Онкологиясы


Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет148/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері
2) операциядан алынған ісіктің тінітексеру кезіндегі, 
ісік ошағында қалып кеткен ісіктің бөліктерін өлтіру;
РМС –да берілетін БСМ 30-60 Гр-ге дейін 3-6 аптада, 
яғни аптасына 5 рет 2 Гр-ден беріледі. Операция алдында, 
алынатын ісікке берілетін БСМ 30 Гр, ал операциядан кейін 
ісіктің толық алынған түрінде 40-45 Гр, 50 Гр – егер ісік жа--
сушалары операциядан кейін, кесілген тіндердің жағасында 
микро түрінде қалған деп гистологиядан дәлелденсе, жаса--
лынады. Ал, тек қана сәуле терапиясы қолданылатын болса, 
БСМ 55-60 Гр – дейін жеткізілгені жөн.
АНГИОСАРКОМА 
Ангиосаркома – қан тамырларынан шығатын қатерлі 
ісіктің түрі. Балаларда, негізінен бас пен мойын айналасын--
да кездескенімен, дененің кез-келген жерінен, әсіресе қол-
аяқ бөліктерінен жиі шығады. Ісіктің бастау алған жасуша--
ларына байланысты гистологиялық гемангиоэндотелиома, 
гемангиоперицитома деген түрлері кездеседі. 
Ангиосаркома көпке дейін білінбей, ешқандай белгі--
сіз, ауру сезімінсіз өседі. Белгілі бір дәрежеге жеткен кез--
де ғана, ісіктің шыққан жері көгеріңкі болып (ұрып алғанға 
ұқсайды, кейде науқастар оны жарақаттарымен байланы--
стырады) білініп, ісіне бастайды. Бірақ, ісікке тән ауру се--
зімі болмаса т.б. да белгілер аурудың алғашқы сатысында 
байқалмайды. Қандай да бір белгілердің басталуы ісіктің 
көлеміне, оның шыққан жеріне, яғни қасындағы ағзаларды, 
тіндерді қысуынан туындайды. Ісіктің осы кезін, яғни ісі--
ніп, көгеріп тұрған жерді көрген (еш белгісіз пайда болған 
ісік) жалпы сеттегі дәрігерлер – оны гематомамен, липома--
мен, жарақаттың кейбір түрлерімен шатастырып жатады. 
Кейбіреулері оған, операция амалдарын жасап, яғни ісінген 
жерді кесіп, ешнәрсе таба алмай, ісіктің өршуіне, тарауына, 
асқынуларына жол береді.


246


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет