Сүйектің қатерлі ісіктері дұрыс еместігімен ерекшелінеді. Ал жалпақ сүйектерде ісік
ошағының мөлшерлері үлкен, сонымен қатар деструкция
ошағы мен сақталған сүйек пластинкаларын байқауға бола--
ды. Сүйектің кортикалды қабатындағы инфильтрация оның,
яғни сүйек қабығының аршылуына, одан сол жердегі қан
айналуының бұзылуынан сүйектің “секвестр” түзеуіне жол
береді. Ал кейде ісіктің баяу жүруінен зақымданған сүйек
тінінің “қалыңдағанын” көреміз.
1. Деструктивті үрдісі – эндо- және периосталды
сүйек түзуімен қатар көрінеді.
2. Реактивті сүйек түзу үрдісі – жалпақ сүйектерге
және қабырға мен түтікше сүйектердің метафизіне тән.
3. Диффузды склероз үрдісі – жауырын, жамбас,
қабырға сүйектерінде – жұмсақ тіндерінің ісіну белгісінсіз
және периосталдық реакцияның болмауымен де байқалуы
мүмкін.
Ісікке омыртқа сүйегі ұшыраса оның реактивті скле--
розсыз жартылай немесе толық компрессиясымен көрінеді.
Жартылай компрессиялық көрінісінде – омыртқа денесінде
деструкция және склероз ошақтары бірге байқалады. Ісіктің
сүйек қабы астына өтуі – көп қабатты түзу сызықты және спи--
кула тәріздес периосталдық реакция түзуіне әкеледі. Юинг
саркомасының басқа ісіктерден ерекшелігі спикулаларының
бойы мен қалыңдығының бірдей болуы, бұл белгі басқа
ісіктерде қайталанбайды. Ал ісіктің сүйек қабын жыртып,
өтуі - рентген суретінде периосталды “козырек” белгісін
көрсетеді. Юинг саркомасында жұмсақ тіннің ісіну мөлшері
өте үлкендігімен байқалады.
Әрине, диагозды толық қоюға жоғарыда айтылған
әдістерден бөлек патоморфологиялық тексеріс қажет. Ол да,
барлық ісіктерге тән екі түрлі верификациялау әдісімен: пунк--
ционды немесе инцизионды биопсия арқылы цитологиялық
болмаса гистологиялық сараптамадан кейін қойылады.