Байланысты: Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері
Көтермесауданың мәні, рөлі және қызмет аясы Көтерме сауда қызметі – тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды делдалдарға, қайта өндірушілерге (өнеркәсіп), бөлшектік саудагерлерге, корпаративтік клиенттерге қайта сату. Көтерме сауда түрлері бір- бірінен ассортиметтерінің кеңдігіне, тауарларды сақтау және жеткізу тәсілдеріне орай ажыратылады. Нарықтық жүйе қатынастарында көтерме кәсіпорындары тәуелді және тәуелсіз делдалдық ұйымдар деп екі топқа бөледі.
Тәуелсіз ұйымдар – тауарларды өз иелігіне сатып алып кейін оларды тұтынушыларға сатып, өткізетін жеке дара делдалдық ұйымдар. Өндіріс құралдарын сатып өткізетін тәуелсіз көтерме делдалдарды көбінесе дистрибьюторлар деп атаса, қызмет саласына байланысты, оларды көтерме фирмалар немесе сауда үйлері деп те атайды.
Қазақстан Республикасында «Әсем-ау», «Қант орталығы» компаниялары өз өнімдерінің барлығын дистрибьюторлар арқылы өткізеді.
Көтерме саудагерлерді мына жағдайларда таңдау тиімдіболады:
егер нарық шашыраңқы болса, әр бір географиялық аймақтағы өткізу көлемі тікелей өткізудегі шығындарды өтеуге жеткіліксіз болса;
әдетте көтерме саудагерлердің (делдалдардың) саны, өндірушінің аймақтық жиынтық қоймалары санынан көп болса;
бұйым өнеркәсіптің көптеген салаларындағы тұтынушыларға өткізілуі тиіс, олардың барлығын немесе көп бөлігін қамту тәуелсіз көтерме делдалдарды пайдаланған кезде болады;
тұтынушылар өнімді ұсақ партиалармен сатып алатын болса.
Тәуелді – бұл тауарға меншік құқығы жоқ, бірақ орындаған қызметтері үшін си ақы алатын делдалдар. Оларға-өткізу агенттері, брокерлер, комиссионерлер сатып алатын кеңселер, тағы басқалары жатады. Қызмет көрсетуді қамту деңгейіне байланысты тәуелді делдалдар былайша ерекшеленеді:
Тұтынушыға толық циклді қызмет көрсететін көтерме саудагерлер.Өз серіктестеріне тауар қорларын сақтау, несиелеу, тауарды жеткізу, басқару саласында жәрдемдесу сиақты қызметтерді көрсетеді. Олар тауарды өз есебінен сатып алып, нарық конъюнктурасының өзгеруі, тауардың бұзылуына, ескіруіне байланысты пайда болатын бүкіл тәуекелді өз мойнына жүктейді.
Тұтынушыларға шектеулі циклмен қызмет көрсететін көтерме саудагерлер. Бірінші топқа қарағанда, өз тұтынушылары мен жеткізушілеріне азырақ қызмет көрсетеді. Оларға жататындыр:
Cash &Carry компаниялары (ағылшыннан аудармасы – төле де, алып кете бер). Негізгі қажетті тауарлардың (азық-түлік тауарлары, ойыншықтар, киім, электр құралдары, құрылыс заттары) шектеулі ассортиментімен айналысып, оларды ұсақ бөлшек саудагерлерге қолма – қол ақшаға сатады. Тауарды тұтынушыға жеткізумен айналыспайды.