің 5-8 сыныбында 10 оқушы бар. Оның ішінде 7 ұл бала, 3 қыз бала. Сынып жетекшісі Бакирова Алмагуль. Сыныпта басқа мектептен, басқа сыныптан ауысып келген оқушылар бар. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған.
Сыныптың осылай жан-жақтан жиналғандығына қарамастан, сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Жақсы оқитын балалар саны – 1, орташа оқитын балалар саны – 9, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып оқушылары жаратылыстану бағытында әлсіз, ал гуманитарлық бағыттағы сабақтарға белсене қатысуға тырысады.
Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып әкімі мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады.
Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, театрға саябаққа барады. Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет