«Өнім сапасын және процестерді басқарудың статистикалық Әдістері»


Лекция 13. Қабаттарға бөлу (қабаттарға бөліп талдау)



бет27/33
Дата12.10.2020
өлшемі0,61 Mb.
#68183
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Лекция 13. Қабаттарға бөлу (қабаттарға бөліп талдау)
Қабаттарға бөлу әдісін бұйымның сипаттамаларының шашырау себептерін анықтау үшін қолданады. Әдістің мәні – алынған сипаттамаларды әртүрлі факторлар: персоналдың біліктілігі, бастапқы материалдардың сапасы, жұмысты орындау әдістері, жабдықтардың сипаттамалары және т.б. бойынша қабаттарға бөлу табылады. Бұл жерде жеке факторлардың бұйым сипаттамаларына әсері анықталады, сол арқылы олардың шектен тыс шашырауын болдырмау мақсатында қажетті шаралар қолданылады.

Мысал үшін, бір атты бұйымдар бірнеше станокта шығарылады дейік. Станоктардың техникалық сипаттамалары бір бірінен ажырасуына байланысты әртүрлі станоктан шаққан өнімдердің сипаттамаларының да шашырауы орын алады. Осыған байланысты, мәліметтерді өнімдер шыққан станоктар бойынша бөле отырып талдау арқылы ақаулардың себептері туралы бағалы ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, бұйымның сапалық көрсеткіштерінің шашырауына басқа факторлар да: орындаушының біліктілігі мен ұқыптылығы, бастапқы материалдардың сапасы, өндіру әдістері мен өндіріс жағдайлары, шығару уақыты және т.б. әсер етеді. Осы факторлар бойынша да қабаттарға бөліп талдауды одан ары тереңдетуге және шешімнің негізделуін арттыруға болады.

Қабатқа бөлу жүргізілетін бірінші кезектегі факторларды қарыстыру кезінде олардан тәуелді екінші, үшінше кезектегі факторлар анықталуы мүмкін. Олар бойынша да қабаттарға бөлуге болады. Біздің мысалда екінші кезектегі қабаттарға бөлу факторлары ретінде жабдықтардың типі мен формасы, оператордың біліктілігі, операцияларды жүргізу әдісі; операцияларды жүргізу жағдайлары – температура, қысым және т.б., бүйымның сапасы алынуы мүмкін.

Қабаттарға бөлу әдісі басқа статистикалық әдістерді пайдалану жағдайларында: себеп-салдар диаграммаларын, Парето диаграммаларын гистограммаларды, бақылау карталарын құру кезінде қолданылады.

Тұтынушының тапсырысы өз уақытында орындалмау жағдайы жиі кездеседі. Бұндай жағдайда проблемаға қатысы бар барлық мамандар мен орындаушылардың қатысуымен отырыс жүргізіледі. Отырыстың мақсаты – тапсырысты орындау мерзімі сақталмауының себептерін табу және оларды жою үшін шараларды белгілеу болып табылады. Әдетте, бұндай жағдайда «тапсырысты орындау мерзімін ұзарту керек» немесе «тапсырыс қабылданған күнді анық көрсету керек» деген пікірлер айтылады. Бұл жерде мәліметтер жинап, оларды жан-жақты талдау және тапсырыс қабылданған күнді анық көрсету пробелманы шешу үшін жеткілікті болу-болмауын анықтау қажет.

2.1 кестеде көрсетілген мәліметтер тапсырыс күнін уақытында өңдеу жағдайды едәуір жақсартатынын көрсетеді. Проблема шешілді депуге болады.

2.1 кесте.


Тапсырысты өңдеу

Тапсырыс уақытында орындалды, жағдайлар саны

Тапсырыс кешіктіріп орындалды, жағдайлар саны

Барлығы

Уақытында

21

2

23

Кешіктіріп

3

42

45

Барлығы

24

44

68

2.2 кестедегі мәліметтерді талдау бойынша тапсырысты уақытында өңдеу проблеманы шешеді деп айтуға келмейді.

2.2 кесте.



Тапсырысты өңдеу

Тапсырыс уақытында орындалды, жағдайлар саны

Тапсырыс кешіктіріп орындалды, жағдайлар саны

Барлығы

Уақытында

6

17

23

Кешіктіріп

18

27

45

Барлығы

21

44

68

Бұл жерде қабаттарға бөлуді тереңдету керек. Ең алдымен тапсырысты құрайтын бөлшектер бойынша қабаттарға бөлу керек (2.3 кесте).

2.3 кесте.



Бөлшектер

Тапсырыс уақытында орындалды, жағдайлар саны

Тапсырыс кешіктіріп орындалды, жағдайлар саны

Барлығы

A

1

14

15

B

2

11

13

C

0

11

11

D

8

1

9

E

6

4

10

F

7

3

10

Барлығы

24

44

68

2.3 кестеден тапсырыс кешіктіріп орындалған жағдайлар А, В, С бөлшектермен байланысты. Олармен салыстырғанда D, E, F бөлшектерін кешіктіру сирек кездеседі. Бұндай айырмашылықтың себебі А, В, С бөлшектерге тапсырысты орындау мерзімінде болуын тексеру керек.

А, В, С бөлшектері D, E, F- ке қарағанда қосымша өңдеуді талап ететіні анықталды дейік. Онда оларды шығару үшін қосымша уақыткерек болып табылады. Сонымен бірге, қосымша өңдеу процесі екінші кезектегі тапсырыс негізінде басқа кәсіпорында орындалады екен. Талдау барысында қосымша өңдеуге жатпайтын D, E, F бөлшектері де екінші кезектегі тапсырыспен басқа кәсіпорынға жіберілетіні анықталды. Бұл мәліметтерді (екінші кезектегі тапсырыс болу-болмау себебі бойынша қабаттарға бөліп 2.4 кестеге енгізеді де, талдау жүргізіледі.

2.4 кесте.

Екінші кезектегі тапсырыс

Тапсырыс уақытында орындалды, жағдайлар саны

Тапсырыс кешіктіріп орындалды, жағдайлар саны

Барлығы

орын алды

3

42

45

орын алған жоқ

21

2

23

Барлығы

24

44

68

2.4 кестесін талдау бірінші кезектегі тапсырысты орындау мерзіміне екінші кезектегі тапсырыстың болуы үлкен әсер ететінін көрсетеді.

Сонымен, қабаттарға бөліп талдау нәтижесінде проблеманы толығынан шешу үшін төмендегі шаралар қолданылуы керек деп қорытындылаймыз:

1) тапсырыс беруші кәсіпорынмен алдын ала келісу болмай екінші кезектегі тапсырыстарға жол бермеу керек;

2) тапсырыстырдың көлемін оларды тапсырыс алушы кәсіпорын өз күшімен, басқа кәсіпорынмен екінші кезектегі тапсырысқа отырмай орындай алатындай қылып реттеу керек.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет