Арнаулы дүкендер – тауарлардың жеке топтпрын алуан түрлі ассортиментін ұсынатын дүкендер (киім – кешек, аяқ-киім, және т.б.).
Универмагтар. Басқаларға қарағанда сан алуан тауар түрін ұсынады.
Көпшілікке арналған тауарлар дүкендері. Бағасы универмагтар мен арнайы дүкендердегіден төмен, сан түрлі ассортименті тауарларды ұсынады. Мысалы, АҚШ-тағы Kmart магазині.
Ыңғайлы дүкендер. Үй жанында орналасқан, күні-түні мен жұмыс істейтін, тауар ассортименті өте аз, шығындары жоғары болғандықтан, тауар бағасы жоғары болады.
ІІІ. Бағасы бойынша дүкендердің келесі түрлерін көрсетуге болады.
Дисконтты дүкендер («Tagret»). Тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін, бағасы төмен, сан түрлі ассортиментті тауарлардыұсынады.
Қойма_клубтары.'>Қойма клубтары. Қоймаға ұқсас ғимарата орналасқан, қызметтер ықшамдалған дисконтты дүкендер. Тұтынушылар клуб мүшелері болғандықтан, мүшелік жарна төлей отырып, тауарды арзан бағамен алады.
Қойма–дүкен. Қойма – клубтарына ұқсас. Бағасы біршама арзан (кемітіп сатады), көрсететін қызметтері аз қарапайым сауда орны.
ІV. Қызмет көрсету түрі бойынша бөлшек сауданы мынадай түрлері бар:
Пошта арқылы сату («Директ-мейл»);
Автоматтар;
Тапсырыстар қызметі;
Шығарып сату саудасы.
Сауданың осы аталған түрлерінің мәні туралы тікелей маркетинг бөлімінде айтылады.
Жеке меншікке байланысты бөлшектік сауда мынадай түрлерге бөлінеді:
Корпарациялық жүйе – екі не оданда көп бөлшек саудагерлердің иесі бір компания болғандықтан, сатып алулар орталықтандырылған түрде жүргізіледі. Корпорациялық жүйелер көбнесе әмбебап және арнаулы дүкендерді (азық-түлік, киім-кешек дүкендері, дәріханалр) қамтиды. Тауар айналысы үлкен болғандықтан, олар тауарларды ірі көлемде және едәуір арзан бағаға сатып алады.
Ерікті жүйелер – әйгілі сауда маркасымен сауда жасайтын бөлшек дүкендер одағ. Сатып алу көлемін және сату көлемін ұлғайту мақсатында құрылады.
Тұтынушылар кооперативтері. Тұтынушылар иелігіндегі дүкен кооператив мүшелерінің қаражаттарына құрылады. Басшылардың өздері таңдайды, саясатын белгілейді. Мұндай дүкендерде арзан баға белгіленуі мүмкін, кооператив мүшелері сату көлеміне байланысты өз пайыздарын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |