БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
гемоглобиннің төмендеуі, анизоцитоз, пойкилоцитоз, ней--
трофилез, лимфопения, гиповолемия, ретикулоэндо-телиал--
ды жасушаларының көбеюі, гранулоцитарлы және эритройд--
ты өскін жасушаларының жетілуі, плазма фибриногенінің
гепаринге толеранттылығының төмендеуі, плазманың
фибринолитикалық белсенділігінің төмендеуі, ЭТЖ-ң
жылдамдауы, ішкі мүшелердің зақымдануы (тахикардия,
аритмия, АҚ жоғарылауы, асқазан мен ұйқы безінің функ--
циональды белсенділігінің төмендеуі, бауырдың мөлшері
мен консистенциясының өзгеруі, гиперхолестеринемия,
гипербилирубинемия, трансаминазалар белсенділігінің
жоғарылауы, бүйректің зәр шығару қызметінің және зәрді
араластыруының төмендеуі, альбуминурия, цилиндрурия,
гематутия, пиурия); жалпысоматикалық (жалпы әлсіздік,
тері бетінің бозғылттығы, дене қызуының жоғарылауы
т.б) қатерлі ісіктермен қатар жүретін осы барлық белгілер,
көріністер, балаларда гомеостазды реттеудің қаншалықты
қиын екенін көрсетеді.
е) қатерлі ісіктердің сәуле терапиясына жоғары
сезімталдығы. Ересектермен салыстырғанда балалар
сәулелік емге өте сезімтал. Кейбір балалардағы қатерлі ісік--
терді бір ғана сәулелік еммен емдеуге болады, ал негізі - ке--
шенді емнің құрамы болады, сонымен қатар балаларға ион--
даушы сәуленің зақымдаушы әсерін де ескеру керек.
ж) Сәулелік терапияның негізгі қасиеті ісік
жасушасының құрылысы мен ДНК-н бұзып, олардың ары
қарай бөлінуін тоқтатып, ісік жасушасын өлтіреді. Сәуле те--
рапиясы кешенді ем бөлігі. Сәулелендіру балаларда өте көп
асқынулар шақыруы мүмкін, өйткені радиолог әлі толық
дамымаған, тез өсетін және лабильді организммен жұмыс
істейді. Сәулемен емдеу барысында, соның әсерінен бір--
ден қан түзудің тежелуі пайда болуы мүмкін, ол құсумен,
тәбетінің төмендеуімен көрінеді, сондықтан емді кейде
тоқтату қажет болады. Ересектермен салыстырғанда лейко--
|