Лекция 14. Графиктер
Мәліметтерді график түрінде көрсету (графиктер) мәліметтердің мағынасын кернекі түрде және жеңіл түсіну мүмкіндігін беру мақсатында кеңінен қолданылады.
Графиктердің мынадай түрлері кездеседі:
сынық сызық түріндегі графиктер;
сызықтық график;
шеңбер түріндегі график;
таспа түріндегі график;
Z-тәрізді график;
Шеңберлік графиктер - қарастырылатын мәліметтердің пайыздық қатынасын көрсету үшін қолданылады. Шеңберлік график көмегімен бүтін параметрді құрайтын бірліктерді көреді. Құраушылар шеңбер секторы ретінде көрсетіліп, шеңбер бойымен сағат тілінің бағытымен ең көп пайыздық элементтен бастап, азына қарай бағыттайды. Шеңберлік графикте бірден бірліктермен құраушыларды жеңіл көруге болады. Шеңберлік график 1.1 суретте көрсетілген. Графикте карп өнімінің өзіндік бағасын құрайтын қатынастарды тез бағалауға болады. Егер өнімнің әр түрі бойынша шығынды қорытындап, тексеру мен сату шығындарын қосып бөлетін болсақ, онда өнімнің өзіндік бағасын төмендетуге ықпал ететін ақпарат алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |