Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет118/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Клиникалық көрінісі
Нейробластоманың алғаш пайда болғандағы белгіле--
рі барлық балалар ауруларында кездесетін белгілерге тән, 
болады. Ісік өсіп-ұлғайып, белгілі бір көлемге жеткенше
яғни жанындағы ағзалар мен тіндерді ығыстырып-қысып, 
солардың қызметіне әсерін бергенше, оны толық анықтау 
өте қиынға соғады. Болмаса ерте метастаз ошақтарын бе--
ріп, сол арқылы белгілі болмаса, балалар ісікпен көп жүріп 
қалып, дәрігерлерге әбден хәлі нашарлаған кезде келеді. 
Симпатикалық жүйке жүйесі ісігінің клиникалық ағымы 
оның шыққан орнына, көлемі мен жетілу дәрежесіне, соны--
мен қатар гормоналды белсенділігіне байланысты көрінеді.
Ісіктің бас пен мойын айналасынан шығуынан – Гор--
нер синдромын (миоз, птоз, энофтальм, ангидроз) және 
мойын айналасынан көзге көрінетін, қолға сипалатын ісік--
ті көреміз; ісік егер, көкірек қуысынан басталатын болса
онда белгілі бір мөлшемге келіп, қасындағы өкпе тінін қыса 
бастағанынан – демалу үрдісіне әсерін тигізетінін байқаймыз. 
Ісік омыртқадан шығатын болса, онда олардың тесігінен өту 
арқылы «жұлынды» қысуынан, аяқ-қолдарының баяу семуі 
(вялый паралич) байқалса; кіші жамбас қуысынан шығуы 
осында орналасқан ағзаларды қысуынан – қуықтың толып, 
бірақ зәрді шығаруда қиындықтар болғандықтан рентген су--
ретінде ісік – «гантель немесе құм сағаты» тәрізді белгімен 
сипатталады. Ісік метастаз берген жағдайда, бірінші бауыр 
ісініп, ұлғайып, теріде «көгілдір-бозғылт» түсті түйіндер 
пайда болады. Кейде, ісіктің белгілері лейкоздың белгіле--


195
Құрсақ қуысы артында кездесетін қатерлі ісіктер
ріне де өте ұқсас келеді. Ісіктің тез арада сүйек кемігіне ме--
тастаз беруі, оның сүйектің ауру сезімімен қоса: қарқымды 
қаназдылық, кілегей қабатынадағы және тері астынан бола--
тын қан ағулар, қандағы жасушалар мөлшерінің төмендеуі, 
яғни панцитопенияға әкеледі. Міне осы белгілерді сараптай, 
мұқият зерттеу үстінде клиникалық көрінісінің үш топты 
белгілерден құралатынын байқауға болады.
Бірінші топты жергілікті белгілер
құрайды. Оған, 
құрсақ қуысы арты және көкірекаралық, мойын омыртқа 
айналасында, жамбас қуысында орналасқан ісіктердің 
жанындағы ағзалар мен тіндерді қысуынан және соларға 
ене өсіп, олардың қызметіне әсер етулерінен пайда болатын 
белгілер жатады (ауру сезімі, іш және мойын көлемдерінің 
үлкеюі, ентігу, ауа жетпеу, жүрек соғысының жиілеуі
шеменнің (асцит) пайда болуы, Горнер синдромы, іш тері 
беті қан тамырларының торшаланып көрінуі т.б.)
.
Екінші топқа – ісіктің қатерлілігіне 
байланысты 
байқалатын жалпы сипаттағы белгілер кіреді (әлсіздік, 
баланың тез шаршауы, тәбетінің төмендеуі, қаназдылық, 
тері бетінің бозаруы, дене қызуының көтерілуі, лоқсу - құсу, 
баланың азуы мен тершеңдігі т.с.с.). 
Үшінші топқа – гормон белсенділігіне
байланысты 
туындайтын белгілер жатады (артериялық қысымның 
жоғарылауы, бастың қатты ауруы, баланың іші өтуі - диарея 
т.б.).
Жоғарыда айтылғандай, ісік белгілі бір мөлшерге дейін 
белгісіз өсуі мүмкін. Екіншіден, оның негізгі белгілерінің 
балаларда кездесетін басқа да ауруларға тән болуы, баланың 
дәрігерге кеш қаралуына, немесе басқа диагнозбен көп 
уақыт тексеріліп, емделіп жүріп қалуына апарады.
Құрсақ қуысы арты аймағындағы ісіктер жиі 
іштің жоғарғы бөлігінде орналасады. ұлғайған ісіктің
омыртқаның екі жағында бірдей орналасуы, оның қабырға 


196


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет