Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет178/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
емделді. 
Катеринадан Юинг саркомасының үшінші түрі, яғни 
ісіктің “белгісіз” ағымы анықталды.
Егер ісік жамбас сүйегінде орналасса, көпке дейін бі--
лінбеуі мүмкін, одан бала ойда-жоқта ақсаңдай бастайды
ал ауру сезімі қосылып қинағанша бала да оның ата-анасы 
да хабарсыз жүре беруі мүмкін. Сонымен қатар, ісік жамбас 
сүйегінен басталса, ауру сезімі алғашқыда басқа жерден, 
яғни аяқтың төменгі бөліктерінен берілуі мүмкін де, ісікті 
дер кезінде анықтаудан шатастырып, рентген суретін сол 
ауру сезіміне шағымданған жерге түсіртеді. Яғни, ісіктің 
жалпақ сүйектерден басталуы, оның уақтылы анықталуын 
кешеулетіп қана қоймай, басқа аурулармен шатастыруына 
әкеледі. Сондықтан, мұқият тексеру үстінде, ісініп қолға 
білінетін – тығыз, қозғалмайтын, сипау кезінде ауру сезі--
мі күшейетін, сол зақымданған ортаның жергілікті қызуын 
және тері асты қантамырларының шоғырлануын байқауға 
болады.
– Шеткі қан сараптамасында, алғашында салыстырмалы 
лейкоцитоз бен орташа ЭТЖ-нің жылдамдауын көрсек, ісік 
өсуімен ЭТЖ-нің 50-60 мм/с-дейін көтерілуін анықтаймыз. 
Зәр анализінде ешқандай өзгеріс болмайды.
Метастаз ошақтарын беру жолдары:
Юинг саркомасы да метастаз ошақтарын гемотогенді 
және лимфогенді жолмен береді.
Лимфогенді жолмен
– аймақтық лимфа түйіндерін 
зақымдаса;
Гематогенді жолмен
- өкпеге (38%), қаңқа сүйегінің 
кез-келген бөлігіне (31%), сүйек кемігіне (11%), бас миына 
(3-6%), және т.б ағзаларға беруі ықтимал (Araі Y., Kun L.E., 
Brooks M.T., 1991). 
Өкпедегі бөгелме ісік ошақтары біреу немесе бірнешеу 
болып және олардың мөлшерлері де әртүрлі 1,0-3,0 см дей--


293
Сүйектің қатерлі ісіктері
ін, сонымен қатар метастаз ошақтары өкпенің екі жағында 
да болуы мүмкін. Метастаз ошақтары – басқа ісіктердегі 
(остеогендІ саркома, жұмсақ қатерлі ісіктер, Вилмс ісігін--
дегі) ісік ошақтарынан айырмашылығы жоқ. Сүйек тініне 
берілген метастаз ошақтары сүйекті кеміріп – жеп, бірінші--
лік сүйек ісігіне ұқсауы да мүмкін. Ал, құрсақ қуысындағы 
ағзаларда (бауыр, бүйрек, ұрық бездері, жұмсақ тіндерде) 
метастаз сирек кездеседі.
Ісіктің қаңқа сүйектеріне шабатын (метастаз) кезін--
де, науқаста ревматизм ауруына тән «ұшпалы» ауру сезімі 
болады. Яғни, науқас қол-аяқ сүйектерінің ауырғандарына 
мазаланады. Ауру сезімі «ұшып-қонып» біресе сол қолды, 
сәлден кейін оң қолды (одан аяқ сүйектеріне және т.б) өтіп 
ауыр-тады, ауру сезімі – сүйекті қақсатып, кеміріп жатқандай 
болып білінеді.
Сүйектің қатты ауырғанынан, егер аяқ сүйегіне өткен 
болса, науқас аяғын баса алмай, ыңғайлы жер іздей бастай--
ды. Бірақ, бұл «ұшпалы» ауру сезімі уақытша, өзіне әлсіз, 
көнетін, яғни метастаз ошағын беру үшін іздеген сүйегін 
тапқанға дейінгі уақытты алады.
 Сурет – 36. Сол жақ асықты жіліктің Юинг саркомасы
 а) 1 курстық химиотерапиядан кейінгі көрініс
 б) кешенді емнен кейінгі көрінісі


294


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет