198
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Шеткі
қан сараптауында
; – қаназдылық (балалардың
бет - келбеттері боп-боз ақ қағазға ұқсайды), гемоглабин
саны 50-60г/л-ге дейін төмендейді және ЭТЖ-ң жылдамдығы
артады 30-60 мм/сағ.
Лабораториялық сараптамаларды
зерттеу кезінде қан
мен зәр құрамындағы катехоламиндер мен оның метаболит--
тері мөлшерінің жоғарылағанын анықтауға болады. Мыса--
лы: 1) қан сараптамасында – Энолазаның, Ферриттиннің,
Ганглиосайд мөлшерінің
ұлғайғандарын байқасақ; 2) зәр
сараптамасын радиоиммунологиялық зерттеу арқылы
–
норэпинефрин, ваниллилмандел қышқылын (ВМК), го--
маванил қышқылын (ГВК) және Допаминді (шеткі қаннан
да анықтауға болады) анықтаймыз. Бұл метаболиттердің
көрінуі ісіктің болжамына әсер етеді. Американдық ғалым
Evans (1987): «ферритин» мөлшері ісіктің болжамына көп
әсер етеді.
Ол, мұны үш топқа бөліп көрсетеді:
1) Болжамы жақсы топ – науқастың жасы 2 ге
дей--
ін болып, ферритин мөлшері қалыпты жағдайда болған
науқастардың 2 жылдық өмір сүру ұзақтығы – 93% болса;
2) Аралықты топ – науқастың жасы 2
немесе одан
жоғары болып, ферритин мөлшері қалыпты жағдайда болған
науқастардың 2 жылдық өмір сүру ұзақтығы – 58% ;
3) Болжамы нашар топ – ферритин мөлшері жоғары
болған науқастардың 2 жылдық өмір сүру ұзақтығы – 19%
болды.
Катехоламиндердің қанға бөлінуінен, дене қызуы мен
артериялық қысымның көтерілуі, тершеңдік, тері беттерінің
бозаруы және бастың ауру сезімі байқалады. Сонымен бір--
ге, міндетті түрде кеуде төсі мен жамбас сүйегіне трепано--
пункция жасау арқылы цитологиялық зерттеу жүргізу, сүйек
кемігінен симпатогони мен
симпатобласт жасушаларын
анықтауға мүмкіндік береді.