Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет117/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

1. Симпатоганиома
– негізінен бүйрек үсті безінің 
милы қабатынан шығады. Ісік кескінсіз, үлкен пішінді 
бездерден құралады. Олардың тығыздығы қатты, кейде 
ортасының жұмсақ болуы ықтимал. Ісік жан-жағындағы 
ағзалар мен тоқымаларға ене өсетін, өте нәзік дәнекер 
тоқымалы кабықшадан тұрады. Симпатогонии жақсы бо--
ялатын, гиперхромды ядролы, жалған розеткалар түзетін, 
жұқа протоплазмамен қоршалған, жиі қан тамырларына ене 
өсетін ісік.
2. Симпатобластома 
– симпатикалық параганглиден 
кейде бүйрек үсті бездің милы қабатынан шығатын ісіктің 
жетілген түрі. Ісік ірі және кедір-бұдырлы түйіндерден 
құралып, өте тығыз дәнекер қабықпен қоршалған. Ол со--
нымен қатар жанындағы тіндерге ене өсіп, қан тамырла--
рын муфті тәрізді қоршап алады. Бірақ қан тамырларының 
ішіне қарай өспейді. Симпатобластома- симпатогоноиомаға 
қарағанда өліеттену (некроз) мен қан құю ошақтарының 
көбімен, ал кейде тіндерге шашыраған майда ақ дән тәрізді 
ошақтармен көрінеді. Гистологиялық тексеруде өте же--
тілген, симпатобластомалармен анықталады. Ол өте ірі
ашық ядромен бірге торшаланған хроматиннен және жақсы 
байқалатын ядрошықтан тұрады. Протоплазма ядроны кең 
белбеу тәрізді қоршап жатады. Өліеттену ошақтарында ірі 
және майда әктелген аймақтары бар.
3. Ганглионейробластома
 
– жетілмеген ганглионеври--
номадан, параганглиден өседі. Негізінен тегіс немесе кедір-
бұдырлы беткейлі, үлкен өлшемді, бірнеше тығыз бездер--
ден тұрады. Ісікті жұқа дәнекерлі қабықша қаптаған, бірқ 
жанындағы тіндер мен қан тамырларына қарай өспейді. 
Негізгі құрамасы ашық ядролы, протоплазмалы жұқа, анық 
сызылған ганглиозды жасуша болып табылады.


194
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
4. Ганглионеврома
– жетілген ганглиозды жасушадан 
тұратын, өзінің табиғаты жағынан ісіктің қатерсіз түрі. Ke--
mshead et al (1989) айтуынша барлық ганглионевромалар 
жетіліп, піскен нейробластомалар, яғни бір түрден екіншіге 
ауысқан түрі. Олар тезарада әктеліп тұзға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет