200
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ығыстырып олардың қалыпты орындарынан өзгертуі. Со--
нымен қатар, ісіктің жайылуын
анықтауда УЗИ мен Ком--
пютерлі және магнитті резонанс томографиясы шешуші
рол атқарады. Бұл зерттеулерден ісіктің толық құрылысын,
зақымдаған аймағы мен оның жанындағы тіндермен,
ағзалармен байланысын көруге болады. Нейробластоманың
негізгі белгісі – тұздардың
(
кальцификаттардың)
рентген
суреттерінде, ісіктің ортаңғы бөліктерінде «ақтаңылтақ»
болып көрінеді.
Нейробластома ерте
метастаз ошақтарын
беретінін
жоғарыда айтқанымыздай,
кейде осы метастаз ошақтары
арқылы, ісікті – анықтауға тура келеді. Метастаз ошақтары
негізінен көзайналасындағы сүйектерді және түтікше
сүйектердің метафиз бөліктерін зақымдайды. Қаңқа
сүйектеріне шапқан метастаздардан ауру сезімі күшейеді.
Егер ісік ошақтары аяқ сүйектерінде болса, ауру сезімі
өте күшті болғандықтан, бала жүруден қалады. Ал
көздің
айналасындағы метастаз ошақтарынан, олардың жан-
жақтары ісініп, көздің қабақтары салбырап (птоз), қанталауы
байқалады. Ауруды толық анықтау жолында міндетті түрде
гистологиялық (оны жасай алмаған жағдайда) цитологиялық
верификация қажет. Баланы мұқият тексеру үстінде, оның
іш құрылысының пішініне, мөлшеріне көңіл аудару қажет.
Ішті сипау арқылы зерттеу кезінде, іштің ортаңғы бөлігіне
жақын орналасқан, тығыз, аса қозғалмайтын, майда кедір-
бұдырлы ісікті сезінуге болады. Ісіктің көлемі үлкен бо--
лып, оның жанындағы ағзаларды әсіресе қақпа мен төменгі
көк қолқа тамырларын қысуынан шеменнің пайда болуы,
аурудың
хәлін нашарлатып қана қоймай, ауру көрінісін
басқа жаққа бұрып-шатастыруы, науқасты мұқият зерттеу
керек екенін талап етеді.
Емдеу тәсілдері
Нейробластоманы емдеу комплексті, яғни бірін-бірі
толықтырып отыратын хирургиялық, сәуле түсіру және хи--