Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері


Көтерме саудагерлер – коммивояжерлер



бет7/12
Дата07.02.2022
өлшемі29,38 Kb.
#85041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері

Көтерме саудагерлер – коммивояжерлер. Ұзақ сақталмайтын, тез бұзылатын (ет, сүт, жеміс, жеңіл тағамдар) тауарларды сату және оларды жылдам жеткізуімен айналысады. Олар супермаркеттерді, мейрамханаларды, шағын азық – түлік дүкендерін, қонақүйлерді автомобильмен тікелей аралай жүріп, тауарларын қолма-қол ақшаға сатады.

  • Көтерме-брокерлер. Олардың негізгі қызметі- сатушы мен сатып алушыны кездестіру. Брокерді жалдаған адам оған жалақысын береді. Олардың тауарға құқығы жоқ, тауар қорын жинамайды, еш бір тәуекелді міндеттемелерді алмайды. Көмір, машина жасау, ағаш өңдеу сиақты ірі көлемді өнеркәсіп салаларында жұмыс істейді. Тауарды сатумен, оны сақтаумен және жеткізумен айналыспайды. Тапсырысты ала салысымен келісімге сәйкес тауарды сатып алушыға жеткізетін өндірушіні таңдайды.

  • Агенттер – ол сатушының немесе сатып алушының мүддесін қолдайды, жұмыстары брокерлерге қарағанда тұрақты болады. Агенттердің бірнеше типтері бар.

    Өндірушілердің агенттері – бірін-бірі толықтыратын тауарлары бар бір немесе бірнеше өндірушінің мүдделерін қолдайды. Әрқайсысымен жұмыс тәртібі, делдалдық си ақы мөлшері туралы келісім – шарт жасалады. Киім, әшекей бұйымдарын, жиһаз, электр бұйымдарын сатқан кезде жиі қолданылады.
    Сату агенттеріЖасалған келісім-шарт негізінде өндіруші өндіретін барлық тауар ассортиментін сату құқығын агентке береді.
    Комиссионер агенттер. Тауарларды сату мәмлелерін жасап, тауарды иемденеді. Көбінесе ауыл шаруашылығындағы фермерлермен жұмыс істейді.
    Агенттер және брокерлер – тауарды сату-сатып алуға ықпал етіп, оның сату бағасының 2-6%-ы мөлшерінде делдалдық си ақы алады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет