Өндірістік технологиялық практиканың есебі



бет4/5
Дата10.06.2024
өлшемі2,44 Mb.
#203312
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бақыт Темірлан КМ07(М2)

Өрт қауіпсіздігі:

  • Тыйым салынған жерлерде темекі шегуге және жанғыш материалдардың жанында ашық отты пайдалануға тыйым салынады.

  • Барлық шығулар мен өтулер өрт кезінде тез эвакуациялау үшін кедергілерден таза болуы керек.

  • Өрт сөндіргіштердің орналасқан жерін білу және оларды пайдалана білу қажет.

. ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ БІРЛЕСКЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР


Ақпараттық басқару жүйесін (АБЖ), өзара әрекеттесетін элементтердің кешендік жиынын және шешімдер қабылдау және белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін ақпараттар жинау, өңдеу, сақтау және ұсынуға арналған олардың байланысының кешенді жүйесін қолданатын, үдерістер жүйесі ретінде сипаттауға болады. Қазір енді осы және басқа дәрежеде автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесі қолданылмайтын кәсіпорынды табу мүмкін емес. Ақпараттық жүйе ұйымның бір бөлігі болып табылады. Сонымен бірге, бар ұйымның жұмысының тиімділігі, көбінесе оның АБЖ тиімді атқарылуына тікелей байланысты болады.
Жергілікті ақпараттық басқару жүйесі — кәсіпорынды басқарудың жекелеген қызметтерін (бухгалтерлік есеп, өткізу, жабдықтау, дайын өнім есебі, қойма шаруашылығы, автокөлікті басқару, кадрлар есебі, маркетинг және т.б.) жүзеге асыратын қарапайым ақпараттық жүйелер.
Қазіргі уақытта жекелеген қызметтерді автоматтандыру, мысалы, бухгалтерлік есеп немесе дайын өнімді өткізу, көптеген кәсіпорындар үшін өтілген кезең болып есептеледі. Өз қызметін басқаруды автоматтандыру кезінде тек жергілікті ақпараттық жүйелермен ғана шектелетін кәсіпорындар, заманауи жағдайларда бәсекеге қабілетті бола алмайды. Тәжірибе, толық атқарымдық ақпараттық жүйенің міндетті түрде біріктірілген немесе бірлескен болуы қажет екендігін көрсетеді.
Біріктірілген ақпараттық жүйелер, экономикалық нысанмен (фирмамен, кәсіпорынмен, ұйыммен) барлық басқару қызметтерін автоматтандыру үшін арналған. Сонымен бірге фирма немесе корпорация филиалдар, бөлімшелер, кеңселер және т.б. арасындағы аймақтық бытыраңқылықта болуы мүмкін. Корпорация деп иерархиялық құрылымы бар және құрамына ең әртүрлі ауқымдағы және қызмет бейініндегі кәсіпорындар кіретін күрделі шаруашылық субъектті атайтындығын естеріңізге саламыз.
Біріктірілген ақпараттық жүйелер — салыстырмалы түрде жаңа жүйелер санаты, сондықтан да осы салада қолданылатын технология әлі төтеп берген жоқ. Мысалы, кейбір авторлармен «біріктіру» және «корпоративті» терминдерін синонимдер ретінде, басқалары бірлескен ақпараттық жүйелерді, (корпарацияларды) аймақтық ынтымақсыз кәсіпорындарға арналған жүйе ретінде қолданады. Бірақ бұл мәселе тек терминология үшін ғана, және біз үшін түбегейлі болып саналайды.
Біріктірілген корпоративтік ақпараттық жүйе (БКАЖ)— кәсіпорынның барлық қызметтерін автоматтандыру үшін қолданылатын және қызметтерді жоспарлаудан бастап өнімдерді өткізуге дейінгі барлық жұмыс кезеңдерін қамтитын жүйе. Олар барлық деңгейлерде үдерістерді автоматтандыруға бағытталған және корпоративтік басқаруды қолдау құралдарын иеленген. БКАЖ бірыңғай ақпараттық кеңістікте жұмыс істейтін және кәсіпорын қызметінің сәйкес бағыттарын қолдау қызметтерін орындайтын (жоспарлау, талдау және қаржылық есеп, өндіріс, маркетинг, адами ресурстар және т.б.) бір қатар үлгілерді (қосалқы жүйелер) кіреді. Ақпараттық жүйелердің заманауи нарық жағдайын талдау, дәл осы шаруашылық қызметті басқарудың біріктірілген жүйесіне сұраныстың тұрақты өсу беталысын көрсетеді.
Біріктірілген корпоративтік жүйелерге үлкен ауқымды жүйелерді жатқызуға болады - бір қала бойынша болатын, цехі, қоймасы, дүкендері мен сол немесе басқа дербестілік дәрежесіндегі өзге бөлімшелері бар орташа кәсіпорындардың ақпараттық жүйелерінен, көрсетілімдік корпорациялардың ақпараттық жүйелеріне дейінгі.
Орташа БКАЖ, корпорацияның бірлескен дерекқорын жүргізу және кез келген шаруашылық қызмет түрлері бойынша шоғырландырылған есепті алу мүмкіндігі сияқты корпоративтік қолдау құралдары бар.
Ірі БКАЖ, атап көрсетілген құралдардан басқа, көп атқырымдық 143 кәсіпорын топтарын басқару үдерістерін анағұрлым терең қолдау мүмкіндіктерін иеленген. Бірінші кезекте, бұл жерде деректерді интерактивтік аналитикалық өңдеу технологиясы (OLAP— OnlineAnalyticalProcessing) қолданылатын, корпоративтік талдау құралдарын атап өткен жөн. Біріктірілген ақпараттық жүйе, бірыңғай бағдарламалық аппараттық тұғырнама мен жалпы дерекқорға құрылған.
Ондағы жекелеген атқарымдық қосалқы жүйелер, ақпараттарды өңдеудің бірыңғай технологиялық үдеріс негізінде өзара әрекет етеді, сол үшін кәсіпорында есептеу желісін ұйымдастыру қажет. Желіні құру жолдары басқару аппаратының ақпараттық алмасу жеделділігіне және фирманың барлық құрылымдық бөлімшелерін басқаруға қатысты талаптарға байланысты.
Экономикалық нысандарды басқаруда ақпараттардың жеделділігіне қатысты сұраныстардың артуы ұйымның заманауи қызмет ету жағдай талаптарына сәйкес дамитын желілік технологияны құруға алып келді. Бұл тек жергілікті есептеу жүйелерін ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге ұйымдастырушылық басқарудың ақпараттық жүйелерінде көп деңгейлі (иерархиялық) және бөлінген ақпараттық технологияларды ұйымдастыруға әкеліп соқтырады. Олардың бәрі ақпаратты тарату, өңдеу, жинақтау, сақтау және қорғау құралдары есебінен ұйымдастырылатын технологиялық өзара іс-әрекетке бағытталған. Біріктірілген ақпараттық жүйелердегі ақпараттарды өөңдеу үдерістері, әдетте тұтынушы-сервер технологиясына негізделеді.

. БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ СЫНЫПТАУ


Әртүрлі ұйымдардың негізгі басқару қызметтері, компания мен сыртқы ортадағы жағдайларды талдау және оның қызметтерін стратегиялық және қысқа мерзімде жоспарлау бойынша шешімдер қабылдау болып табылады. 1-суретте басқару деңгейлері бейнеленген, олар жауапкершілік дәрежесінің өсуі және шешілетін міндеттердің күрделілігі, сонымен бірге міндеттерді жүзеге асыруға дейінгі шешімдер қабылдау қарқыны секілді факторлармен ара қатынасы белгіленген.

1-сурет. Басқару деңгейлерінң иерархиясы
Осы деңгейлердің әрқайсысы, ақпараттық технологиялар базасында жүзеге асырылатын белгілі ақпараттық қолдауды талап етеді. Қабылданатын шешім деңгейлеріне сәйкес (басқару), ақпараттық технологиялардың қызмет етуінде үш деңгейді атап көрсетуге болады:
— жедел (ұйым қызметін жылдам реттеу);
— стратегиялық (ұзақ мерзімді жоспарлау);
— тактикалық (орта мерзімді жоспарлау).
Әр деңгейге өз ақпараттық басқару жүйелері сәйкес келеді.

. ЖЕДЕЛ ДЕҢГЕЙЛІ ЖҮЙЕЛЕР


Жедел (операциялық) шешім қабылдау деңгейі барлық автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің негізі болып табылады. Ол көп рет қайталанатын міндеттерді және операцияларды және кіріс ағымдағы ақпараттардың өзгеруіне жылдам жауап қайтаратын шешімдерді қамтамасыз етеді. Жедел деңгейдегі міндеттер, мақсаттарым ен ақпарат көздері алдын ала анықталған және құрылымдалған. Ақпараттарды бағдарламалық өңдеу алдын ала әзірленген алгоритмдер бойынша орындалады. Жедел деңгейлі жүйелерді тағы да деректерді/транзакцияларды өңдеу (шет елдік әдебиетінде OLTP— On-lineTransactionProcessing термині қолданылады — деректерді жедел өңдеуге (транзакциялық) бағытталған технологиялар.
Деректерді өңдеу жүйелерімен шешілетін міндеттер, ұдайы сипатта болады, ал олардың уақыт шектері, әдетте, бірнеше күннен аспайды. Осы деңгейде орындалатын әрекеттер келесі сияқты, басқару шешімдерін қабылдау қарқыны да біршама үлкен.(1- сурет). Бұл басқару деңгейін, жағдайлардың өзгеруіне жылдам жауап қайтару қажеттілігіне байланысты жедел деп атайды. Жедел басқару деңгейінде, кәсіпорынның әртүрлі атқарымдық міндеттерін шешім бойынша ағымдағы кертартпалыққа негізделген операцияларының орасан зор көлемі атқарылады. Ақпараттық технологиялар жедел деңгейдегі менеджерлерді, фирманың ішіндегі және жедел шешімдер қабылдау үшін қажетті сыртқы ортада да істің мән-жайы туралы күн сайынғы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Жедел деңгей арқылы орындаушылардың қызмет нәтижелері туралы жоғарғы басқару деңгейлері үшін деректерді ұсынады. Жедел басқару деңгейіндегі аспаптық құралдарының шағын аналитикалық мүмкіндіктері бар. Олар қатаң құрылымдалған жиынтық типтік есептерді кезеңдік құру үшін, фирманың ағымдағы жай-күйі және ұйымның ақпараттық ағындарын бақылау (мысалы, ағымдағы дебиторлық қарыз туралы, қойма жай-күйі туралы, кассадағы ақша қалдықтары туралы, есеп шоттардың жай-күйі туралы мәліметтер ұсыну және т.б.) үшін жеткілікті. Жедел деңгейде басқаруды қолдайтын ақпараттық технология, сонымен бірге ұйым мен сыртқы орта арасындағы байланыстырушы бөлім болып табылады (2-сурет). Жедел басқару стратегиялық деңгейде қалыптасқан мақсаттарға қол жеткізуге бағыталған жедел басқаруға бағытталған және тактикалық деңгейдегі белгілі әлеуетті қолданады. Жедел жүйелердегі басты қызмет — дерекқорда тіркеу және бизнес үдерістермен бірге жүретін қарапайым оқиғаларды өңдеу. Бизнес үдеріс - бұл тұтынушыға қажетті өнімдерді (жұмыстар мен қызметтер) құру және алуға арналған ресурстарды қолданатын өзара байланысты әрекеттер мен операциялар жиынтығы екендігін естеріңізге саламыз. Бизнес-үдерістер қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және шығару, қоймалар мен өндірістік бөлімшелердегі материалдық құндылықтар кіріс және шығысы, материалдық құндылықтарды төлеу және кәсіпорынға банк арқылы қызмет көрсету, жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу және т.б. болып саналады.
Деректерді жедел өңдеу жүйесінің міндеттері бизнес-үдерістерін тікелей орындаушылармен (қоймашылар, жұмысшылар, кассирлер, есепшілер, сауда залдарының әкімгерлері), негізгі міндеттемелерін қос орындау арқылы шешіледі.

2-сурет. Жедел деңгейлі жүйе
Олардан қарапайым компьютерлік сауаттылық, ең бірінші 2-сурет. Жедел деңгейлі жүйе 147 кәсіпорынның жергілікті есептеу желілерінің жұмыс орындарын және экран формасын толтыруға арналған терезе интерфейсін қолдана білу талап етіледі. Жедел деңгейдегі ақпараттық жүйенің алдында тұрған негізгі міндет, — бизнес-үдерістер қатысушыларын байланыстыратын, ақпараттық ағындардың жоғары өту жылдамдығын қамтамасыз ету. Қажет болған жағдайда, деректерді өңдеу жүйесі кәсіпорындағы технологиялық үдерістерді ақпараттық басқару жүйелерімен синхрондалған. Жедел басқару жүйесі бизнес-үдерістердің орындалуына бақылау жүргізуді айқын етуге мүмкіндік береді, себебі әрбір уақыт кезеңінде кәсіпорынның барлық жұмыс орындарындағы жағдайын жедел анықтауға болады. Жедел басқарудың маңызды басымдықтарына келесілерді жатқызуға болады:
— жинақталған әлеуетті қолданып, алдын ала жоспарланған ісшараларды іске асыру есебінен пайда табу;
— жоспарланғаннан, өндіріс барысын тіркеу, жинақтау және ауытқуларды талдау;
— қажетсіз ауытқуларды жою немесе төмендету бойынша шешімдерді жасап шығару және жүзеге асыру. Жедел жинақталған деректер базасында анағұрлым жоғары басқару деңгейіндегі міндеттер-тактикалық және стратегиялық шешіледі.

. ТАКТИКАЛЫҚ (АТҚАРЫМДЫҚ) ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖҮЙЕЛЕР


Атқарымдық (тактикалық) деңгейдегі ақпараттық жүйелер кәсіпорынның бизнес-үдерістерін басқару міндеттерін шешу үшін қолданылады. Тактикалық деңгейлерге орта мерзімді жоспарлау, жұмыстарды талдау және ұйымдастыру рәсімдері жатады, Мысалы, жедел деңгейде біз жекелеген тапсырыстармен және оны орындауда қоса жүретін транзакцияларды орындаумен істес болсақ, онда тактикалық деңгейде өндірістік бағдарламаларды құруға арналған тапсырыстар жиынтығы қарастырылады, не болмаса пайда болжамы және өнімдерге сұраныс бойынша статистикалық деректерді талдау негізінде жақын мерзімде (апта, ай, тоқсан) өнімдерді шығару жоспарының әзірлемесі жасалады және т.б. осы тәрізді міндеттерді шешу нәтижелері орта буындағы менеджерлер үшін — өндірістік және көлік цехының басшылары, жабдықтау қызметі мен маркетингті жоспарлау-қаржылық бөлім басшылары және т.б. үшін арналған.

3-сурет. Атқарымдық деңгей жүйесі
Атқарымдық басқару деңгейі, бірінші деңгейде дайындалған ақпараттарды алдын ала талдауды талап ететін шешімдерді қамтамасыз етеді. Шешілетін міндеттер көлемі азаяды, бірақ олардың күрделігі өседі. (1-сур. қар). Сонымен бірге, қажетті шешімді үнемі жасап шығару мүмкін болмайды, ойласуға, жетіспейтін мәліметтерді жинауға қосымша уақыт талап етіледі және т.б. Басқару ақпараттың келіп түскен мезетінен бастап шешім қабылдағанға және оны жүзеге асырылғанға дейін, сонымен бірге шешімдерді жүзеге асырғаннан бастап оларға жауап алғанға дейінгі кейбір бөгелістерге байланысты. Қабылданатын басқару шешімдерінің нәтижелері кейбір уақыт (ай, тоқсан, жыл) өткеннен кейін байқалады. Тактикалық басқару деңгейінің негізгі жүйе қызметтері:
— бизнес-үдерістерін орындаушылардың қызметін бақылау және мониторинг;
— әкімшіліктендіру;
— ағымдағы көрсеткіштерді өткен көрсеткіштермен салыстыру;
— белгілі кезеңдер ішінде аналитикалық есеп құру;
— жоспарлау және болжау;
— мұрағат ақпараттарына қол жетімділікті қамтамасыз ету;
— ауытқуларды талдау;
— тактикалық басқару шешімдерін қабылдау және т.б.
Ақпараттық технологияда тактикалық шешімдерді қолау үшін фирмалар дерекқор, үлгілер базасы, білімдерді өңдеу жүйесі, шешімдер қабылдауды қолдауы секілді аспаптық құралдарды қолданады және т.б. (3-сурет). Сонымен, бұл ретте жеткізушілер мен тұтынушылардың сыртқы талаптарын біршама дәрежеде ескере отырып, үлгілерді қолдану арқылы сатуды талдауға болады. Үлгілер, мәселелердің математикалық түсінік беруге сүйене отырып, белгілі алгоритмдер арқылы анағұрлым дұрыс шешімдер қабылдау үшін пайдалы ақпараттар табуға ықпалын тигізеді.

. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙ ЖҮЙЕЛЕРІ


Жоғары басқару бөлімінің жұмысын қолдау үшін негізгі құрал ұйымдарды стратегиялық болашақ дамыту жоспарларын жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйелер болып табылады. Стратегиялық деңгей жүйелері, ұйымның ұзақ мерзімді мақсаттарын жүзеге бағытталған басқару шешімдерін жасап шығаруды қамтамасыз етеді. Стратегиялық деңгейде нарыққа жаңа өнімдерді шығару және жылжыту, қаржыландыру көздерін таңдау, инвесторларды тарту, бизнес үдерістердің реинжинирингтер мәселелері қарастырылады. Көбінесе, стратегиялық басқару деңгейін ұзақ мерзімді жоспарлау деп атайды. Осы деңгейде қабылданған шешімдердің заңдылығы біршама ұзақ мерзім өткеннен кейін- айлар немесе тіпті жылдар өткеннен кейін расталуы мүмкін. Басқару шешімдерін қабылдағаны үшін жауапкершілік өте үлкен және математикалық аппараттарды қолдану арқылы талдау нәтижелерімен анықталмайды, сонымен бірге жоғарғы деңгейлі менеджерлердің кәсіби дайындығы мен ішкі түйсігімен анықталады. Сонымен, стратегиялық деңгей жоғары жақтағы басшыларға бағытталған. Ақпараттық технологияларды ұйымдастыру есебінен, фирмада, сыртқы ортадағы істің ағымдағы жай-күйін көрсететін ақпаратқа қатысты қол жетімділікті, олардың өзара байланысы қамтамасыз етіледі.
Стратегиялық басқару деңгейінің негізгі мақсаттары:
— ұйымның басымдықтар жүйесін анықтау;
— ұйымның болашақ дамыту бағыттарын дамыту;
— алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды таңдау және бағалау.
Ақпараттық технологияның осы бағыттарына сәйкес, жоғары басшылыққа фирманың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін бағалауға және оның қызметін ұзақ болашақта болжауға мүмкіндік беретін, негізгі факторлар бойынша ақпаратқа жедел қолайлы қол жетімділік пен сұрыптауды қамтамасыз етеді. Ұзақ мерзімді жоспарлау және талдаудың ақпараттық технолгиялық жүйесінің ерекшелігі, көршілес өндіріс қызметтерін ескере отырып, ұйымдардың біріктірме даму үлгілерін құру болып саналады.
Стратегиялық басқару шешімдерін жасап шығару кезінде келесі факторлар ескеріледі:
— елдегі нарықтық қарым-қатынасты дамыту ерекшеліктері;
— кәсіпорын және ұйым қызметінің бейнесіне жатқызылатын, өнімдерді (жұмыстар мен қызметтер) ықтимал болашақ түрлері;
— жаңа өнімдер (тауарлар, қызметтер) түрлерін жасау кезіндегі қолдану үшін мүмкін өндіріс ресурстарының әлеуетті түрлері;
— жаңа өнім (тауарлар мен қызметтер) түрлерін болашақ технологиялық әзірлеу үдерістері.
Ақпараттық технологияның қызмет ету үлгісінде атап 150 көрсетілген факторлар есебі көбінесе ұйым қызметіне қатысты ақпараттарды сырттай қолдануға негізделеді. Осылайша, ақпараттық технология дамыған коммуникативтік ортаны (оған қоса Internet) сыртқы ақпараттарды алу, жинақтау және өңдеу үшін орналастыруы қажет.
Біріктірме үлгілерді қолдануға негізделетін ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауда ақпараттық технологиялардың қызмет етуіндегі өзгеше ерекшелігін, шешім қабылдау барысындағы басқару қызметкерлерінің өзінің шешуші рөлі деп есептеген жөн. Ақпараттың белгісіздігі мен толық еместігінің жоғары деңгейі шешім қабылдау негізі ретінде субъективті фактор ролін арттырады. Сонымен бірге, автоматтандырылған ақпараттық технология, басқару аппараты қызметін ұйымдастыру үшін басты алғышартты қамтамасыз ететін қосалқы құрал ретінде ұсынылады.
Осылайша, шешімдер қабылдауда стратегиялық деңгейді ақпараттық технологиялық қолдау ұйымның жоғары басқару бөліміне құрылымсыз міндеттерді шешуге көмектеседі, оның негізі сыртқы ортада, әлеуметті фирмасы бар сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерді салыстыру болып табылады.
Стратегиялық жоспарлау жүйелерін қолдануға қатысты келесі тәсілдерді атап көрсетуге болады:
— біріншісі, алдымен мақсаттар мен оларға қол жеткізу стратегиялары құрылатындығына, ал содан кейін ғана автоматтандырылған ақпараттық технология алдын ала жасап шығарылған стратегияға бейімделетіндігіне негізделеді;
— екіншісі, ұйымның мақсаттарды құру және стратегиялық жоспарлау кезінде стратегиялық ақпараттық жүйені қолдануына негізделеді;
— үшіншісі, екі алдыңғы тәсілдерді синтездеу әдістемесін қолданумен сипатталады.
Ресейлік жағдайларда, ШҚТ алдында тұрған стратегиялық басқару міндеттерін шешу, ресей кәсіпорындары жұмыс істеп жатқан жағдайлардың үнемі өзгеруімен күрделенеді (бірінші кезетпен, салық заңнамасында қабылданатын жиі түзетулерді атап көрсеткен жөн), және барлық әлемдік экономика үшін соңғы жылдары көптеген тұрақсыздық факторларының байқалуымен сипатталады. Осыған байланысты қазіргі уақытта ресейлік кәсіпорындарда қабылданатын біріктірілген корпоративтік жүйелер, әдетте, жедел әрі тактикалық басқару деңгейлерін автоматтандыру жүзеге асырылған. Стратегиялық басқару деңгейіндегі міндеттерге келетін болсақ, онда олар көптеген жағдайда төменгі деңгейде бар деректер негізінде, сонымен қатар кәсіпорынның топ-менеджерлерінің кәсіби тәжірибесі мен ішкі түйсігінің арқасында шешіледі.

. МАТЕРИАЛ (MATERIAL REQUIREMENTS PLANNING, MRP) ЖӘНЕ ҚУАТПЕН (CAPACITY REQUIREMENTS PLANNING, CRP) ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ


MRP-жүйелер — заманауи БКАЖ тікелей ізбасарлары. Осы әдістеменің пайда болуымен, заманауи экономикалық копоративтік жүйелердің пайда болуы туралы айтуға болады деп есептеледі. Кәсіпорынның қызметін жоспарлау үшін есептеу техникасының құралдарын қолдану мүмкіндігі туралы алғашқы ойлар (соның ішінде, өндірістік үдерістерді жоспарлау) 1960-жылдардың басында пайда болды. Онда қажеттіліктерді жоспарлау әдістемесі — MRP материалдарында әзірленді. MRP тұжырымдасының маңызы, қоймалар мен өндірістің әртүрлі телімдеріндегі қорлармен байланысты шығындарды төмендетуден тұрады. MRP әдісі, өндірістің жоспарына сәйкес талап етілетін соңғы өнімдердің компоненттерін соңғы бұйымдарды әзірлеу үшін талап етілетін дәл сол көлемде және мерзімде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шынында, MRP әдістемесі — бұл екі белгілі қағидат JIT (JustInTime— «дер кезінде тапсырыс беру») және KanBan («дер кезінде жасап шығару») жүзеге асыру. JIT— өндірісте материалдарды басқару жүйесі, онда өндірістң өткен кезеңіндетолықтырушы немесе сыртқы жеткізушіден, олар талап етілген дәл сол мезетте, бірақ ерте емес жеткізіледі. Толықтыратын топтамасы мүмкін болғанша аз (бұл орындау уақыты мен жеткізу кезеңінің тұрақтылығына байланысты). JIT жүйесі өндірістің сериялық типі бар орташа ауқымдағы өндірістерде, материалдар мен жиынтықтаушылардың үздіксіз ағынымен және стандартты өнімдерді өңдіруде жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді.
Аталған жағдайда жоспарлау және бақылау рәсімдері біршама дәрежеде стандартталған және қарапайым. Ірі жоғары технологиялық кәсіпорындарда, өндірістік үдерістерді жоспарлау мен бақылау рәсімдері күрделі болып саналады, JIT мүлде қолданылмайды.
MRP тұжырымдамасы MRP-жүйелері деп аталатын құрылым негізінде жатыр. MRP-жүйесі, қоймада бар материалдар туралы кіріс деректерін ала отырып және олардың қасиеттері тіралы «біле» отырып, дәл сол соңғы өнімді өндіру үшін талап етілетін, сонымен бірге өндірістік кезеңді уақытша кезеңмен сәйкестендіруге мүмкіндігі бола тұрып, менеждердің қолына, өндіріс үдерісін оңтайлы жоспарлауға (сатып алу мен өндіріс мерзіміне қатысты) мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынады.
MRP-бағдарламалар, жаңа жеткізілімдерге тапсырыс туралы шешімдерді жасап шығару үдерістерін оңтайландыру үшін, материалдар қозғалысын қадағалайды, тапсырыстарды автоматты түрде реттей отырып, (оны енгізуде жаңа талаптарды рәсімдеу үшін талап етілетін, барлық ақпараттар бар). Нәтижесінде жеткізушілермен тапсырыстарды ғаламдық жоспары жасалады, онда қашан және кімнен тапсырыс жасауға болатындығы жазылуы қажет.
MRP-жүйесі жұмысының логикасын диаграмма арқылы ұсынуға болады (4-сурет). Диаграммада MRP-жүйесінің негізгі ақпараттық элементтері бейнеленген.
Материалдар жағдайы сипаттамасында, бұйымдарды өндіру үшін қажетті барлық материалдар туралы толық ақпарат көрсетілген, — қоймадағы аталған материалдар қалдығы, оның басқа мақсаттар үшін кейінге сақталғандығы туралы ақпарат, ол тапсырыста бар ма немесе оған тапсырыстар енді ғана жоспарлануда, жетікізілімдердің жүйелілігі. Өндіріс үдерісін қолдау үшін, оны жеткізуде күтпеген бөгеттер туындаған жағдайда, материалдарды сақтандыру қорларының қажеттілігін есепке алған жөн.
Өндіріс бағдарламасы жоспарланған кезең ішінде дайын өнімдердің қажетті топтамасын өндіру үшін уақытты бөлудің оңтайландырылған кестесін білдіреді. Соңғы өнім (бұйым) сипаттамасы— белгілі көлемдегі дайын өнімді (бұйым) өндіру үшін қажетті материалдар мен оладың саны. Бұл жерде дайын өнімді жинау технологиясы туралы толық ақпарат бар. Өнімдерді шығару жоспары, өнім сипаттамасы және технологиялық тізбек ерекшеліктері негізінде, нақты мерзімге байлаулы материалдармен өндіріс қажеттіліктері есептеледі.
4-сурет. Өндірістің кіріс элементтері және MRP-жүйесінің жұмыс нәтижелері.
MRP-жүйесінің негізгі жұмыс нәтижелері тапсырыс жоспары және оған енгізілген өзгерістер болып табылады.
Тапсырыс жоспары, жосарланған мерзімде, қарастырылатын уақыт кезеңінде, қандай материал, және қандай мөлшерде тапсырылатындығын анықтайды.
Бас тапсырыс жоспары жеткізушімен бұдан әрі жұмыс істеу үшін арналған басшылы болып табылады.
Тапсырыстар жоспарына қатысты өзгерістер — бұдан бұрын жоспарланған тапсырыстарды (кейінге қалдыру, өзгерту, басқа кезеңге ауыстыру) түрлендіру.
Бұдан басқа, MRP-жүйесі ағымдағы істің жай-күйіне талдау жүргізу және бұдан әрі қызметін болжау үшін бір қатар есептерді құрады.
Орындау есебі, жүйедегі қателіктер туралы және жоспарлау кезінде (мысалы, қандай да бір жеке материалға сақтандыру қорының болмауы туралы ақпарат) туындаған дағдарысты жағдайлар туралы хабарлайды.
Жоспарлаудың тар орындары туралы есеп, ерекше назар аударуды талап ететін және басқару шешімдеріне (тапсырыстардың күтпеген жерден кешіктірілуі, қоймада материалдардың артылуы және т.б.) қажеттілік туындауы мүмкін, мерзімдер туралы ақпарат алу үшін арналған.
Болжам — өндірістік үдерісті талдау нәтижесінде, шығарылатын өнім көлемі мен сипаттамасының ықтимал болшақ өзгерісі туралы алынған ақпарат. MRP-әдістемелер базасында жүзеге асырылған бағдарламалық жүйелер, өнімдерді өндіру үшін материалдардың жеткізілуін оңтайлы реттеуге, қойма қорларын бақылауға және өндіріс технологиясының өзін бақылауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, MRP-жүйелерін қолдану тұрақиы қойма қорлар көлемін азайтуға мүмкіндік берді.
Жоспарлау тиімділігін арттыру мақсатында, 1970-шы жалдардың аяғында МRP-жүйелерінде тұйық кезеңді loosedLoopMaterialRequirmentPlanning) қайта қалпына келтіру идеясы жүзеге асырылды. Идея, жоспарлау кезінде қосымша қызметтерді енгізу арқылы анағұрлым кең ауқымды спектрді қарастыруға негізделді. Цех деңгейінде өндірістік бағдарламаларды құру және оны бақылау көзделді. Өндірістік қуатты жоспарлау және материалдармен қажеттіліктерді жоспарлаудың негізгі қызметтеріне қосымша қызметтер (мысалы, өндірістік өнім санының толықтыратыдарды жинау барысында қолданылған санына сәйкестігін бақылау, тапсырыстардың бөгелуі туралы, өнімдер көлемі және оларды сату қарқыны туралы, жеткізушілер туралы күнделікті есептілікті құру және т.б.). Жұмыс барысында құрылған түрлендірілген MRP-есептер жүйесі, бұдан әргі жоспарлау кезеңінде, қажет болғанда өндіріс бағдарламасын және тапсырыстар жоспарын өзгерте отырып талданды және есепке алынды, осылайша сұраныс деңгейі, толықтырушы жиынтықтаушы жеткізушілерде істің ағымдағы жай-күйі секілді сыртқы факторларға қатысты икемді жоспарлауды қамтамасыз етеді және т.б.
MRP-жүйелер, нақты түрде жай ғана, бекітілген өндірістік бағдарлама негізінде белгілі кезеңде тапсырыстар жоспарын құрдыү бұл күрделенген өндіріс қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Біртіндеп, материалдық ресурстарды басқарудағы жинақталған тәжірибенің басқа ресурс түрлерімен –өндірістік ресурстармен байланысты міндеттерді шешуге ауысатындығы анық бола түсті. Нәтижесінде CRP тұжырымдамасы пайда болды, онда MRP әдістері өндірістік қуатты басқаруға ауыстырылды.
Экономикалық ақпараттық жүйелерде, CRP әдістемесін жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін келесідей түрде ұсынуға болады.

  1. Жоспарланған кезең ішінде өндірістің әрбір нақты кезеңдерін өңдеу үшін өндірістік қуатты бөлу жоспары әзірленеді.

  2. . Өндірістік рәсімдердің тізбектілігінің технологиялық жоспары анықталады және өндірістің байқау бағдарламасына сәйкес жосрпарлау мерзімінде әрбір өндірістік бірлікті жүктеу дәрежесі анықталады.

  3. Гер, өндіріс бағдарламасының CRP-әдістемесінің жұмыс кезеңінен кейін, шынайы жүзеге асырған деп танылса, онда ол МRPжүйесінің негізі болып саналады, олай болмаған жағдайда, оған өзгерістер енгізіледі, және CRP-әдістемесі арқылы қайта тестілеуге ұшырайды.

. MRP II ЖҮЙЕСІ


MRP тұжырымдамасы пайда болғаннан кейін, өндірістің барлық мәселесі шешілгендей болған, оның күрделі емес қағидаттарын жүзеге асыратын компьютерлік бағдарламалар белсенді құрылды және сатылды. Алайда, әлемдік бизнестегі бар жағдайларды бұдан әрі талдау және оны дамыту барысында, MRP тұжырымдамасында маңызды кемшілік бары анықталды. Материалдармен қажеттілікті есептеу кезінде өндірістік қуаттылық, олардың жүктемесі, жұмыс күшінің құны және тағы басқалар ескерілмейді. 1980-ші жылдары, тұйықталған кезеңі бар MRP-жүйесі өндірістік ресурстарды жоспарлау жүйесіне (manufactoryresourceplanning) көшірілді, MRPII (аббревиатуралардың сәйкестілік салдары) атауына ие болды.
MRPII, оның жеке үзінділерін ған емес, барлық өндірістік үдерісті басқаруға мүмкіндік береді (5-сурет).

5.7-сур. MRPII әдістемесінің қызмт ету сызбасы.
Бұл жүйе өндірістік кәсіпорынның барлық ресурстарын тиімді жоспарлау үшін құрылған, соның ішінде қаржылық және кадрлық. Өндірістік қуатты жоспарлау және материалдармен тұтынуды жоспарлаудың негізгі қызметтері бір қатар қосымша қызметтерге қосылды:
— Өндірістік өнім санын жинау барысында қолданылған жиынтықтауыш санына сәйкестігін бақылау;
— Тапсырыстардың бөгелуі туралы, өнімдерді сату көлемі және қарқыны туралы күнделікті есепті құру.
MRPII стандарты АҚШ құрылды және өндіріс пен қорларды – AmericanProductionandInventoryControlSociety (APICS) басқару бойынша Америкалық қоғаммен қуатталады. Өз уақытында APICS «MRPII StandartSystem» құжатын жүйелі түрде шығарды, онда ақпараттық өндірістік жүйелерге қатысты негізгі иалаптар келтірілді. (бұл құжаттың соңғы басылымы 1989 жылы шықты). «MRPII StandartSystem» сәйкес, MRPII жүйесінде 16 негізгі қызмет топтары (Кәспорынмен ПҚ басқару MRPII санатына жатқызылуы үшін, ол осы қызметтердің белгілі көлемін атқаруы қажет).

  1. Сату және өндірісті жоспарлау.

  2. Сұранысты басқару.

  3. Өндіріс жоспарын құру.

  4. Материалдармен тұтынуды жоспарлау.

  5. Өнімдер сипаттамасы.

  6. Қойманы басқару.

  7. Жоспарлы жеткізілімдер (Scheduled Receipts Subsystem).

  8. Өндірістік цех деңгейінде басқару.

  9. Өндіріс қуатын жоспарлау.

  10. Кірісті/шығысты бақылау.

  11. Материалдық-техникалық жабдықтау.

  12. Ресурстарды бөлуді жоспарлау.

  13. Өндіріс операцияларын жоспарлау және бақылау.

  14. Қаржылық жоспарлау.

  15. Үлгілеу.

  16. Қызмет нәтижелерін бағалау

MRPII стандарты жекелеген қызмет (рәсімдер) салаларын екі деңгейге бөледі: қажетті және опциалды.
Бағдарламалық қамтамасыз ету MRPII санатына жатқызылуы үшін, ол қажетті негізгі қызметтерді орындауы қажет. Бағдарламалық қамтамасыз етудің кейбір жеткізушілері осы стандарттың әртүрлі опцияларын қабылдады.
Система MRPII жүйесі сыртқа жағдайларға бейімделуге қабілетті. 5.7-суретте көріп отырғанымыздай, MRPII үшін кері байланыс тән, себебі оның жұмысы барысында құрылған есептер бұдан кейінгі жоспарлау кезеңдерінде есепке алынады. Қажет болған жағдайда, өндіріс бағдарламасы өзгертілуі мүмкін. Бұл қосымша қызметтер сыртқы факторларға қатысты-сұраныс деңгейі, материалдар мен жиынтықтаушыларды жеткізу сенімділігі және т.б. қатысты жоспарлаудың орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Әрбір үлгінің жұмыс нәтижелері барлық жүйемен тұтастай талданады, шынында сыртқы факторлардың өзгеруіне қатысты оның орнықтылығын қамтамасыз етеді. Бұл, әсіресе өнімдерді жиі істеп бітіруді талап ететін қысқа өмірлік кезеңмен өнім өндіретін көптеген кәсіпорындар үшін маңызды. MRPII жүйесінің үздік үлгілері, нарықтағы жағдайларды талдау негізінде шығарылатын өнімдердің тұтыну сипаттамалары мен шығару көлемін оңтайландыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған бағдарламалар кешенін білдіреді. Системы MRPII жүйелері көп жағдайлдарда дәл осы өндіріске бағытталған және кәсіпорынмен жүзеге асырылатын барлық негізгі үдерістерді біріктіруге тартылған, — жабдықтау, өндіріс қоры, сату, жоспарлау, жоспардың орындалуын бақылау, шығындар, қаржы және т.б. секілді.
MRPII санатындағы ақпараттық жүйелер міндеті— материалдар (шикізат), жартылай жайын өнімдер (соның ішінде өндірісте тұрғандар) және дайын өнімдер ағынын оңтайлы құру.
MRPII қолдану нәтижесінде жүзеге асырылуы қажет:
— Кәсіпорын қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы ақпаратты тұтастай және жекелеген тапсырыстар, ресрустар, жоспарларды орындау бойынша толық талдап тексерумен жедел орындау;
— жедел ақпарат негізінде оспарлы деректерді түзету мүмкіндігімен кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді, жедел және егжейтегжейлі жоспарлау;
— өндірістік емес шығындарды біршама қысқарту және қоймадағы материалдық ресурстарды шынайы қысқартумен өндірістік және материалдық ағындарды оңтайландыру;
— өндірістік қуатты, барлық ресурс түрлерін қолдануда және тапсырыс берушілердің қажеттілігін қанағаттандыруда барынша тиімділікке қол жеткізу мақсатында оған әсер ету мүмкіндігімен өндірістің барлық кезеңін жоспарлау және бақылау;
— өндірістік емес шығындарды қысқарту;
— тұтастай кәсіпорынның қаржылық қызметін бейнелеу. Стандарттарға сәйкес MRPII жүйесі кез келген уақытта, өндірістің жоспарын орындау үшін материалдық ресурстарда қажеттілікті көрсетууі, сонымен бірге технологиялық үдерістер мен жабдықтау үдерісіне қатысты талаптардың өзгеруіне сәйкес сипаттамада материалдардың ауысуына бірдей әрекет етуі қажет.
Бағдарламаны тестілеу кезінде әртүрлі материалдарды қолдану нұсқаларын, сонымен бірге олардың толыққанды MRP-есептерін алу үшін болжамды тәсілдерін енгізуге әрекет жасау қажет.
MRPII стандартына сәйкестігіне тексеру жүйенің бір қатар қасиеттерінің болуын растауы қажет:
— деректер құрылымын және кәсіпорынның жеткізушінің шынайы мүмкіндіктеріне сәйкес жабдықтау жоспарын құруға мүмкіндік беретін сұраныстарды құру, оған қоса тапсырыстарды орындау мерзімі бойынша шектеулерді, тиелімдің төменгі топтамасы, шикізаттар мен материалдарды тасымалдау жағдайларын қоса;
— клиенттің тапсырысын толық орындау кезеңін қадағалау мүмкіндігі (қоймада оны ресурстармен қамтамасыз ету жоспары, өндіріс және сатып алу жоспары, материалдық-техникалық жабдықтау және өндірістің барлық кезең сатыларында бұл жоспарды нақты орындау үдерісі);
— тұтынушы тапсырыына сәйкес ресурстарды резервтеу;
— тұтынушының «қоймадағы ұстаным жағдайы» қатысты ерікті алынған тапсырысы бойынша ақпарат беру, өндіріс жоспары мен сатып алу жоспары, сонымен қатар тұтынушының аталған тапсырысын қамтамасыз етуге қатысты өндірістік жоспарды орындау барысы туралы ақпараттарды алу, жеткізушілерге тапсырыстары туралы, олардың өмірлік кезеңнің барлық сатыларындағы жағдайы, оған қоса шоттарды төлеу үдерісі;
— өндірістік жоспары мен технологиялық сипаттамаларға сәйкес кәсіпорынның жабдығын (қуатын) (CRP-есеп) жүктемесін жоспарлау мүмкіндігі. Сонымен бірге, бұл жүйе әртүрлі құралды, жабдықты қолдану кезінде жабдықтардың жұмыс режимін балама түрде бейнелеуі және ресурстардағы (MRP) қажеттіліктерді жоспарлаудың қосалқы жүйесімен байланысты болуы қажет;
— тапсырыстарды орындау мерзімін және өндірістік қуатты шынайы жүктмесін және қолда бар материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ескеп алып, клиенттердің тапсырысын есептеу мүмкіндігі. Жүйе қосалқы мердігерлермен жеке бөлімшелерді ауыстыру кезінде, шығарылатын өнімдердің (ауысымдылықтың өсуі үстеме жұмыс үшін қлсымша төлемдерге әкелетіндей, сол секілді жабдықтарды жөндеуге кететін шығындардың өсуіне әкеледі) өзіндік құнының өзгеруін есепке ала отырып жұмыстың ауысымдылығын өсіру кезінде «эксперименттеуге» мүмкіндік беруі қажет.
Сонымен, MRPII жүйелер кәсіпорынның барлық ресурстарын тиімді жоспарлау үшін арналған. MRPII тұжырымдамасының негізгі мәні, өндірісті болжау, жоспарлау және бақылау өнімнің барлық өмірлік кезеңі бойынша, шикізатта ысатып алудан бастап және тұтынушыға өнімдерді тиеумен аяқталатындай жүзеге асырылатындығында. MRPII жүйесінде, жұмыс нәтижесі жүйемен тұтастай талданатын көп көлемді үлгілерге біріктірілген, бұл әртүрлі сыртқы факторларға қатысты (атап айтқанда, мысалы, өнімдерге ағымдағы сұраныс және т.б.) оның иілімділігін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет