238
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
жалпы медициналық сеттегі дәрігерлердің «онкологиялық
қырағылық – күдіктің» төмендігі мен балалардағы жұмсақ
тін ісіктерінің негізгі
белгілерін білмеуінен бөлек, бұл
ісіктердің де өте жиі кездеспеуінен, соған орай дәрігерлердің
оны бұрын кездестірмегендігінен тәжерибесінің жоқтығынан
туындайтын жағдай. Сондықтан,
қандайда болмасын ісін--
ген, тығыздау келген, ауру сезімі жоқ болса да өсінді-ісікті
байқаған жағдайда (мейлі ол жарақаттан кейін, ұрып-соғып
алғаннан кейін пайда болып, 2-3 ай бойы басылмай, қайта
өсіп жатқан болса), оларды мұқият тексерген жөн.
– жалпы қан сараптамасында басында ешқандай
өзгерістер болмауы мүмкін, бірақ кейіннен қаназдылық бел--
гілерімен қатар
ЭТЖ-ң ұлғайғанын байқаймыз;
– зәр сараптамасында, егер ісік қуықтан шыққан болса,
зәр құрамында лейкоциттер мен эритроциттер саны ісіктің
алғашқы
сатыларында-ақ ұлғаяды;
– білініп, ісініп тұрған жерге пунциондық биопсия жа--
сау арқылы патоморфологиялық тесерумен қатар жоғарыда
айтылған (УДЗ, рентген, КТ, МРТ, радионуклейдті тексеру,
иммуногисто-химиялық сараптама т.б.-лар ).
Рентгенологиялық зертеу. Жай рентген арқылы ісіктің
жалпы көлемін, көлеңкесін көрумен қатар, оның жанындағы
сүйекке деген қатынасын (өскен-өспегендігін) байқаймыз.
Содан кейін, міндетті түрде ангиография, вазография
арқылы ісіктің толық көлемімен бірге жанындағы тіндерге
деген ісіктің қарым-қатынасын
және негізгі қан тамырла--
рына өскен-өспегендігін анықтау қажет. Мұның себебі, осы
арқылы хирургиялық емнің бағыты айқындалады.
Радионуклейдті зерттеу арқылы да ісіктің негізгі
зақымдаған, шыққан орнын, аумағын, метастаз ошақтарын
анықтауымызға болады. Радиофармпрепараттарына (РФП)
67
Ga - цитрат пен Tc
99
–m қолданылады. РМС анықтауда ради--
онуклейдті зерттеудің нәтижесі 85-90% дейін анықтайды.