Өндірістік кооперативтік. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және жергілікті нарықта сататын кооператив мүшсі болып жүрген фермерлердің ұжымдық иелігінде болады.
Сауда маклерлері. Өндіріс құралдарының көтерме нарығында және жергілікті жылжымайтын мүлік нарығында жүйе іс-әрекет жасайды. Сауда маклерінің дистрибьютерлерден айырмашылығы-олардың қызмет көрсету салалары тар болып келеді. Маклерлер тасымалдауы мен тапсыруы көп еңбек сіңіруді қажет ететін ірі көлемді жүктермен айналысады.
Сөрелі джобберлер. Бөлшектік сауда (супермаркеттер, және т.б.) мен көтерме саудада сөрелерді тауарлармен қамтамасыз етеді. Олар өз жұмысы үшін делдалдақ си ақы алады. Сөрелі джобберлер тауарды іріктеу, көрсету, жеткізу, сақтау, бақылау жауапкершілігін мойнына алады. Көтерме саудагерлер әдетте, шығындарды жабу және пайда табу үшін тауарға 20% көлемінде үстеме баға қосады.
Бөлшек сауда, оның түрлері және даму тенденциялары Бөлшек сауда – түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқтайды. Ол үшін арнайы сауда орындарының болуы қажет.Бірақ дүкендердің болуы бөлшек сауда үшін міндетті түрдегі шарт емес, өйткені тауарды пошта, телефон, интернет және тағы басқалары арқылы да өткізуге болады.
Бөлшек сауданың тарихы 20-жылдары өндіріс шығарған барлық заттарды табуға болатын жалпы дүкендерден басталған. Кейінірек арнайы дүкендер мен супермаркеттер және күнделікті сұраныс дүкендері пайда болды. Соңғы жылдары бөлшек сауданың жаңа түрлері, өнімді даналап сататын автоматтар, телефон және теледидар арқылы сату пайда бола бастады. Бөлшек сауданың сан алуан цикілділігін «бөлшек сауда дөңгелегі» деп атайды.
Бөлшек сауданың қызметтері оның мақсаттарымен анықталады:
Тауарды сатып алу мен оның ассортиментін қалыптастыру;
Өндірушіні оның өніміне деген сұраныс барысы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
Тұтынушыларға тауардың сапасы мен ерекшеліктері туралы ақпарат беру;
Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде сатып алу туралы шешім қабылдануына әсер етеді. Техникалық заттарды сатудағы және оны сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетудің маңызы жоғарлайды.
Бөлшек сауда түрлері меншік нысандары бойынша – мемлекеттік және жеке меншік; ұйымдық құрылымы бойынша – негізгі компания, оның филиалдары, еншілес кәсіпорындар; тұтынушының сатушымен байланысу әдісі бойынша – толық қызмет көрсететін дүкен, шектелген қызмет көрсететін дүкен, өзіне – өзі қызмет ететін дүкен; сауда орнының көлемі бойынша – ірі, орташа, кіші көлемді дүкендер; ассортимент құрылымы бойынша – арнаулы және әмбебап дүкен, баға саясаты бойынша (арзан, орташа бағалы, қымбат бағалы,) және орналастыру ыңғайына байланысты болады.