Жағдаяттарды талдау. Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі – өзгенің сенімін ақтау,адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Төмендегі жағдаяттарды шешіп,әдептілік тұрғысынан баға беру.
Тапсырма берілген ой тұжырымдамамен танысу. Адалдық туралы өз ойымен толықтырып, түйгендерін ортаға салу.
Адалдық:
Қоғам әділеттілігінің негізі болады;
Адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етеді;
Жеке тұлға мінез –құлқының жағымды қалыптасуына әсер етеді.
Жаңа ақпарат
Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.
Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.
Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Әл-Фараби Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі - ел бастар. Жамбыл Жабаев
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов
Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. Ғабит Мүсірепов
Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық. Максим Горький
Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. Қаюм Насыри
Жақын болудың бірінші шарты – адалдық. Михаил Пришвин
Адалдық танытатын адамға да адал бол. Плавт Тит Макций
Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын. Менандр
Адалдық ұмытылса, ақыл мен ерлік – бос дыбыс. Вишакхадатта
Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі. Габриэль Оноре Марсель
Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер
Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол. Т. Фуллер
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |