«Өнім сапасын және процестерді басқарудың статистикалық Әдістері»



бет26/33
Дата12.10.2020
өлшемі0,61 Mb.
#68183
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Бақылау карталарының жіктелуі.

Бақылау карталарының көптеген түрлері кездеседі. Оларды екі үлкен топқа бөлуге болады:



  • сандық (өлшеуге келетін) сипаты бойынша бақылау карталары;

  • сапалық (альтернативалық) сипаты бойынша бақылау карталары.

Сандық сипаты бойынша бақылау карталарына өнімнің бақыланатын сандық сипаттамалары енгізіледі, ал сапалық (альтернативалық) сипаты бойынша бақылау карталарына ақаулы өнім бірліктерінің сандық сипаттамалары немесе өнімнің белгілі санды бірліктерінен шығатын ақаулар саны енгізіледі.

Сандық сипаты бойынша бақылау карталар жеке-дара (1 функция атқару үшін) және комбинирленген (процестің реттелу деңгейіне және сапа көрсеткіштерінің шашырауына бір мезгілде әсер көрсету үшін) деп бөлінеді.

Бақылау карталарын арналуы (функциялары) бойынша да ажыратады. Олар өндірістік процесті реттеу үшін (орташа арифметикалық мәндер карталары, медианалар карталары және т.б.) және сапа көрсеткіштерінің шашырауын реттеу үшін (орташа квадраттық ауытқу карталары, құлаштар карталары және т.б.) деп бөлінеді.

Сандық сипаттары бойынша бақылау карталары:



- орташа мән мен құлаш үшін (, R);

- медиана және құлаш үшін (, R);

- орташа мән мен орташа квр\адраттық ауытқу үшін (, S).

Сандық сипаттары бойынша бақылау карталарының кең тараған түрі болып орташа мәндер үшін бақылау карталары және құлаш R үшін бақылау карталары табылады. Бұл карталардың әрқайсысын жеке немесе бірге қолдануға болады.

Сапалық (альтернативалық) сипаттары бойынша бақылау карталары:

- ақаулы өнімдір үлесінің бақылау карталары (р-карталары);

- ақаулы өнімдер санының бақылау карталары (np-карталары);

- ақаулардың сомалық санының бақылау карталары (с-карталар);

- өнім бірлегіне келетін ақаулар санының бақылау карталары (u-карталары).

Ақауларды есепке алу мақсатында ақаулы өнім бірліктерінің үлесін бақылау үшін карталар (p-карталар) және өнім бірлігіне келетін ақаулардың санын бақылау үшін карталар (с-карталар) жиі қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет